Материалдар / Тұздың құпиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұздың құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жоба тұздың пайдасын, құпиясын ашуға бағыт бағдар беру .бастауыш сынып мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылып отыр
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қараша 2021
1489
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы

«Ленин орта мектебі"ММ















Тақырыбы:Тұздың құпиясы

Бағыты: Экология





Бекдәулет Мерей

4- сынып



Жетекшісі:Бегенова Г.К.









2021 жыл



Мазмұны

I.Аннотация-----------------------------------------------------------------------------1

2.Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------2-3

II. Негізгі бөлім

3. Тұздың адам өмірінде алатын орны --------------------------------------------4-5

4. Тұздың көптеген пайдалы тұстары---------------------------------------------6-7

5. Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар---------------8-9

6. Аңыз -әңгімелер-------------------------------------------------------------------10-11

7.Қорытынды------------------------------------------------------------------------------ 12

9. Ұсыныс------------------------------------------------------------------------------------13

10. Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------------------14





















Аннотация

Ас тұзы - қатты және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі.Ауыл шаруашылығында, медицинада, шыны, металлургия, тамақ өнеркәсібінде, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.
Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Есіл, Ертіс, Балқаш маңында тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Ол кәсіпшілікте 10 мыңнан астам адам жұмыс жасайды. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Оба өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетінділігі тақырыптың өзектілігі болмақ.
Менің осы тақырыпты таңдауымның мақсаты - тұздың адам өміріндегі пайдасын ашып көрсету.
Мақсатқа жету барысында міндеттерді алға қойдым:
-тұздың түрлерімен таныстыру
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту
Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.

1

Кіріспе

Зерттеу мақсаты: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап ашып көрсету.
Зерттеудің міндеттері: 
-тұздың түрлерімен таныстыру;
-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;
-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, 
аңыз-әңгімелерді жаңғырту;
Зерттеудің гипотезасы: көп жағдайда тұздың адам ағзасына әсерінің ескерілмеуі.
Тұздың пайдасы, емдік қасиеті және басқа да ерекшеліктері туралы жинақтау.

Зерттеуге болжам: 
Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұзды көлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.

Зерттеу обьектісі: Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай.

Зерттеу пәні: Дүниетану пәніненде оқып үйренеміз.
Зерттеу әдіс-тәсілі:
- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау; 
- статистикалық деректерге сүйену;
- интернеттен ақпарат жинау;
- энциклопедия, кітаптар мәліметтеріне сүйену;

Зерттеудің жаңалағы:Тұз тұтыну үшінде, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді.Тұз – ағзаның дұрыс және толассыз түрде қызмет етіп отыруына арналған қажетті компонент.

2


Зерттеу нәтижесі мен қорытындысы: 
Тұздың құпиясын аша отырып, адам ағзасына әсерін анықтаудың нәтижесінде елімізде игерілмеген тұздыкөлдерден өндіріс орындары мен шипажайлар ашуға бағыт беру



































3

Тұздың адам өмірінде алатын орны

1 Тұздың адам өмірінде алатын орны
1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті
Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат. 
Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.
Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады. 
Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында көрші әжеймен кездесіп сұхбаттастым.Ол кісінің айтуы бойынша:
Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.
Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.
Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.

4


1. Басқа және денеге шыққан теміреткеге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.
2. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, аурған жерді басады.
3. Іш іш кірнепсі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.
4. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп ұлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.
Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.





















5

Тұздың көптеген пайдалы тұстары

  • Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...

  • Қол орамалдарды жуудан бұрын, оны бір уыс тұз ерітілген жылы суға 2-3 сағат бойына салып қойсаңыз, әбден сіңіп қалған дақтарды кетіруде таптырмас көмек болады.

  • Егер табадағы май көпіршіктенсе, оны аздап тұздаңыз.

  • Шикі жұмыртқаны, әсіресе, оның ағын шайқағанда, міндетті түрде тұз қосыңыз: жұмыртқаны шайқау әлдеқайда жеңілдейді (бұл жұмыртқаны қантпен шайқағанда қолданылмайды)

  • Бояудың иісі шығып тұрған бөлмеге тұз салған сауыт қойсаңыз, иіс тез арада жоғалып кетеді.

  • Балық иісі шығып тұрған ыдысты тұз қосылған суық сумен жуыңыз.

  • Ішіне бір шөкім тұз салсаңыз, кофенің дәмі кіре түседі.

  • Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

  • Жұмыртқа пісірілетін суға міндетті түрде тұз салыңыз: жұмыртқа жарылса да, тұзды суда ағып кетпейді.

  • Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

  • Кесілген алма қайнатылғанға дейін қарайып кетпеуі үшін, оны сәл-пәл тұздаған суда ұстаңыз.

  • Егер бір шақпақ қантты ащы тұздалған сорпаға жарты минутқа салып алса, тұзы кемиді. Егер сорпа тым қатты тұздалса, жаңағыдай әдісті екі-үш рет қайталаған жөн.

  • Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

  • Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.

  • Сарғайған терезе жабынын жуудан бұрын, тұзды суға салыңыз.

6

  • Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

  • Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.

  • Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.

  • Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.

  • Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.

  • Денеге тұз жиналса... 
    Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрт күн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, ең бастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөп қосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілік әрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады. 






7

Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар мен тыйымдар

Қазақ халқында тұзға байланысты көптеген ырымдар бар. Мысалы, «Еңбегі – еш, тұзы-сор», «Қызды сөкпе, тұзды төкпе», «Нан мен тұз атсын», «Татар дәм-тұзымыз таусылмаса екен» т.б Сонымен қатар сабақ барысында тұзға байланысты «Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма» деген мақалдың шығуы жайлы әңгіме де шындыққа жанасады.Қазақта тұзды төгіп қойсаң, өмірің ащы болады, тұзды тегін берсең ұрыс – керіске тап боласың деген ырым – тиымдар бар.

Сондай – ақ, көне көз апаларымыз тұзды иығынан үш рет асырып сермесең, барлық аурулар мен жамандықтан аулақ боласың деп жатады.Тұзды сатып беру деген қазақтың ырымында бар ғой негізі. Қойды қант беріп, тұз беріп шақыруға болмайды – ол жаман нәрсе.

Мақал – мәтелдер

1.Нан мен тұздан үлкен тағам жоқ.

2.Тұзсыз ас ауқат болмас ішкенменен,
Май түспес қара суды піскенменен.
3.Ас тұзбен дәмді,
Ал адамзат салиқалы,саналы сөзімен мәнді.

4.Астың дәмі – тұз,
Тұзды уыстап жемес.
5.Түйе «тұз» деп қартаяды,
Бойдақ «қыз» деп қартаяды.
6.Астың дәмін келтірген тұз әулие 
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.

7.Тұз-астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
8.Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.

8

10.Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.
11.Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.
12.Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма?
Міне осындай көптеген мақал-мәтелдердің өзі осы тек тұзға қатысты бекер айтылмаса керек. 770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!