400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Түстерді ажырату"

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сенсорика Тобы: «Балапан» Тақырыбы: «Түстер» Мақсаты: Балаларды негізгі үш түстерді топтастыруға үйрету. (қызыл, сары, көк). Түстер туралы білімдерін, ұғымдарын бекіту. Ұсақ қол маторикасын дамыту. Көңіл-күйлерін көтеру, көмектесе білуге үйрету. Керекті құралдар: Әр түрлі ойыншықтар, жұмсақ резенкелер. Мотивациялық қозғаушы
Материалдың қысқаша нұсқасы

№12 бөбекжай –бақшасының тәрбиешісі: Аманғожина Халима Әлжанқызы.

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сенсорика

Тобы: «Балапан»

Тақырыбы: «Түстер»

Мақсаты: Балаларды негізгі үш түстерді топтастыруға үйрету. (қызыл, сары, көк). Түстер туралы білімдерін, ұғымдарын бекіту. Ұсақ қол маторикасын дамыту. Көңіл-күйлерін көтеру, көмектесе білуге үйрету.

Керекті құралдар: Әр түрлі ойыншықтар, жұмсақ резенкелер.

Мотивациялық қозғаушы:


Шаттық шеңбері:

Саусақтарым тұрыңдар,

Амандасып алыңдар

Тату-тәтті тұрамыз.

Жұдырық бола қаламыз,

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ.

Бибеп-билеп аламыз

Шапалақтап соғамыз.


Тәрбиеші: -Балалар, қараңдаршы, мына жерде әдемі қорапша тұр екен, қане ішін ашып көрейік, не бар екен?-Керемет, бұның ішінде әдемі, түрлі түсті ойыншықтар бар екен. Түстері қандай?-Қызыл, сары, көк.

-Мына машина ойыншықтың түсі қандай екен?-Қызыл

-Ал, мына ойыншықтың түсі қандай?-көк

-Ал мына доптың түсі қандай?-Сары

-Қане қайталап айтайықшы: Қы-зыл, Көк, Са-ры.

-Балалар, біз ойыншықтармен ойнағанды жақсы көреміз. Ендеше алдымызда үш түсті шелектер тұр, сол шелектердің түстеріне қарай мына ойыншықтарды топтастырып салайық. (балалардың жұмысы)-Жақсы жарайсыңдар.

(есік қағылып пілдің баласы келеді)


Тәрбиеші: -Балалар, біздің тобымызға пілдің баласы келіп тұр, қане амандасайық.


Пілдің баласы:- Салем балақайлар, сендерді көргеніме қуаныштымын. Сендер қандай сүйкімдісіңдер.


Тәрбиеші:- балалар, қараңдаршы, пілдің баласы да сүйкімді екен. –Мұрны қандай? Құлағы қандай екен? (қимылмен көрсету)


Пілдің баласы:-Балалар, мен сендер сияқты ойыншықпен ойнағанды жақсы көремін. Соның ішінде пирамида ойыншығымен ойнағанды өте қатты ұнатамын. Менің пирамида ойыншығымның сақиналары жоқ, жоғалтып алған сияқтымын.


Тәрбиеші:-сен ренжеме, біздің тобымызда пирамида ойыншықтары бар, оның дөңгелек сақиналары түрлі- түсті болып келген, оны қазір балалар рет –ретімен сақиналарын кигізіп салып береді.- балалар, мен сендерге бірінші қалай жинау керек екенін көрсетемін. Пирамиданы жинамас бұрын ең үлкенінен кішісіне қарай жинаймыз. Мен пирамиданы жинау үшін сақиналарды пайдаландым. Бірақ сендер сақинаның орнына қыз баланың шашына тағатын жұмсақ резенкелерді пайдаланасыңдар, жарайма?

(балалардың жұмысы)


Сергіту сәті: «Бала, бала, балақан» (музыка әуенімен қимыл-қозғалыс жасау)


Пілдің баласы:-тамаша, сендер пирамиданы әдемі жасап шығардыңдар, сендерге көп-көп рахмет айтамын. –Менің қарным ашқан сияқты.


Тәрбиеші:-балалар, пілдің баласының қарны ашқан сияқты, ол жемістерді жегенді ұнатады екен, қане жемістерді беріп тамақтандырайық.


Ойын: «Бұл не?»


Пілдің баласы:-Рахмет балақайлар, сендермен бүгінгі өткізген күндерім өте тамаша болды. Қарным тойды, менің қайтатын уақытым болды. Өйткені менің анаміздеп қалар, жақсы сау болыңыздар.


Тәрбиеші: -Міне балалар шынымен бүгінгі күніміз жақсы өтті, сендерге көп-көп рахметімді айтамын. Жарайсыңдар.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
19 тамыз
9554
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі