400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Түстер мен пішіндер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың түстер мен пішіндер туралы білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Геометриялық фигуралардың ерекшеліктерімен және оларды қолдана отырып, құрастыруды бекіту. Балалардың зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды ұқыптылыққа, өзара көмектесуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру дағдысы : Таным, шығармашылық, қатынас.

Бөлімі: Құрастыру, математика негіздері, тіл дамыту.

Тақырыбы: «Түстер мен пішіндер»

Мақсаты: Балалардың түстер мен пішіндер туралы білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Геометриялық фигуралардың ерекшеліктерімен және оларды қолдана отырып, құрастыруды бекіту.

Балалардың зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Балаларды ұқыптылыққа, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекіліктер: презентация, геометриялық пішіндер, түстер, үлгі суреттер.

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің барысы.

.Шаттық шенбері.

Сәлем!-дейміз достарға.

Сәлем!-дейміз апайға.

Сәлем!-дейміз құстарға .

Сәлем!-дейміз аңдарға.

Балалар шаттық шеңберді бірге орындайды.


- Балалар, бүгін бізге қонаққа саяхатшы Даша келді. Онымен амандасып алайық.

Даша: -Жұлдыздарды қу түлкі жинап алып, тығып тастады. Егер біз жұлдыздарды қайтарып алғамыз келсе, онда оның тапсырмаларын орындауымыз керек. Сендер дайынсыңдар ма?


1 тапсырма «Түстерді ата»

Шарты: Суреттерге қарап, олардың атауларын атай отырып, түстерін атау.

Балапан- сары, жұмсақ.

Алма-қызыл, дәмді, дөңгелек.

Бұлт-көк,аспанда болады.

Бақа-жасыл, көлде, өзенде өмір сүреді.

Қане балалар бақа туралы қандай жаттығу білеміз?

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір терсек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

Қарауылға көп қарап,

Көзім содан тостақ.

- осы тапсырманы дұрыс орындаған үшін, түлкі бізге жұлдыздардың біразын қайтарып берді.


2 тапсырма: «Пішіндерді ата»

Шарты: Берілген жануарлардың көлеңкесіне қарап, жануарды табу, төлін атап, қалай дыбыстайтындарын айту. Әр табылған жануардың артында пішін жасырылған соларды тауып, атау.

Сиыр – мөңірейді, төлі – бұзау. (шаршы)

Жылқы- кісінейді, төлі- құлын.(дөңгелек)

Ит- үреді, баласы- күшік.(үшбұрыш)

Мысық- маяулайды, баласы – марғау. (төртбұрыш)


Сергіту сәті.

«Аяқпенен топ-топ-топ».


3 тапсырма: «Кім жылдам?»

Шарты: шашылып жатқан пішіндерді бірдей жинау (дөңгелектерді-дөңгелектерге, үшбұрыштарды-үшбұрыштарға, шаршыларды-шаршыларға). Пішіндерді түстеріне қарай жинау.

Осы тапсырмадан кейін 5 жұлдызды жапсыру.


4 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер»

Шарты: берілген кестелерге қарап, пішіндерді таңдап, олардан әр түрлі заттар құрастыру.

Балалардан құрастырған заттарын, олр қандай пішіннен жасалғанын, олардың түстері туралы жеке- жеке сұрау.

Осы тапсырмадан кейін 5 жұлдыз жапсыру

- Балалар, біз Дашаға барлық жұлдыздарды тауып бердік. Ал енді Дашамен қоштасайық.

Балалардан сұрақ-жауап арқылы не істегендерін сұрастыру.







































МКҚК №8«Тұлпар» бөбекжай-балабаөшасы







Математика негіздері

«Түстер мен пішіндер»









Тәрбиеші :Султангалиева Н.Ж





































2023-2023 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
154
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі