"Түстер әлемі" тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Түстер әлемі" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Заттардың түстерін көріп қабылдауды дамыту. Негізгі түстерді салыстара отырып, ажырату, жұбын табу.Балалардың ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Балалардың коммуникативтік - ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой - түйсігін, қиялын дамыту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Түстер әлемі»

Мақсаты: Заттардың түстерін көріп қабылдауды дамыту. Негізгі түстерді салыстара отырып, ажырату, жұбын табу.Балалардың ойлау қабілеттерін, зейіндерін дамыту. Балалардың коммуникативтік - ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой - түйсігін, қиялын дамыту.

Әдіс-тәсілі:

Ойын-сабақ, сұрақ-жауап, әңгімелесу

Көрнекіліктер:

Қатты қағаздан жасалған доптар, машиналар, қолғаптар, фетр кілемшелер, түрлі – түсті таяқшалар, ыдыс, ленталар, қыстырғыштар.

Ұйымдастыру барысы:

Педагог баламен сәлемдеседі.

- Бүгін біздің сабағымызға қонақ келді. Бұл Жас суретші.

Ол бізді түстер әлемімен таныстырып өтеді.

- Қарашы, ол бізге сурет салып келіпті. Бұл не?

- Шар

- Шар қандай? (қызыл).

- Ал бізде қызыл түсті не бар?

- Ал мынау не? ... (осы түрде сары, көк, жасыл түстерімен танысу).  Сұрақтар қою арқылы нақты түстер жайлы ұғымдарын меңгерту. ойлау қабілетін кеңейту.

Қажетті құралдар: фетрден кілемдер, қатты қағаздан жасалған доптар мен машиналар.

Ойын барысы: Балаға алдын ала дайындалған заттар мен түрлі- түсті қағаздан немесе фетрден кілемдерді салыстыра отырып, оларды бір – бірінен ажырату және сәйкестендіру ұсынылады. Алдымен мұғалім көрнекі түрде мысал көрсетеді.

- Мына кілемдеріміздің түсі қандай? (сары, жасыл, қызыл,көк)

- Балақай, ал мына қораптың ішінде не бар екенін көрейікші.

Педагог қораптан қатты қағаздан жасалған доптар мен машиналарды шығарып, олардың әрқайсысын өз түсіне ұқсаc кілемге қоюды өтінеді.

- Мына доптың түсі қандай?

- Баланың жауабы

- Ал машинаның түсі ше?

- Баланың жауабы

Тапсырманы орындап болған соң баланың назарын түрлі – түсті пішіндегі машина гараждарына аударады. Балаға түстеріне байланысты әр көлікті өз гараждарына орналастыру талап етіледі.

Ойын: Сәйкесін тап

Қажетті құралдар: түрлі – түсті таяқшалар мен ыдыс

Ойын барысы: Педагог балаға бетінде төрт түсі бар ыдыс пен түрлі – түсті таяқшаларды ұсынады. Бала таяқшаларды түсіне қарай салуы тиіс.

Тапсырма орындалып болған соң, шашылған қолғаптарды түсі мен жұбына қарай жинауға көмек беруін сұрайды.


   



Суретті боя

Қажетті құралдар: Түссіз сурет және түрлі – түсті қаламдар

Ойын барысы: Бала боялмаған түссіз сурет ұсынылады. Суретті бояу барысында баладан заттардың түстерін сұрау арқылы немесе білмеген жағдайда нұсқау бере отырып, әр бөлігін қажетті түстерге бояйды. Мысалы, - Жапырақтың түсі қандай болады?

- Күннің түсі қандай?

Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

  • Жарайсын, тапсырманы жақсы орындадың.

Сергіту сәті

Сары,жасыл,қызыл көк гүлдер,

Бұл недеген көп гүлдер.

Теріп,теріп алайық,

Қонақтарға сыйлайық.



Ұсақ қол маторикасын дамыту:

Ленталарға қыстырғыштарды түсі бойынша қыстыру.

Қорытынды: Баланы мақтау, мадақтау. Өтілген тақырыпты қорытындылау.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.06.2022
1477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі