Садекова Айгуль
Бақытқызы
Алматы қаласы
№97 б/балабақшасының педагог
психологі
Тақырыбы: «Түстер және көңіл күй».
Мақсаты: Түстерді пайдалана балалардың көңіл-күйлерін көтеру және
байқағыштық қабілеттерін арттыру. Жабдықтар: Түстер
үлгілері, кеме суреті және түрлі түсті доп.
Әдіс-тәсілдер:Түстер терапиясы. Ойын түрінде.
Сөздік жұмыс:көңіл-күй,елестету
Полингвалды компонент:түстер-цвета-colors
Оқу –қызметтің барысы:
Психолог:Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Психолог:
-
Мен сендермен тағыда кездескеніме өте
қуаныштымын.Ал,қане,бәріміз қолымыздан ұстап,дөңгелене шаттық
шеңберін құрайық.
-
Онда балалар :
Мына сұлу әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді.
Психолог:
-
Балалар,ыңғайланып,жайғасып орындарымызға
отырамыз.
-
Балалар, бүгін біздер түрлі-түстер әлеміне саяхат жасаймыз.
Ол үшін бізге үлкен кеме қажет болады.Көзімізді жұмып бәріміз
кемені елестетеміз.Сол кемеге бәріміз мініп өздеріңе ұнаған
орындарыңа отырсаңдар болады.Ондай болса саяхат жасауға дайынсыңдар
ма?
-
Уақытты көп создырмай саяхатқа аттанайық. /1-2мин/
(А.Вивальди «Шторм» музыкасы)қойылады.
-
Көздерімізді жай мен ашамыз.Балалар сендер алдарыңда қандай
түстерді көріп отырсыңдар?
-
Түстердің атын атап шығайықшы.
-
Қандай түстерді білеміз?
Балалар:қызыл,жасыл,көк,жасыл қоңыр,қара,ақ,сары т.б.
Психолог:
-
Осы аталған түстердің біздің көңіл-күйімізге әсері бар
ма?Қандай түстер бізге жайлылық сыйлайды?Балалар бізді қоршаған
әлемнің бәрі түрлі-түсті бояаулардан тұрады екен иә?
-
Қандай түстер тыныштандырады?
-
Қандай түстер көңіл-күйімізді түсіреді?
-
Қандай түстер тәбетімізді ашады?
-
Қандай түстер жақсы көңіл-күй сыйлайды?
Түсті қағаздарды көрсете отырып,бояулар қалай
әсер ететінін балалармен бірге талдау.
Балалар:қызыл,сары,сарғылт,ашық жасыл,ашық көк түстері
жатады.
Психолог: -Ал,көңілсіз түстер?
Балалар: -қара,сұр,қоңыр,қою көк .
Психолог:
-
Балалар сендер түстер арқылы көңіл-күйді көтеруге болатынын
білдіңдер бүгін.Біздің уақытымыз аяқталып қалыпты,біз балабақшаға
қайта оралуымыз керек,ондай болса бәріміз көздерімізді жұмамыз да
1-2 мин музыка тыңдаймыз...А.Вивальди «Шторм»музыкасын тыңдау.
Көзімізді жаймен ашамыз.
Сергіту сәті:
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін-еркін тыныста.
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Ұшбұрыш сыз ауада,
Оң қолың да,бос тұрмасын.
Шеңбер жасап зырласын.

Балалар:- Түстерді ажырата білуді.
Психолог:
Жүректен-жүрекке. Балалармен бірге шеңбер құрып,бір-біріне күн шапақтарына
қарап ризашылығымызды білдірейік.
Балалар: Ризамыз өткен күнге,
Ризамыз келер күнге.
Ризамыз бұл өмірге.
Ризамыз осы күнге!!!
Күтілетін нәтижелер:
Біледі: Түстерді ажыратуды
Игереді:.
Түстердің көңіл-күйге әсер ететінін.
Меңгереді:Түстерді бір-бірімен үйлестіруді.