Материалдар / Тұтықпасы бар балалармен түзету сабақтарын жүргізу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұтықпасы бар балалармен түзету сабақтарын жүргізу

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұтықпасы бар балалармен жұмыстану жолдары туралы, оларға қандай жұмыстар,сабақтар жүргізу жазылған.Тәрбиешілерге,арнайы мамандарға кеңес беремін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Желтоқсан 2021
378
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тұтықпасы бар балалармен жүргізілетін түзету жұмыстары


Сабақтың мақсаты:

Қорғаныштық режимін қалыптастыру,алдағы сабаққа ынталандыру.Дұрыс тыныс алуын қалыптастырып,сөйлеу ережесін, сөйлеу тілін қалыптастыру.Еркін сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты: Сөйлеу мүшелерінің қимылқозғалысын белсендіру.Дененің бұлшықеттерін және артикуляциялық аппаратты ерікті түрде меңгеру біліктеріне үйрету. Сөйлеудегі дем алуды, әртүрлі дауыс ырғағын және дауыс кірісін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Сабырлы болуға және денені шынықтыруға баулу.


Тұтықпа - сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысу салдарынан, сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы. Тұтықпа күрделі тіл кемістігі болып саналады. Онда сөйлеу функциясының бұзылуымен қатар нерв жүйесінің, соматикалық денсаулығының, жалпы және сөйлеу моторикасының бұзылуы және психологиялық ерекшелктері байқалады. тұтығу негізінен нерв жүйесі әлсіз, балаларда пайда болады.

Тұтықпаның негізгі белгісі – ауызша сөйлеу процессінде сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тыртысуы. Тыртысу тек сөйлеу кезінде немесе сөйлей бастағанда байқалады. Тыртысу негізгі үш түрге бөлінеді: тоникалық және клоникалық, сонымен.қатар кейде аралас түрге де бөледі.

Сөйлеудегі тоникалық тыртысу бірнеше топтағы бұлшық еттердің (мысалы: еріннің, тілдің т.б.) тонусының қатаюымен сипатталады. Тұтығушы сөйлеу кезінде тоқтап, бөгеліп қалады (М:т....тауық). Ауыз бұл кезде жартылай ашық немесе еріндер қосылып тұрады.

Тырысудың клоникалық түрі сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің біркелкі қайталанып қысқаруымен сипатталады. Көбінесе тұтықпада тыртысудың клоникалық және тоникалық түрлері бірдей байқалады ( М:та-та-та-тауық).

Аралас

М:кь..кіт-та-тап

Сонымен қатар, тұтықпада жалпы және сөйлеу моторикасының әртүрлі деңгейде бұзылуы байқалады. Олар ерікті және еріксіз болуы мүмкін. Ерікті қимылдарға тұтығушы өзінің қиын сөйлеуін білдірмеуге немесе жеңілдету мақсатымен әртүрлі қимылдарды қолдану ( теңселу, қолын қимылдату, саңылау т.б) жатады.

Еріксіз қимылдарға сөйлеу кезіндегі тыртысу жатады. Б.И. Шостак, сөйлеу кезіндегі тыртысумен қатар тұтықпа балалардың сөйлеу аппаратында, беттің, мойынның, қолдың бұлшық еттерінде күштелген қимылдардың болатыны анықталған.

Тұтықпаның таралуы.

  1. Тұтықпа көбінесе 2-5жас арасында пайда болады, яғни фразалық сөйлеудің қарқынды даму кезінде.

  2. Тұтықпа бастауыш сынып (әсіресе 1-сынып) оқушыларында жиі кездеседі.

  3. Мектепте оқу кезінде және жыныстық жетілу кезеңінде күшейеді.

  4. Ер балалар арасында тұтықпа қыздарға қарағанда 3 есе көбірек кездеседі. Қыздардың моторлық функциялары: жүруі, сөйлеуі, ұсақ моторикасы ұлдарға қарағанда тезірек қалыптасады деп болжамдайды.

  5. Жалпы балабақшалар мен мектептерді салыстырғанда балалар үйіндегі, мектеп интернатының балалар арасында балаларда тұтықпа жиі кездеседі.

Тұтықпа 2 түрлі себептерден болуы мүмкін: 

Біріншісі -тұқымқуалаушылық, энцефалопатиялық ауру салдарынан, жатырішілік немесе босану кезіндегі травмалар, инфекциялық ауру салдарынан жүйке жүйесінің зақымдануы; 
Тұтықпаның пайда болуына әкеп соғатын бірқатар себептер: моторика мен ырғақты сезінудегі бұзылыстар, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алмау, тұйықталу салдарынан пайда болатын, жасырын психикалық аурулар. 

Екінші себебі : 

- кенеттен пайда болған психикалық травмалар (қорқу, шошыну) 

- Отбасындағы екі немесе одан да көп тілде қарым-қатынасқа түсу 

- Шет тілдерін үйрету. 

- Еліктеу 

- Тахилалия (өте жылдам сөйлеу) 

Тұтықпа балалардың арасында солақайлар жиі кездеседі және сол қолды оң қолға қайта тәрбиелеу кезінде тұтықпа пайда болуы мүмкін.

Тұтықпа балалардың ауызша сөйлеуін ұйымдастырудағы сол жақ жарты шардың басқарушы ролінің бұзылатындығы электрофизиологиялық зерттеулерде анықталған

Логопедиялық және емдеу сауықтыру жұмысын тиімді жүргізу үшін және дұрыс жоспарлау үшін тұтықпа баланы барлық тұтықпаның симптомдарын ескере отырып толық зерттеу қажет. Зерттеу кешенді жүргізілу керек.

В.С. Кочергинаның зерттеулерінде тұтықпа балалардың көбінде жүйке жүйесі мен физикалық денсаулығында әртүрлі бұзылыстардың болатыны анықталған: ашуланшақ, өкпешіл, жылауық, негативизм, ұйқының және тәбетінің бұзылуы, суық тигіш және инфекциялық ауруларға бейімділік, энурез. Мектеп жасындағы балалардың жүйке жүйесі жұқарып, ызақор, ашуланшақ болып кетеді. Себебі: олар өсе келе өз кемістіктерін түсіне бастағанда, «мен неге бұлай сөйлеймін?»- деген сияқты сұрақтар туындайды. Баланың жүйке жүйесіне әсер тигізеді.
Тек қана достарымен қарым – қатынасқа түсуде қиналып қана қоймай, сонымен бірге сабағында да үлгермеушілік байқалуы мүмкін.
Ата-аналар балаға әрқашан көңіл бөліп, үйде жылы қарым – қатынас орнатқаны жөн
Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек.

Тұтықпаны зерттеу: Психологиялық, педагогикалық, логопедиялық, медициналық тексеруден тұрады,

Тексеру үш кезеңнен тұрады:

  1. Анамнестикалық мәліметтерді жинау;

  2. Жалпы, ұсақ, мимикалық және артикуляциялық моторикасын тексеру;

3. Тұтықпаның байқалуын тұлғалық ерекшеліктерін тексеру.

Тұтығуға комплекстік әсер ету мынандай түзету жұмыстарынан тұрады: 

1. Медицмналық әсер ету. Ол баланың нерв системасының функциясын қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 

2. Психотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру. Әрдайым әңгімелесу барысында сөйлесіп жатқан адамының жүзіне қара. Бұл сенің бойында сенімділік пен батылдықты сездіреді. Есіңе сақта, қай жерден болмасаң да, асықпай, баяу, сабырлы сөйле.
Сөйлеп тұрғанында басынды төмен салбыратпа, артық қимылдар жасама. Басынды жоғары көтеріп, өзіне сенімді бол! Жауап беруге асықпа, ең алдымен іштей айтып ал.

3. Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына /8-9 ай/, жүйелі түрде жүргізілетін системалық сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез-келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. 

4. Логопедиялық ритмика. /ырғақ/. Ол әртүрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады. 

5. Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Тұтығудан айыру үшін баланың араласатын ортасының дұрыс сөйлеуінің үлкен маңызы бар. /балалар мекмелер мен жанұясында баланың жақындары/. Балалар баяу, асықпайтын, бірқалыпты сөйлеуді естулері керек. Сонда олар өздері де осылай сөйлегу дағдыланады. Баламен бірқалыпта қарым-қатынаста болған жөн. Кішкентай ғана жетістігін сол кезекте мадақтап отыру қажет. Сол сяиқты жалпы сөйлеу режимінің, дұрыс тамақтанудың, міндетті түрде күндізгі ұйқының, таза ауада демалу, баланың психикасына шамадан тыс салмақ түсірмеу керек. Мысалы: ересектер көретін телебағдарламалар көсетпеу, ұйқы алдында гиперэмоционалды ертегілер айтпау қажет. 

Тұтықпасы бар балалармен жүргізелетін түзету жұмыстары

Қоса сөйлеу, қайталау, тыныс алу жаттығулары, сұрақ-жауап түрі, мазмұндау, артикуляциялық жаттығулар, үндемеу тәртібі

Буын, сөз, жай фраза, жайылма фраза

Дыбыстар жаттығуы, сыбырлап сөйлеу, ақырын сөйлеу, қатты дауыстап сөйлеу, қалыпты дауыспен сөйлеу

Дыбыстар жаттығуы

DrawObject1






Тұтықпасы бар балалар мына нәрселерді есте ұстағандары жөн:

- Бірінші жақсылап ойланып ал, сосын сөйле

- Сөйлер алдында терең тыныс ал.

- Асықпай, саспай , бірқалыпты сөйлеуге тырыс.

- Батыл бол.

- Егер сөйлеуге қиналсаң, іштей 5-ке дейін сана, содан кейін барып қажетті ережелерді сақтай отырып сөйле.

- Қол боста ән айтқан артықшылық етпейді.

- Теледидарға көп қарама, ол жүйкеге артық салмақ түсіреді.

- Сөйлемдерді қысқа қолдан.

- Өлеңдер оқып тұр.

- Жүгіріп келген соң бірден сөйлеме, ентігінді басып ал.

-Ішке дем сорып, бірденнен 5-ке, 10-ға, 12-ге дейін сана, аптаның күндерін, айды, жылды ата.

- Сөйлеп тұрғанда өзіңе саусақ қимылдары арқылы көмектесуге тырыс.

- Доппен көбірек ойна, ойын кезінде соққыларды дұрыстап сана.

- Бірқалыпты әуендер тыңда және айт.



Ата-аналарға кеңес

  • айналасындағылар асықпай, анық сөйлегендері жон;

  • баладанда асықпай, анық сөлеуді талап ету;

  • баланы психикалық, физикалық, жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек;

  • жанұяда балаға кітап оқып бермеу, оқығанын айтып бермеу, онымен тақпақ жаттамау, аз сөйлеу, дұрыс сөйлемеген жерінде түзетпеу де үлкен зиян келтіреді;

  • баланың көңіл-күйіне әсер ететін жағдайларды болдырмау керек;

  • өкінішке орай, кейбір ата-аналар, әкелер, аталар балаларын киноға, циркке, театрға жиі апарады, телевизорды көп қарауға рұқсат етеді. Мектепке дейінгі баланы кинотеатрға көп апаруға мүлдем болмайды;

  • сол қолымен жұмыс істейтін балалар ерекше көңіл аударуды қажет етеді;

  • күн тәртіп ережесін сақтау;

  • үндемеу тәртібін өткізу;

  • үй тапсырмасын орындалуын қадағалау;

  • медициналық ем алып тұру.



Қорыта келгенде, бұл жұмыс түрлері ата -аналар мен логопедтің тығыз қарым – қатынаста бола отыра, қалай түзету жұмысын жүргізу керектігін толық атап өтілді.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!