Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекетінің технологиялық картасы
Вариативтік
компонент
Оқу
іс-әрекеті: Компьютер
Тақырыбы: Tux Paint
бағдарламасы
Мақсаты: TuxPaint бағдарламасын
қайталау. Құрал саймандар тақтасын есте
сақтау.
Міндеттері:
-
TuxPaint бағдарламасын
қайталау.
-
Балалардың ой ұшқырлығын, есте
сақтау қабілетін, қол моторикасын дамыту;
-
Ұқыптылыққа, зейінділікке,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: компьютердің суреті,
тышқан
Әдіс-тәсілдер: Көрнекілік, түсіндіру,
презентация
Сөздік
жұмыс: Tux Paint графикалық
редакторы
Билингвалдық
компонент: салыстыру- сравнивать
-compare
Оқу іс-әрекетінің
барысы:
|
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері
|
Педагогтың
іс-әрекеті
|
Баланың
іс-әрекеті
|
|
Ой қозғайтын-
себептер
|
1. Шаттық шеңбер жылы сөздер
айту:
Сәттілік бүгін
тілеймін,
Мен – саған, сен –
маған,
Қолымызды көтеріп, күнге
қарап,
Қуанышты төк
маған.
Жүрегімнің
жылуын
Сыйлаймын саған қабыл
ал,
Мен – саған, сен –
маған!
Балалар, бүгін сендер өте
зейінді болсаңдар, жақсы қатыссаңдар мына баспалдақтың шыңына
жетіп, сыйлық аласыңдар
«Салыстыр»
ойыны
Тәрбиеші балаларға компьютерде
және де қағазда салынған суреттерді көрсетеді, балалар олардың
айырмашылықтарын, ұқсастықтарын табады.

|
1. Шаттық шеңберге тұрып жылы
сезімдерін көрсетеді
«Мен бүгін жақсы қатысамын»,
«Мен бүгін барлық тапсырмаларды дұрыс орындаймын»,
т.б.
Балалар айырмашылықтарын,
ұқсастықтарын табады.
|
|
Ізденіс-ұжымдық – негізгі
бөлім
|
Бүгін біз
сендермен Tux
Paint графикалық редакторының
мүмкіндіктерін қайталап, еске түсіреміз. Құрал саймандар терезенің
сол жақ бөлігінде орналасқан.
|
Жаңа сөздерді педагогпен бірге
жаттап, олардың атқаратын қызметтерін естеріне
сақтайды
|
|
|

Керек құралды таңдау үшін,
тінтуірдің көрсеткішін кажет құралдың үстіне апарып, тінтуірдің сол
жақ батырмасын екі рет шерту.
Сергіту
сәті
Сағаттың
тіліндей,
Иіліп оңға
бір.
Сағаттың
тіліндей
Иіліп солға
бір.
Оң аяқ, сол
аяқ,
Жаттығу
оңай-ақ.
Балалар, қазір компьютерге
екі-екіден бөлініп, Tux
Paint графикалық редакторында
барлық құралдардың мүмкіндіктерін пайдаланып келесі суретті салып
шығамыз..

(Балалардың назарын мұғалімге
аудартып, көзге жаттығу жасату. Орындарын ауыстырып
отырғызу)
|
Жаттығуды бірге
орындайды
Копьютерге жұппен бөлініп
Paint графикалық редакторында үлгіде көрсетілген суретті қайталап
салады
|
|
Рефлективтік түзетушілік
кезең
|
Ойын «Ия немесе жоқ»
Tux
Paint – графикалық редактор (ия)
Бұл
графикалық редактордың белгісі (ия)
Бағдарламаны ашу үшін, тінтуірдің сол жақ
батырмасын бір рет шертеміз бе? (жоқ)
Бұл
құрал БОЯУ деп аталады (ия)
Бұл
іс-әрекетті болдырмау үшін арналған батырма (ия)
Түстер палитрасы, суреттің түсін таңдауға
мүмкіндік береді (ия)
-
Tux
Paint бағдарламасының аты нені білдіреді?
-
Tux
Paint бағдарламасын ашу үшін қандай әрекеттер
жасаймыз?
-
Сурет салу алаңы не үшін қажет?
-
Түстер палитьрасы не үшін
қажет?
-
Tux
Paint бағдарламасымен жұмысты қалай аяқтаймыз?
|
Ойынды педагогпен бірге
ойнайды. Дұрыс болса ия деп жауап береді, қате болса жоқ деп жауап
береді.
Балалар сұрақтарға жауап
береді.
|
Күтілетін
нәтиже:
Қабылдайды: Tux Paint графикалық редакторы
құралдары туралы түсінігі бар.
Түсінеді: Tux Paint графикалық редакторы
құралдары туралы толық мағлұмат алды.
Қолданады: Tux
Paint графикалық редакторының
құралдарын пайдаланып сурет сала алады.