400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түтікті вакуумдалған күн коллекторы

Материал туралы қысқаша түсінік
Түтікті вакуумдалған күн коллекторы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түтікті вакуумдалған күн коллекторы



Вакуумды күн коллекторларының 2 негізгі түрі бар – ішкі кеңістігі жылу тасымалдағышпен толтырылған және жылу түтіктерімен жабдықталған түрі бар.

Суға_тікелей_жылу_беретін_вакуумды_коллектор._Вакуумды түтіктер белгілі бір бұрышпен орналасқан және жылу жинақтаушы бакпен жалғастырылған. Одан жылу алмастырғыш айналмалы (контурының) суы тікелей түтікке ағады, қызады және кері қайтады.

1.12 – сурет - Түтікті вакуумдалған күн коллекторы

Дәстүрлі жазық күн коллекторлары жылы климатты аймақтарда қолдану үшін жоспарланған. Олар қолайсыз суық, бұлтты және желді күндерде тиімділігін күрт жоғалтады. Бұдан өзге, ауа райына байланысты туындаған шықталу (конденсация) мен ылғалдылық ішкі материалдардың мезгілінен бұрын тозуына өз кезегінде жүйенің пайдалану сапаларына және оның бүлінуіне әкеледі. Бұл кемшіліктерді вакуумдалған коллекторларды қолдану арқылы жоюға болады

Вакуумды коллекторлар суды тұрмыстық қажеттіліктер үшін температурасы неғұрлым жоғары су қажет жерлерде қолданады. Күн радиациясы сыртқы әйнек түтік арқылы өтеді, түтік-жұтқышқа келеді. Алынған жылу түтікпен ағатын сұйыққа беріледі. (1.12-сурет).

Вакуумдалған коллекторлар модулді, яғни түтіктерді ыстық суға деген қажеттілікке қарай қажетінше алып немесе қосуға болады.Коллекторда жылу тасымалдағыш сұйық қызғанда ол жылу алмастырғыштың жоғары бөлігіне көтеріледі, бактағы суға жылуын береді және өзі суи отырып күн радиациясы жеткілікті болса, контурда тұрақты табиғи айналмалы церкуляция орнайды.

Осы түрдегі коллекторларды әзірлегенде түтіктердің арасындағы кеңістіктен ауа сорылады және вакуум қалыптасады. Осының арқасында ортадағы кеңістікте ауаның жылу өткізгіштігі және конвекция туғызған жылу шығындары болмайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26.04.2021
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі