400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тұздар, жіктелуі, аталуы

Материал туралы қысқаша түсінік
тұздардың құрамымен,қасиеттерімен таныстыру,химиялық формула мен теңдеу құру,есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды. Негіздер құрамы,алу жолдары,химиялық қасиеттері,жіктелуі,қолданылуы туралы біледі Игерген материалдарын толықтыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамытады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ:№

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8-

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Тұздар, жіктелуі, аталуы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.4.15 тұздарды: металл + кышқыл, қышқыл + металл оксиді, қышқыл + металл гидроксиді, қышқыл + тұз реакциялары бойынша алу әдістерін білу және қолдану

8.3.4.16 тұздардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну

Сабақ мақсаты

тұздардың құрамымен,қасиеттерімен таныстыру,химиялық формула мен теңдеу құру,есеп шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге дағдыланды.

Негіздер құрамы,алу жолдары,химиялық қасиеттері,жіктелуі,қолданылуы туралы біледі

Игерген материалдарын толықтыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамытады

Бағалау критерий:

Тұздардың құрамын, жіктелуін біледі. 

Алыну жолдарының реакция теңдеулерін жаза алады. 

Тұздардың формулаларын басқа күрделі   қосылыстардың формулаларынан ажырата алды. Тұздарға жан-жақты сипаттама бере алады. 

Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы жайындағы ақпараттарды өз беттерінше оқып, танысады, талдайды, топтық жұмысқа бейімделеді, сыни ойлауға үйренеді.






Тілдік мақсат

Оқушылар:

Топта біріге жұмыс жасау арқылы оқушылар бір-бірінен үйренеді. ЖАДА жүзеге асады. Критериалды ойлауға әдеттенеді.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар:

- Тұздардың жіктелуі, алынуы, қасиеттері және қолданылуы

Алдыңғы оқу

Квадрат түбірдің жуық мәні

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы

7 мин



Оқушыларды ортаға шығарып, «Шаңырақ» әдісімен топқа бөлемін.Коробкадағы шаколадтарды бірдей таңдағандарды бір топ етіп,оқушыларды ІІІ топқа бөлемін,топ ережелерін құрастырып алып, топтық жұмыс жасайтындарын мәлімдеймін.І топ,ІІ топ, ІІІ топ

«Жұптарда өзара бағалау» 1-стратегия бойынша үй жұмысын тексеріледі. Жұптар өзара дәптерлерін ауыстырып алады. Үй жұмысын дұрыс жауабы интербелсенді тақтада көрсетіледі. Бір-бірінің есептерін тексеріп, түзетеді.Дұрыс төрт жауабы бар оқушыларға, 3 жауабы дұрыс оқушыларға смайлик арқылы бағалаймын.

  1. Ой қозғау сұрақтары: қышқылдар дегеніміз не, қалай жіктеледі, қолданылуы?

  2. Қышқылдарды табу. (интерактивті тақтада Activ Studio программасы негізінде дайындалды)

  3. Химиялық лаборатория қалташаларынан химиялық ыдыстарды таңдап алып, берілген тапсырмаларды орындайды. Химиялық ыдыстардың атауын айтып өтеді.

1. Қышқылдардың алынуы (колбаның суретінде – оттекті, оттексіз қышқылдардың алыну жолдарын көрсет)

2. Химиялық қасиеті(сынауықтар суретінде – қышқылдарға қандай химиялық қасиеттер тән, реакция теңдеуін жаз)

3. Реакция теңдеулерін аяқтаңдар.

Na2CO3 + 2HCl → NaCl + H2CO3

NaOH + HCl→NaCl + H2O

Fe(OH)3 + 3HNO3→Fe(NO3)3 + 3H2O

Mg + H2SO4→MgSO4 + H2↑

Тәжірибе «Сиқырлы құмыра» құмырада жүрген реакция типі бейтараптану реакциясы. Яғни тұз түзіледі.

Үй тапсырмасы
1.Қышқылдар дегеніміз не?
2. Қышқылдардың жіктелуі
3. Қышқылдардың алынуы
4. Қышқылдардың қасиеттері

оқулық, жұмыс дәптері, конфеттер, слайд, АКТ, интербелсенді тақта, бағалау парақтары



Ортасы


12мин











3 мин





13 мин

Ендеше балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

Жаңа тақырып «Ирек» әдісі көмегімен түсіндіріледі.

Тұздар дегеніміз – молекуласы металл атомы мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар. Тұздарды қышқыл құрамындағы сутек атомдарының орнын металл атомдары немесе негіздегі гидроксотоптың орындарын қышқыл қалдықтары басқан өнім деп қарастыру қажет. Сол себепті тұздарды төмендегіше жіктейміз:

  1. Орта тұздар – қышқыл құрамындағы барлық сутек атомдары металл атомдарымен алмасқан. KNO3, CaСl2

Орта тұздардың аталуы металл атауы мен қышқыл қалдығы атауынан тұрады.

  1. Қышқыл тұздар – қышқыл құрамындағы сутек атомдарын металл атомдары түгел алмастырмаған. NaHCO3, CaHPO4 –кальций гидрофосфаты. Қышқыл тұздарды атау үшін қышқыл қалдығының алдына гидро сөзі қосылып айтады.

  2. Негіздік тұздар – негіздердің құрамындағы гидроксид топтарын қышқыл қалдықтары түгел алмастырмаған. Zn(OH)Cl, Al(OH)SO4 негіздік тұздарға гидроксо сөзі қосылып айтылады.

  3. Қос тұздар - қышқыл құрамындағы сутек атомдарының тобын екі түрлі металл атомдары басқан кезде түзіледі. KAl(SO4)2

Тұздар

Shape1

Shape2

Суда жақсы еритіндер

NaCl, KNO3

Ерімейтіндер BaSO4, MgCO3


Shape3

Аз еритіндер CaSO4, PbCl2




Тұздарды алу жолдары (карточкалар арқылы 2 оқушы тақтаға жазады)
1) Металл мен бейметалдың әрекеттесуі: Мg + Сl
2 = МgСl2
2) Негіздік оксид пен қышқылдық оксидтің әрекеттесуі:

МgО + ЅО2= МgЅО3

3) Негіздік оксид пен қышқылдың әрекеттесуі:

СаО+ 2НСІ = CāCl2 + H2О
4) Қышқылдық оксид пен негіздің әрекеттесуі:

СО2 + Са (ОН)2 = CаCO3 + H2О
5)Қышқыл мен негіздің бейтараптануы:

H2SО4+2NaОH =Νa2ЅО4+H2О
6) Тұз бен қышқылдың әрекеттесуі: ВаСІ
2 + Н2ЅO4 =BaЅО4↓+2HCI
7) Тұз бен тұздың әрекеттесуі: BaCI
2 +Na2SО4=BaSO4↓+ 2NaCI
8) Тұз бен сілтінің әрекеттесуі: CuЅО
4+2NaОH= Na2ЅO4+ Cu(OH)2↓
9) Металдың қышқылмен әрекеттесуі:Zn +2HCl =ZnCl
2 +H2
10) белсендірек металл мен тұздың әрекеттесуі:

Сu + НgCI2=CuCI2+ Hg

Химиялық қасиеті (тәжірибе көрсетемін, сол арқылы 1 оқушы тақтаға жазады). Тұздарға 5 түрлі химиялық қасиет тән.
1.Тұздар металдармен әрекеттеседі: Fe + CuCl
2=FeCl2 + Cu
2.Тұздар сілтімен әрекеттеседі:СuCI
2 +2NaOH=2NaCI+Cu(OH)2↓
3. Қышқыл мен тұз әрекеттеcеді: Pb(NO
3)2+H2SO4=PbSO4↓+HNO3

4. Тұздар бір–бірімен әрекеттеседі: CaCl2+Na2CO3=CaCO3+2NaCI
5. Кейбір тұздар қыздырғанда айырылады. СаСО
3 →CaO+CO2

Қолданылуын слайдпен суреттерді топтастырып түсіндіремін.

Тірі жасушаларда, жүйке, сүйек және ет ұлпаларында тұз ерітіндісінің маңызы зор. Тұздар өнеркәсіпте, медицинада дәрі – дәрмек өндіру және бояу, улы химикаттар алу үшін .кеңінен қолданылады.

1. Химиялық диктант

2.Массасы20 г. кальций гидроксидіне CO2жібергендетүзілетін

тұздың массасынесептеңіз.

Бер: m(Са(OH)2)=20г Са(OH)2 + CO2 = СаCO3 + H2O

т/к: m( СаCO3)-? M(Са(OH)2)=74г/моль

M(СаCO3)= 100 г/моль

=

(Са(OH)2)= (СаCO3) =0.27моль

m(СаCO3)= 0.27 • 100 = 27г

3.3 «қаламсап» беріледі. Оның жанында суырмалы қағаз бар, онда карточканың нөмірі көрсетілген, сол арқылы тұздардың алынуына берілген тапсырмалар орындалады. Сонымен қатар соның ішінен тұздардың химиялық қасиеттері көрсетеді. Дұрыс, толық жазған оқушы осы қаламсапты ұтып алады.

№ 1 карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Металл + бейметалл =

  2. Негіздік оксид + қышқылдық оксид =

  3. Тұз + қышқыл =

  4. Тұз + тұз =

№ 2карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Қышқылдық оксид + негіз =

  2. Негіздік оксид + қышқыл =

  3. Тұз + сілті =

  4. Металл + тұз =

№ 3карточка

Төменде көрсетілген реакция теңдеулеріне тиісті заттарды қойып тұздардың алыну реакция теңдеулерін жазып, химиялық қасиеттерін көрсет, теңдеуді теңестір.

  1. Қышқыл + негіз =

  2. Металл + қышқыл =

  3. Тұз + қышқыл =

  4. Тұз + тұз =

4.Мына өзгерістерді жүзеге асыр.

1.Mg → MgО → Mg(ОН)2→ MgСО3.

2Mg + O2→2 MgО

MgО+H2O → Mg(ОН)2

Mg(ОН)2+ CO2→ MgСО3+H2O


«Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі арқылы топтарда есептер шығару, оқулықпен жұмыс:
Топтық жұмыс

Ынтымақтастық әрекет барысында жаңа білім алады. Өз беттерімен жұмыс жасайды, білімдерін шыңдайды, өзгеге түсіндіреді.

1-топ:

Орта тұздар

Қышқыл тұздар

Негіздік тұздар
Тұздардың аталуы мен ерігіштік кестесі туралы түсінік

Суда еритіндер – Е Аз еритіндер – АЕ Ерімейтіндер – ЕМ

2-топ:

1. Металл мен бейметалл
2. Негіздік және қышқылдық оксид
3. Негіздік оксид және қышқыл
4. Қышқылдық оксид және негіз
5. Қышқыл мен негіз
6. Тұз бен қышқыл
7. Тұз бен тұз
8. Тұз бен негіз
9. Металл мен қышқыл
10. Белсенді металл мен тұз

3-топ:

Тұз бен металл
Тұз бен негіз
Тұз бен қышқыл
Тұз бен тұз
Тұз айырылады

4-топ:

Адам ағзасында- 5,5%
Табиғи су мен теңізде- 0,5-3,5%
HgCI2 – сулема- ақ түсті, тіс қақсағанда, теміреткіге қарсы.
NaCI – ас тұзы
AgNO3 – ляпис-түссіз кристалды зат. Тері, көз, тері ауруында.
HgS – киноварь. Бас айналу мен жүйке ауруларында қолданылады.



Оқулық, жұмыс дәптері,АКТ интернет, интербелсенді тақта











Жип, геометриялық фигура

Соңы

7 мин













3 мин

  • «Ыстық орындық» әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Ыстық орындықтан жауап берген оқушы смайликпен бағаланады.
    Есептер шығару

  • № 4 есеп

  • Генетикалық байланысы бар заттарды химиялық теңдеулер арқылы дәлелдеу

  • № 5 есеп.

  • Берілген айналымдардың химиялық реакция теңдеулерін жазу

Үйге тапсырма:

Сұраққа жауап беріп, алған білімдерін қорытындылайды.

Кері байланыс: Эссе «Мен бүгінгі сабақта...»

(Оқушылар стикерге сабақтан алған әсері, сабақтың ұнаған тұсы, ұнамаған тұсы, келесі сабақты ұйымдастыру үшін өз идеяларын жазып, «Білім» ағашына жапсырады)

Орындық















Қосымша мәліметтер




Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін

тексеруді қалай

жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану

АҚТ

Құндылықтар

А деңгейінде:Квадрат түбірдің қасиеттерін, тиімді жолдарын айт

В деңгейінде оқушыға тапсырма:есептерді квадрат түбірдің қасиеттерінің қайсысын қай есепте қолдануға болатынын айтып бер

С деңгейінде оқушыға тапсырма:Квадрат түбір туралы түсініктеме бер

Смайлик, жұлдызша, бас бармақ, топтар бір-бірін бағалайды.

өзін-өзі бағалайды.

Геометрия, информатика,

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?

Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіземін?




Қорытынды баға




Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?

Критеримен бағалау және топтық жұмыстарды жақсарту




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
7 наурыз
1879
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі