Материалдар / Тұтығуы бар баламен жүргізілетін сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұтығуы бар баламен жүргізілетін сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ "Бестік патшалығы". Тұтығуы бар балалармен жүргізілген жеке сабақ жоспары. Логопед мамандары үшін қажетті сабақ үлгісі деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қырқүйек 2022
613
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баланың аты: Диас – 7 жас

ПМПК қорытындысы:

Заикание тяжелой степени выраженности. Фонетическое недоразвитие речи. Интеллект в норме.


Сабақтың тақырыбы: «Алтын бестік патшалығы»


Сабақтың мақсаты:

  • Баланың кідіріссіз, бір тыныста сөйлеуін дамыту, бұлшықет тартылуының алдын-алу, дауыс күшін және дұрыс тыныс алу дағдыларын, өзін-өзі бақылауын дамыту;

  • Фонематикалық есту қабілетін, байланыстырып сөйлеуін, логикалық ойлау қабілетін дамыту;


Сабақтың көрнекілігі: Апта аттары, бұлттар, алтын бестік макеті, жаңбыр тамшылары, көбелектер;



Ұйымдастыру кезеңі.

І. Сәлемдесу.

  • Салем, Диас!

  • Қалың қалай?

  • Бүгін бізге қонақтар келіп отыр, амандасайық.

  • Бүгінгі ауа – райы қандай?

  • Көңіл – күйің қалай?


Релаксация «Сиқырлы түс»

Диас, қазір біз сиқыр әлеміне енеміз. Дайынсыңба? Денемізді босаңсытып, қозғалыссыз отырамыз. Біз барлығын естиміз, бірақ мен «оянамыз» дегенше, көзімізді ашуға болмайды.


1, 2, 3 «Сиқырлы түс» әлеміне енеміз:

Көзіміз жұмылады,

Тынысым ашылады,

Саусақтар босаңсып,

Аяқтар демалады,

Біркелкі дем алам,

Тереңнен тынысым,

Денеміз шаршамай,

Барынша демалсын.

Мені мұқият тыңда: Табиғат бізге ерекше күш береді, әдемілігіне тамсанамыз. Құстардың әні құлаққа жағымды естіледі. Сылдырап аққан өзеннің күлкісі жаныңды тыныштандырады. Өзен жанындағы тау өте биік, тау басына шықсан, салқын самал жел соғады. Жан – жағың әсем гүлдерге толы. Иісі қандай тамаша! Терең дем алып, осындай әдемілікке қарай бергің келеді.


Тыныс алу жаттығулары

Диас, сиқыр әлемінен оралдық, енді ойын ойнап шынықсақ қайтеді?

Дайынбызба? Арине!


«Кімнің көбелегі алысқа ұшады?» ойыны.

Кезекпен орындайық, жарысып көрейік.

  • мұрынмен терең тыныс алып, ауыздан шыққан деммен көбелекті ұшыру қажет.


Дауыспен жұмыс

Имитация жүргізу:

ААААААААА

УУУУУУУУУ

ООООООООО

М ААААААА

М УУУУУУУ

М ООООООО

АУО – УАО – ИУО - АУИ


Аутотренинг ережелері

  • Мен өте жақсы сөйлеймін.

  • Мен ешқайда асықпаймын.

  • Менің тынысым біркелкі.

  • Мен ешкімнен қорықпаймын.


- Диас, бүгінгі сабағымыз күндегіден ерекше. Себебі, біз алтын бестікті іздеуге сапарға шығамыз. Алтын бестік – алыс аймақтағы бұлттан да жоғары орналасқан жартаста жасырынған. Ол жартасқа жету үшін 1 апта уақыт қажет екен. Диас сен білесіңбе, 1 аптада қанша күн бар, атауларын айтшы? Өте жақсы!

- Ендеше бізге апта күндері тапсырмалар дайындап қойыпты. Солардың тезірек шешімін табайық.

- Алғашқы апта күнін атап, жұмбақтың шешуін тауып, ілейік.

