Материалдар / Түстер психологиясы. Киім түсі адамға қалай әсер етеді?
Аттестацияға арналған Педагогтердің портфолиосын бағалау парағы
ДАЙЫН МАТЕРИАЛДАРДЫ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!
Жүктеп алу
МАТЕРИАЛДЫ ТЕГІН ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ!

Түстер психологиясы. Киім түсі адамға қалай әсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша педагогтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Маусым 2018
795
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түстер психологиясы. Киім түсі адамға қалай әсер етеді?

Түрлі-түсті киімдердің адамның өзіне, басқа адамдарға қандай әсері бар? Кез келген психолог, адамның қандай түс таңдағанына байланысты ол жайлы көптеген мәліметтер айта алады. Ал өзіміз қандай да бір түсті киім таңдап, көңіл-күйімізге, шешім шығару мен келіссөздің сәтті қабылдануына әсер ете аламыз ба? 

1. Күлгін түс Егер сіз біреумен келісім шарт жасаспақ оймен кездесуге бармақ болсаңыз, күлгін түсті таңдаңыз. Психологтардың айтуынша, бұл түс адамға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар, өміріңіздегі қиын-қыстау кезеңдерде, басыңыз жиі ауырғанда, ұйқысыздық орын алғанда сабырлы болуға көмектеседі. Ал шығармашылық адамдарға қиял әлеміне шомып, фантазиялар мен бейнелердің дүниеге келуіне ықпал етеді. Бірақ әр нәрсенің жақсы мен жаманы бар сияқты, күлгін қара түсті шамадан тыс көп пайдалану күйзеліске ұшыратып, жалғыздық сезімін еселендіре түспек. Әсіресе, интерьерде күлгін түсті көп пайдаланудың қажеті жоқ. Оның орнына сарғыш күлгінге таңдау жасаңыз.

2. Алқызыл түс Биязылық пен жылылық түсі. Бұл түс позитивті ойлау мен жақсылыққа ұмтылуға шақырады. Әңгімелесушілер арасындағы ұяңдықты жояды. Кейбір кезде тіпті шаттық сезімге бөлейді. Өмірді позитивті қабылдау негізі балалық шақпен байланыста жатыр. Интерьерде қолданылған алқызыл түс тыныштандыратын қасиетке ие. Кері әсері: бұл түс біздің назарымызды босаңсытып, өмірге шынайы көзқараспен қарауға кедергі келтіреді. Шешім қабылдаудан қашуға итермелейді. Алқызыл түстің көптігі физикалық әлсіздікке душар етеді және де алқызыл түсті тәттілер дәмдірек деген пікір қалыптастырады.

3. Қоңыр түс Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды. Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді.

4. Қызыл түс Егер қоғамның назары сізде, ал пікір сіз жайлы болғанын іштей қаласаңыз, онда бейсаналы түре осы қызыл түсті таңдайсыз. Толыққанды сезімді қалайсыз. Белсенділік пен өмірге құштарлықты арттырады. Көшбасшылыққа ұмыталдырады. Өз құқығыңыздың тапталмауына барыңызды саласыз. Кері әсері: Басқыншылық сезімі мен қозу, есеңгіреу мен ашушаңдыққа әкеп соғады. Тым көп қызыл түс адамды нәпсіқұмарлыққа итермелейді, жолына бөгет болғандарды қиратып, қатігездік пен қырсықтық сезімін өршітеді. 

5. Жасыл түс Өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық пен табиғилық түсі. Өз-өзімен шынайы адамның, тектіліктің белгісі. Жасыл түсті киімдерге құмар адамдар: әділетті, өзін өзі басқара алатын адамдар. Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.

6. Көк түс Егер сіз өзіңіздің эстетикалық тәрбиеңізді көрсеткіңіз келсе, көк түсті таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді. Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.

7. Ашық көк Физикалық және ділдік тұрғыда босаңсуға әсер етеді. Қауіпсіздік әсерін арттырады. Жаңашылдық түсі болып табылады. Балғындық түс болғандықтан ашық көк түсті киім киген ару өз жасынан жас көрінеді. Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады.

8. Қызғылт сары Күйзеліске төтеп берер бірден бір түс. Көңіл-күйді көтеріп, зейін қоюды арттырады. Бұл маңызды бас қосулар мен әңгімелесу кезінде пайдалы. Тез шешім қабылдауға септігін тигізеді. Кері әсері: Тез шешім қабылдаймын деп, қате шешім қабылдап қою ықтималдылығы жоғарылайды. Тым көп эмоциядан адамды шаршатуы мүмкін.

9. Сары түс Ой әрекетіне жақсы әсер етеді. Шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі. Жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі. Оптимизм түсі. Шабыт пен рақымшылық сезімін арттырады. Кері әсері: Әлсіздік пайда болуы мүмкін. Сары түс мол кеңседе ұзақ отыру бас ауруын туғызуы мүмкін. Аса қанығу жүйке жүйесін жұқартып, агрессия мен мазасыздық тудырады.

10. Сұр түс Іскерлік пен бейтараптылық түсі. Ресми кездесулерде өте орынды. Адамның психологиялық болмысын тұрақтандырады. Іскерлік үйлесімге шақырады. Кері әсері: Сүреңсіздік пен белгісіздік сезімін тудырады. 

11. Қара түс Бұл түс бәрін өзінде жасыратын түс. Қызығушылықты арттырады. Өзіне баурап, көзді демалдырады. Элеганттылық сезімін арттырады. Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін.

12. Ақ түс Шешім қабылданғанын, аяқталғанын, біткенін білдіретін түс. Еркіндікті сезінуге ықпал етеді. Кедергісіз өмірді сезіну, теңдік орнағандай сезім береді. Бұл түс барлық түстердегі игі қасиеттерді теңдей дәрежеде сезінуге көмектеседі. Егер сіз ақ түске құмар болсаңыз, сіз мейірімді, жағымды, жаңалыққа құмар білімпаз адамсыз. Кері әсері: Ақ түс адамда шарасыздық сезімін тудыруы мүмкін, қажетсіздік пен тығырыққа тірелу де бар.











Тренинг. Түстер әлемі


Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір - бірімізге сыйлайық

1. Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.

2. « Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б

3. «Көбелектер әлемі»
Мақсаты: Баланы тыныштандыру және қиялын дамыту
Балалар кілемшеге шалқасынан жатып, аяқ - қолдарын еркін созады. Көздеріңізді жұмып, менің дауысымды тыңдаңыздар. Жеңіл әрі жаймен дем алыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күнінде шалғында жүргендеріңді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден – гүлге ұшып жүргенін көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл – қозғалысына қараңдаршы! Ол қанаттарын жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарын өздеріңе қиялдап көріңіздерші! Сендердің
қанаттарың төмен - жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқанын сезініңіздер! Өздеріңізді жеңіл әрі керемет сезінудесіңдер! Алдарыңнан көздің жауын алатын әсем де керемет жайқалып тұрған гүлдер кездесті. Гүлдердің түсі әр түрлі. Қызыл, сары, көк, ақ. Өздеріңе ұнаған түске барып қоныңдар. Иісі неткен керемет! Оның жұпар иісімен дем алыңдар. Енді тобымызға қайтатын уақыт болды. Тобымызға қайта оралдық. Көзімізді жаймен ашамыз.
- Көз алдымызға көбелек елестеді ме?
- Сен қандай түсті гүлді таңдадың?
Олай болса өздеріңе ұнайтын түсті гүлге көбелектеріңді қондыра қойыңдар
Балалардың таңдаған түсіне байланысты көңіл – күйлері анықталады.
Қызыл - қуанышты көңіл - күй
Сары – жағымды көңіл - күй
Көк – жақсы көңіл - күй
Ақ – ашық көңіл - күй

4. «Шарларға баулар байла»
Мақсаты: негізгі түстерді топтастыруға балаларды үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру.
5. Қорытындылау. «Тілек шоғы»
Балалар бір - бір гүлден ұстап тұрып, тілек айта отырып, гүлін келесіге ұсынады. Гүл соңындағы адамға «шоқ гүл» болып келеді.
Ғажайып сәт. Балаларға белсенді қатысқандарына рахмет айтып, жүрекше таратады.













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!