Тақырыбы: « Тұздың
кереметі» Құлыншақ ортаңғы тобында ұйымдастырылған эксперименттік
оқу қызметі.
Күні:30.04.2021
Білім беру
саласы:
«Таным»
Ұйымдастырылған оқу
қызметі: «Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Тұздың
кереметі»
Мақсаты: Балаларға тұздың
пайдалы қазбаларға жататыны туралы мағұлматтар беру. Қоршаған
ортаға деген қызығушылықтарын қалыптастыру, білуге құштарлықтарын
дамыту. Тәжірибе өткізу, ойлау, талқылау, дәлеледеу дағдыларын
дамыту. Табиғат байлықтарына қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
Қолданылатын
құралдар: тұз салынған ыдыс, су
құйылған 2 стақан, қағаз майлықтар, ұлғайтқыш әйнек, , әр балаға 2
жұмыртқадан, банкалар, .Алжапқыш,білепқаптар.
Мотивациялық- қозғаушылық
кезең.
Сабақтың
барысы: (балалар шеңберге
тұрады)
Тәрбиеші:Біз әдепті
баламыз
Айтқан тілді
аламыз
Достарымызды
көргенде
Қуана қарсы
аламыз
\ Үлкенге де сіз,кішіге
де сіз
Сәлем беріп бәріне бас
иеміз біз
(Музыка
дыбысы)
-Тәрбиеші: Балалар,тақтаға
назар аударайықшы (үнтаспадан ғалым Білгішбек)
-Ғалым
Білгішбек:Сәлеметсіңдер ме,балалар! «Мен бірін білгім келеді! »
зертханасына қош келдіңдер! Балалар,,зертханадан түрлі қызықты
тәжірбие жасап көрулеріне болады.
Балалар, қандай затқа
зерттеу жасайтындарынды білу үшін, жұмбақ жасырамын, сендер жауабын
тауып көріңдерші.
Ол болмаса астың дәмі кірмейді,
Кім бар екен әлемде оны білмейтін.
(Тұз)
-Жарайсыңдар,балалар
сендерге сәттілік тілеймін.
-Міне біз ғылыми
зертханаға келдік. Тәжірибе жасау кезінде қауіпсіздік ережелерін
есімізге түсірейік:
Үлкен адамнын
рұқсатыңсыз, үстел үстінен ештеңе алуға болмайды.
Тыныштық сақтау,
басқаларға кедергі жасамау.
Тұрған заттарды ауызға
салуға болмайды.
Құралдарды дұрыс
қолдану керек.
Жұмыс жасап болған, соң
заттарды орнына қою керек.
Ұйымдастыру- іздестіруші
кезең.
Тәрбиеші:Балалар, айтыңдаршы
тұз адамдарға не үшін керек?
Балалар: Ас дайындау үшін
керек.
Тәрбиеші: « Ғажайып дорба»
ойынын ойнайықшы.
Шарты: Ішіне тастар, құм,
тұз, синтепон салынған 4 дорба беріледі. Дорбаны сипап сезу арқылы
тұз салынған дорбаны табуды ұсыну.
Тәрбиеші: Тұздың қалай пайда болғанын білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз.
Тәрбиеші: Ол үшін тұздың пайда
болуы туралы слайдты тамашалайық. (Слайдты
тамашалайды)
Тәрбиеші: Балалар, біздер түрлі
сутоғайларда тұздардың қалай пайда болатынын көрдік. Енді, мен
сендерге тұздың қандай болатынын білу үшін тәжірибе жүргізуге
ұсыныс білдіремін. Келісесіңдер ме?
Балалар: Ия, біздер келісім
береміз.
Тәрбиеші: Тәжірибеге кіріспес
бұрын, тұзбен жұмыс істеуде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерін
еске түсіріп өтелік.
Балалар бұл ережелерді
есімізден шығармайық. (ширманы ашып балалар зертханаға
кіреді)
Балалар: Көзді қолмен ұстамау керек. Егерде денеде жара болса,
тұзды жараға тигізбеу керек.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Сендерде қауіпсіздік ережелерін
біледі екенсіңдер. Тәжірибеге кірісейік!
№1 Тәжірибе: « Тұзды зерттейміз»
-Балалар,алдыларында
тұз салынған тәрелке тұр.Тұзға зер салып қарайықшы?
Тәрбиеші: Тұздың түсі қандай?
Балалар: Тұздың түсі-ақ.
Тәрбиеші: Қолдарыңа ұлғайтқыш әйнекті алып, тұзға жақыннан
қараңдаршы. Тұз неге ұқсайды?
Балалар: Тұз қант, ұн, қарға ұқсайды.
Тәрбиеші: Тұздың дәмін анықтап көрейікші. Ол үшін қасықтың ұшымен
тұзды алып, тілмен жалап көріңдер.
(Балалар тұздың дәмін татып көреді)
Тәрбиеші: Тұздың дәмі қандай?
Балалар: Тұз-ащы.
-Абайлап тұзды иіскеп
көрейік.тұзда иіс бар ма?
-Балалар:Тұзда иіс
жоқ.
Тәрбиеші: Қане,тұздың қатты немесе жұмсақ екендігін анықтап
көрелік.Қолдарыңа қасық алып, тұзды езіп көріңдер.
( Балалар тұзды қасықпен итеріп көреді)
Тәрбиеші: Тұзға не болды?
Балалар: Тұз шытырлайды және езілмейді, өйткені ол қатты.
Тәрбиеші: Балалар, қалай ойлайсыңдар, тұздың исі бар ма? Қане,
тексеріп көрелік. Ыдыстағы тұзды иіскеп көріңдер.
Балалар: Иісі шықпайды. Тұздың иісі жоқ.
Тәрбиеші: Балалар, қорытынды шығарайық: 1.Тұз кристаллға ұқсайды.
2. Шытырлайды. 3.Иісі жоқ, дәмі ащы,түсі-ақ.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар . Қане, музыкалық үзіліс
жасайық.
( Балалар тәрбиешімен бірге әуен ырғағымен қимылдар жасайды)
Тәрбиеші: Біздер қазір тұздың неге судан қорқатынын білетін
боламыз. Екінші тәжірибе жұмысын жасауды
ұсынамын.
№2. «Су қайда
кетті?»
Тәрбиеші: Тәрелкедегі
тұзға 1 қасық су құйындар.Не болды,не байқадыңдар?Су қайда
кетті?
-Балалар: Тұз суды
сіңіріп алды.
-Тәрбиеші: Демек,тұқ
суды өзіңе сіңіреді.
№2 « Тұзды суда
ерітеміз»
Тәрбиеші: Алдыларында су құйылған стақан тұр,стақанға тұз салып
араластырындар.Не көріп тұрсындар,не байқадыңдар?
Қорытынды: Демек тұз
суда ериді.
( Тұзды салып араластырады, қай стақандағы тұздың тез еріп кеткенін
бақылайды)
Балалар: Жылы судағы тұз тез еріп кетті.
Тәрбиеші: Қорытынды шығарайық.Салқын суда тұз жай ериді, ал жылы
суда тұз тез ериді. Сендер қалай ойлайсыңдар, тұзды суда жұмыртқа
батып кетеді ме екен? Қане, біздер оны бақылап көрелік.
№3 Тәжірибе: « Батады-батпайды»
Тәрбиеші: Үстел үстінде екі стақан бар. Көк сызығы бар
стақандағы суға 3 қасық тұз салып араластырып, тұзды су дайындайық.
( Балалар 3 қасық тұз салып араластырады)
Ал, қызыл сызығы бар стақандағы су тұщы су. Қолымызға жұмыртқаны
алып, тұзды суға салайық.
Тәрбиеші: Қай стақанда тұзды су бар?
Балалар: Көк сызығы бар стақанда тұзды су бар.
Тәрбиеші: Балалар, жұмыртқаға не болды?
Балалар: Жұмыртқа судың бетінде жүзіп жүр.
Тәрбиеші: Қане, балалар жұмыртқаны тұщы суы бар стақанға салып
көрелік. Нені байқадыңдар?
Балалар: Жұмыртқа суға батып кетті.
Тәрбиеші: Балалар, біздер тұщы суға тұзды суды құйып араластырып
көрелік. Нені байқауға болады екен. Ол үшін суды аздап және жаймен
құйыңдар. Жұмыртқаға не болды?
Балалар: Жұмыртқа суға батпады, ол стақанның ортасында жүзіп жүр
және үлкен, дөңгелек болып көрінеді.
Тәрбиеші: Сонымен, қорытынды: тұщы суда жұмыртқа батып кетеді, ал
тұзды суда батпайды.
Тәрбиеші: Балалар, шаршаған боларсыңдар. Қане, музыкалық сергіту
сәтін орындайық. (Балалар тәрбиешімен бірге қимылдарды әуенмен
орындайды)
Тәрбиеші: Балалар, сендер Жер асты патшасын қуантқыларың келеді
ме?
Балалар: Ия.
Тәрбиеші: Мен сендерге тұздан Жер асты патшасына арнап кәдесый
жасауды ұсынамын. Сендер тұзды түрлі бояумен бояуға болатынын
білесіңдер ме? ( Тәрбиеші балаларға гуащпен тұзды бояу жолдарын
көрсетеді)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы сендердің үстел үстерінде дайын
боялған тұздар және банка тұр. Осы банкаға 2 қасықтан әртүрлі
түстегі тұздан салып кәдесый дайындаңдар.
(Балалар кәдесый дайындауға кіріседі)
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге « Тұздар туралы біздер не білдік?»
ойынын ойнауды ұсынамын.
( Балалар тұз салынған банканы береді және тұздар туралы алған
білімдерімен ой бөліседі.)
Тәрбиеші: Түлкіжем саңырауқұлағы сен бәрін жазып алдың
ба?
Түлкіжем саңырауқұлағы: Ия, мен жазып алдым.
Тәрбиеші: Олай болса,и Жер асты патшасына тез барып көргеніңді
жеткіз және біздің балалардың жасаған кәдесыйын сыйға берерсің.
Балалар, Түлкіжем саңырауқұлағымен және біздің
қонақтарымызбен қоштасайық.
( Балалар Түлкіжем саңырауқұлағымен және қонақтармен
қоштасады)
Күтілетін
нәтиже:
Біледі: тұздың адам өміріндегі
рөлі туралы түсініктің болуы.
Игереді: құралдармен мұқият
жұмыс істеуді, тұздан кәдесый дайындаудың жолдарын
игеру.
Меңгереді: сұрақтарға толық
жауап беру, өз ойларын жеткізе білу, тәжірибеге белсенді
қатысуы.
«Балдырған» бөбекжай
бақшасы
Білім беру саласы:
«Таным»
Бөлімі:
«Жаратылыстану»
Тақырыбы: «Тұздын
кереметі»
Тобы: «Құлыншақ» ортаңғы
тобы
Тәрбиеші: Айтбосынова
А.С
Сарқан қаласы
2021