Жұмбақ:

Қанаты бар ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды,

Судан өзі шықпайды. (балық)

Дүйсенбі күннің тапсырмасы

«Жоғалған әріпті табайық»

Сөздер:

...ЛМА АНАНА... ТЕЛЕДИДА... АЛ...ОРЫ ...ҮЗІМ Ж...ЛДЫЗ

....АУЫН ТА...ЫҚ АЛМҰ...Т А...ЫҚ СА...АН БА...АР

Жұмбақ:

Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсен ұнатады. (пияз)

Сейсенбі күннің тапсырмасы

«Сөз жасам»

Адасқан әріптерден сөз құрастыру:

А, Н, П, Р, О, У, С, Т, Д, И, К;


Жұмбақ

Орманда тұрады, өзі ку,

Жүрген жері айғайда шу. (Түлкі)

Сәрсенбі күннің тапсырмасы

«Жұп сөздер»

актер

кино

сурет

фотоаппарат

оқушы

әліппе

тігінші

ине

қарындаш

сурет

машина

жүргізуші

шалбар

жейде

көктем

наурыз

Жұмбақ:

Адамға серік,

Күзетер берік. (Ит)

Бейсенбі күннің тапсырмасы

Сөздерді біріктіріп, орташа дауыста айту


  1. Анашымнан айналдым ақ сүт берген - АААНААШЫММНАННАЙНАЛДЫЫМАҚСҮҮТБЕРГЕЕН;

  2. аппақ аппақ жапалақтап, қар жауады тыңбастан – АААППАҚААППААҚЖААПАЛАҚТААПҚАРЖААУАДЫЫТЫҢБАСТАН;

  3. Алма кетті домалап, көше бойын жағалап -

АААЛМААКЕЕТТІІДООМААЛААПКӨӨШЕБООЙЫЫНЖААҒАЛАП;

Диктант.

    1. Жасұланның әкесі – ұшқыш. 2. Жұмысшылар бірлесіп үй салды. 3. Лаура бақшадан көкөністер жинады. 4. Такси жүргізушісі адамдарды тасиды. 5. Орындық, үстел, шкаф, төсек ағаштан жасалатын жиһаз.

Сергіту сәті:

Жеті ұлы бар бір үйдің
Сәл демалып,
Тыныс ал,
Тақпақ тыңдап,
Ұғып ал.
Апта деген ағайдың,
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – Дүйсенбі,
Екіншісі – Сейсенбі,
Үшіншісі – Сәрсенбі,
Төртіншісі – Бейсенбі,
Жұма деген – бесінші ұл.
Алтыншы ұлы ол – Сенбі,
Жетіншісі-Жексенбі.


Жұмбақ:

Түрі жылқы бейнесі,

Жолақ-жолақ жейдесі. (Зебр)

Жұма күннің тапсырмасы

«Ырғақты сөздер»

Мен бір сөз айтамын сен жалғастыр, келесі айтылтын сөз алдыңғысөздің соңғы дыбысынан басталуы тиіс.

Доп – парта – асық – қауын – наурыз – Зухра – ананас – сағат


Жұмбақ:

Адамға ұқсас,

Айтсаң түсінбес,

Киім тоқымас,

Кітап оқымас. (маймыл)

Сенбі күннің тапсырмасы

«Кім біледі, сол жалғастырады»

Жазғы демалыста біз ..........

Жаңбырдың пайдасы ..........

Ақылды бала анасына .........

Таңертен ерте тұрып ...........

Мен мектепте ......................


Жұмбақ:

Өзі ұсақ, аппақ,

Дәмі сондай тәтті-ақ. (қант)

Жексенбі күннің тапсырмасы

«Артық сөзді тап»

  1. Аулада ағаштар маймылдар жайқалып өсіп тұр.

  2. Арманның сабағы таңертен түнде басталды.

  3. Анамның мерекесіне әдемі гүл шоқтарын жапырақтар сыйладым.

  4. Үйдегі ақ күшіктің анасы жоғалып жатты кетті.

  5. Көктемде жылы жақтан жыл құстары, аңдары ұшып келеді.


Жарайсың, Диас біз апта күндерінің тапсырмасын орындап тастадық. Жартасқа да келіп жеттік. Жартастың тапсырмасы бар екен.

«Сюжеттік сериялы картина»

  • Сюжет сериясын дұрыс орналастырайық;

  • Балалар неге таласты?

  • Асанның қылығы дұрыс па?

  • Сен не істер едің?

  • Өте тамаша әңгіме құрастырдың! Сол себепті, алтын бестік сенікі.


Қорытынды

  • Диас, бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Көңіл-күйің қалай?

  • Саған тек қана бестік емес, арнайы сыйлығым бар!

  • Қонақтармен қоштасайық! Сау бол!


















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!