Материалдар / Тұздың құпиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тұздың құпиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеу мақсатым: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарында ашып көрсету. Зерттеудегі міндетім: -тұздың түрлерімен таныстыру; -тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету; -тұзға қатысты айтылған мақалдармен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту; Зерттеуге болжам: Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұздыкөлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді. Зерттеу әдіс-тәсілі: - мерзімді басылымдардан ақпарат жинау; - статистикалық деректерге сүйену; - интернеттен ақпарат жинау; - энциклопедия, кітаптармәліметтерінесүйену; Зерттеунәтижесі мен қорытындысы: Тұздыңқұпиясынашаотырып, адамағзасынаәсерінанықтаудыңнәтижесіндееліміздеигерілмегентұздыкөлдерденөндірісорындары меншипажайларашуғабағыт беру Нәтижелердіқолданудыңпрактикалықаймағы: дүниетанусабақтарында; сыныптантысіс-шараларда;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Ақпан 2023
304
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Мазмұны


I. Кіріспе 5-6

II. Зерттеу бөлімі 7-19

1 Тұздың адам өмірінде алатын орны 7-15

1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті 7-13

1.2.Тұздың денсаулыққа зияны 13-15

2 Менің тәжірибелерім 16-19

2.1.Адамға күніне қанша тұз керек? 16

/чипсы тағамындағы тұздың мөлшерін анықтау/

2.2.Тұзға қатысты мақал-мәтелдер, ырымдар,

тыйымдар, аңыз әңгімелер 16-19

III. Қорытынды 20

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

V. Қосымшалар



























Зерттеу мақсатым: тұздың адам ағзасына пайдасын айқындап, қарама-қайшы зиянды жақтарында ашып көрсету.

Зерттеудегі міндетім:

-тұздың түрлерімен таныстыру;

-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету;

-тұзға қатысты айтылған мақалдармен ырымдар жайлы саралау,

аңыз-әңгімелерді жаңғырту;

Зерттеуге болжам:

Егер тұздың адам ағзасына әсерін айқындап белгілесек, онда көптеген игерілмей жатқан тұздыкөлдерден өндірістік орындар ашып, шипажайлар ашуға көп үлесін тигізер еді.

Зерттеу әдіс-тәсілі:

- мерзімді басылымдардан ақпарат жинау;

- статистикалық деректерге сүйену;

- интернеттен ақпарат жинау;

- энциклопедия, кітаптармәліметтерінесүйену;

Зерттеунәтижесі мен қорытындысы:

Тұздыңқұпиясынашаотырып, адамағзасынаәсерінанықтаудыңнәтижесіндееліміздеигерілмегентұздыкөлдерденөндірісорындары меншипажайларашуғабағыт беру

Нәтижелердіқолданудыңпрактикалықаймағы:

дүниетанусабақтарында;

сыныптантысіс-шараларда;




















Кіріспе


Тұздар қатты (ас тұзы) және еріген күйінде көл, теңіз, мұхит суларында, өсімдіктер мен жануарлар организмінде кездеседі. Тамақ өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, металлургия, шыны, т.б. өнеркәсіп салаларында, тұрмыста кеңінен қолданылады. Тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Қазақстан аумағында тұз қоры өте мол. Тұзды көлдерге суында 3,5%-дан жоғары тұзы бар көлдер жатады. Қазақстанда олар Каспий ойпатында, Арал ойысында, Балқаш маңында, Ертіс, Есіл, тағы басқа өзен аңғарларында таралған. Әсіресе тұзға Каспий маңы ойпаты бай. Ондағы кей жерлерде тұз кабатының қалыңдығы (тұз күмбездері) 2 км-ден асады. Қазақстан жылына шамамен 426 мың тонна тұз өндіреді. Соның ішіндегі 60-65 мың тоннасы ас тұзы. Ал йодталған сапалы тұз бізге Ресей мен Белорусьтен келеді. Елімізде тұз өндірумен 40-тан астам кәсіпорын айналысады. Бірақ ішкі нарықтың жартысынан көбін, яғни, 55 пайызын «Аралтұз» акционерлік қоғамы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар тұз - Батыс Қазақстанның Басқұншақ, Елтон және Елек кәсіпшіліктерінде, Қазақстанның Солтүстік-Шығысындағы Коряков көлдерінде өндірілді. Ол өлкенің өзінде тұтыну үшін, Қазақстаннан тыс жерлерге шығарып сату үшін де өндірілді. Мәселен, 1909 жылы Коряков кәсіпшілігінің өзінде ғана 4 миллион пұтқа жуық тұз өндірілді. Онда 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Коряков кәсіпшілігінде өндірілген тұз негізінен Батыс және Шығыс Сібірге, сондай-ақ Обь өзеніндегі балық кәсіпшіліктеріне жөнелтіліп отырды.Сондықтан елімізде сапалы йодталған тұз шығаратын кәсіпорындардың аз болуы, ал тұз болса адам өмірінде қаншама пайда әкелетіні менің тақырыбымның өзектілігі болмақ.

Менің осы тақырыпты алудағы мақсатым- тұздың адам өміріндегі пайдасын айқындап,қарама-қайшы зиянды жақтарын да ашып көрсету

Осы мақсатқа жету барысында мына міндеттерді алға қойдым:

-тұздың түрлерімен таныстыру (Қосымша- 2)

-тұздың емдік қасиеттерін айқындап көрсету

-тұзға қатысты айтылған мақалдар мен ырымдар жайлы саралау, аңыз-әңгімелерді жаңғырту

Зерттеу жұмысында жинақтау, талдау, ақпарат беру, мазмұнын ашу және т.б. әдіс-тәсілдерді қолдандым.






Зерттеу бөлімі

1 Тұздың адам өмірінде алатын орны

1.1 Денсаулыққа емдік қасиеті

Тұздың адам өмірінде, өнеркәсіп, медицинада адамдардың тұзсыз тамақ ішпек түгілі, өмір де сүре алмайтыны ғылыми тұрғыда дәлелденген ақиқат.

Қазір дәрігерлер науқастарға тұз бен қантта шектеу қойғанымен, оларға тұзды мүлдем қолданба деп ешқандай ақыл-кеңес бермейді. Біздің халқымызда «Ет бұзылса, тұз салар, тұз бұзылса, не салар?» деген қанатты сөз бар. Бұл тұз тәрізді қасиетке ие ешқандай заттың әлемде жоқ екендігін де паш етеді.

Ас тұзының ағзаға қажеттілігі жайлы айтатын болсам. Адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін бірден-бір қажетті зат — ас тұзы. Ол тағамдардың дәмін келтірумен бірге тіндердегі қажетті су мөлшерін реттеп, асқазан сөлінде тұз қышқылын түзеді. Ғылыми зерттеу деректеріне арқа сүйесем, адам ағзасында күн сайын тамақ арқылы орташа есеппен 10—15 граммдай ас тұзы сіңіріледі. Тағамда минералды заттардың, олардың ішінде ас тұзының жетімсіздігі әртүрлі ауруларды тудырады. Егерде жануарларды минералды заттардан біржолата айырса, олар көп ұзамай өліп қалады. Өсімдіктер болса, тұзды топырақтан алады.

Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше екенін мен мектеп аспазшысы Бану апаймен жүргізген сұхбатымнан түсіндім. (Қосымша- 2) Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ. Оның құрамында ағзадан калийдің, яғни өте зиянды өнімнің шығуына ықпал тудыратын натрий орналасқан. Натрий мен кальцийдің ағзада тең дәрежеде жұмыс істеуі бойымыздағы сұйықтықтың белгілі мөлшерін ұстау арқылы, ұлпадағы су мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақтылығын сақтайтын көрінеді. Ең бастысы асқазан сөліндегі тұз қышқылының түзілуіне жағдай жасайды. Сол себептен де, әр тұтынушы тұздың ¼ бөлігін пайдалану қажет. Бұл алмасу процесінің адам үшін өмірлік маңызы бар. Натрий мен калийдің теңгерімі ағзада сұйықтың белгілі бір мөлшерін ұстап отырады, ұлпадағы судың мөлшерін реттеп, қан тамырларының тұрақты күйін сақтап, маңызды компонент – асқазан сөлінің тұз қышқылының түзілу көзі болып табылады. Натрий – жасушааралық кеңістіктегі басты реттеуші, былайша айтқанда, ол біздің ағзамыздың су-электролиттік балансы үшін жауапты. Сонымен қатар, ол қан ағысының қышқылдық құрамы мен артериялық қысымның деңгейін реттеп отыруға көмектеседі. Дәл сол себептен де тұз адамға оның ішкі органдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Мен өзімнің жұмысымды зерттеу барысында мектеп медбикесі Алма апаймен кездесіп сұхбаттастым. (Қосымша- 2).Ол кісінің айтуы бойынша:

Жас нәрестелер тұзды анасының сүтінен алады.

Тұзды сумен тамақты шайқау — тамаққа, тіске пайдалы.

Мұрын қабынуы және гаймориттерге тұзды сумен шайса өте пайдалы.

1. Басқа және денеге шыққан теміреткіге 10 г мөлшеріндегі тазаланған ас тұзын сірке суына ірітіп жақса, бірден ак тандақ болып жоғалады.

2. 1-2 г ас тұзын аз мөлшердегі меруерт ұнтағына араластырып, сірке суына ерітіп, ауызды шайқаса, құрт жеген тіс пен босаған тістің түбі қатаяды. Сірке суына ерітіп, ауыз шайқаса, жоғарыдағыдай ем болады.

3. Зиянды жәндіктер шаққанда, тиісті мөлшердегі ас тұзын зығыр немесе балға қосып езіп, балшық дәрі жасап, жараға жақса, уытты қайтарады, ауырған жерді басады.

4. Ұрылып- соғудан болған немесе буын шығып қайта салғаннан кейінгі ісікті қайтару үшін тұзды езіп, түйе жүніне шылап, ісінген орынға таңады. Мүны сорбақта деп атайды.

5. Іш іш кірнесі ұстағанда, бір кесе тұзды қазанға қуырады да, дорбаға салып, ішке басып, ыстық өткізеді.

6. Ішектің кызметін күшейтіп, кілегейлі қабаттың сұйықтың шығаруын арттырады. Сөйтіп ұлкен дәреттің сыртқа шығуына көмектеседі, белоктың денеге сіңіруін күшейтеді.

Минералды тұздарды адам ағзасы жеген тағам мен ішкен суы арқылы қабылдайды. Адам пайдаланатын барлық табиғи тағамдардың құрамында тұздар кездеседі. Күнделікті тұрмыста ас тұзын табиғи қалпында пайдаланады. «Тұз - астың иманы» деген сөзде терең мағына бар. Тұзсыз астың дәмі татымайды.

Тұз – тісті ағартуда таптырмайтын құрал.

Стоматологке барып, медициналық жолмен тісті ағарту оның эмалін кетіреді деп естідім. Ендеше, ешқандай дәріге жүгінбей-ақ, тісті ағартудың жолы бар ма? Негізінен, тісіңіз ауырмасын әрі маржандай болсын десеңіз, онда алдымен тісті дер кезінде тазалап отыру керек. Ал ағартуға келсек, әрине, оған үй жағдайында қарапайым заттардың көмегімен қол жеткізуге болады. Мәселен, кәдімгі ас тұзының қасиеті өте зор. Себебі күнделікті тісіңізді күніне 3-4 мәрте тұзды сумен шайып отыру оларды маржандай етіп ағартып қана қоймай, күні бойына ауыз қуысын тап-таза етіп сақтайды. Тұзды ерітпей-ақ құрғақтай тіс щеткасымен алып, тісті ысқылауға болады. Тағы бір қарапайым рецепт: жарты шай қасық ас содасына, жарты шай қасық сіркесуын қосып, шымшымдап ас тұзын араластырыңыз да, сол қоймалжың ерітіндіні тісіңізге жағып, 3-5 минут ұстаңыз да, шайып тастаңыз. Әрі арзан, әрі сондай жақсы нәтижеге жеткізетін әдіс сізді стоматологтен құтқаратыны сөзсіз.

Ұзақ уақыт темекі тартқан адамның тісінде сарғаю, тіпті қараю құбылысы пайда болады. Мұны төмендегі әдіспен тазартуға болады:

Алдымен лайықты мөлшерде қара шекерді ауызға салып, дәмі тістің ұңғыл-шұңғылына сіңгенге дейін он минут сору керек. Онан талшығы қатты тіс шөткісімен екі-үш минут ысқылаған соң, ауызды дайындап қойған тұзды сумен (таза суға аз мөлшерде ас тұзы, тамаққа пайдаланатын содадан елу грамм қосылады) бір-екі минут шайып тастайды. Осылайша ертелі-кеш үзбей бір апта жалғастырса, тіс аппақ боп жарқырайды.

Йодталған тұздың пайдасы .

Әркім йодтың қалыпты өсуге, даму мен тіршілік етуге өмірлік қажеті бар микроэлемент екенін білуі тиіс. Йодтың тапшылығы алқымның ісуіне, яғни қалқанша бездің үлкеюіне әкеп соқтырады. Егер йод тапшылығының орнын толтырмаса, қалқанша бездің гормондарды өндіру қызметі бұзылады.

Адам ағзасында йодтың 90 пайызы тағам арқылы қабылданады. Йодтың көпшілігі теңіз өнімдерінде (теңіз балығында, балық майында, теңіз орамжапырақтарында) кездескенімен, оны бір шөкім йодталған тұзбен алмастыруға болады. Қазақстанның аумағында табиғи йодтың мөлшері жеткіліксіз болып келеді, сол себептен біздің көптеген отандастарымыз үшін йодпен байытылған тұз пайдалы болып келеді. Адам өз өмірінде бір шай қасығына сиятын 8 грамм йод тұтынатыны есептелген. Негізінен құрамындағы йод ауаға ұшып кетпеуі үшін тұзды қақпағы жабық ыдыста сақтайды. Йодталған тұздың сақталу мерзімі — 6 ай, мұны сатып алған кезде есте сақтаңыз. Йод жарық әсерінен тез бұзылатындықтан, оны дүкеннен герметикалық орамамен сатып алу қажет. Тұздың қорабындағы кішкентай қуыстың өзі оның құрамындағы йодты азайтады.

Теңіз тұзының шипасы.

Өмірде теңіз тұзын косметика ретінде де қолданатындар бар. Егерде бет безеулі болса, оны (бет терісін) теңіз тұзымен емдеңіз, деп ақыл-кеңес береді

бірқатар халық емшілері. Ол үшін 1 шай қасық теңіз тұзын бір стақан жылы суға салып, жақсылап араластыру керек екен. Сосын онымен безеулі бетті жуып, сүртпей кептіреді. Жарты сағаттан соң мұндай бетті жылы сумен жуады. Күніне бір рет бет терісін осылай жуу екінші аптада-ақ өз нәтижесін беретін болады.

Цистит ауруына тұз шипа.

Аяқтан қатты суық тиген кезде адамның қуығы қабынып ауырады. Мұны медицина тілінде «цистит» деп атайды. Қандай ауруды да соңына дейін емдемесеңіз, созылмалы түрге ауысатыны белгілі. Сол сияқты қуықтың қабынып ауыруы кезінде тек дәрімен шектелуге болмайды. Тіпті дәрінің өзі ауруды түбегейлі жоя алмайды.

Ал бұл ауруға қарапайым ас тұзының шипасы мол. Ол үшін шағын қалтадағы тұзды ыстық табаға салып қуырып, мақта-матадан тігілген дорбаға салады. Сосын қызған тұздың үстіне ол суығанша жалаң аяқ тұру керек. Осындай әдісті 6 рет жасасаңыз, құлан-таза айығып кетесіз.

Адам ағзасында минералды тұздардың кездесу мөлшеріне қарай оларды микроэлементтер мен макроэлементтерге бөледі. Дені сау ересек адамның ағзасына тамақпен келетін тұздардың мөлшері оның денесінен несеппен, термен шығатын тұздардың мөлшерімен дәлме-дәл теңдесіп отырады. Адам көп жұмыс істеп, ағзасына көп күш түскенде, ол ұзақ жүргенде, жаяу жүргенде, жаздың ыстық мезгілінде, ыстық цехтарда жұмыс істегенде термен, несеппен ағзадан көп тұз сыртқа шығатындықтан, тағам құрамындағы тұзды да арттыру, адамның мұндай жағдайда күніне 20 граммға дейін тұз тұтынуын қамтамасыз ету қажет, дейді кейбір мамандар. Дәрігерлердің айтуынша, адамға күніне 10—15 грамм ғана ас тұзы қажет. Бұл қажеттілік негізінен тамақ пісіргенде пайдаланылатын табиғи өнімдердегі (3—5 грамм), нандағы (3—5 грамм), тамақ пісіруге қолданылатын (3—5 грамм), тамақтану үстінде адамның қосымша себетін тұзының есебінен қанағаттандырылатын көрінеді. Жалпы адамдар ежелгі заманнан бері ас тұзын пайдаланып келеді. Және қай халықта тұзды ерекше қадірлейді. Тіпті бұрындары көне Русьте тұз ең бағалы тауарлардың бірі саналған. Оның қымбат болғаны соншалықты, кейбір елдерде ол ақша орнына жүрген.

Сонымен, адамға тұзды қандай мөлшерде тұтыну қажет? Диетологтардың пікірінше, күніне ¼ шай қасық жеткілікті; бұл жуықтап алғанда 500 мг натрийді құрайды. Халық арасында «Астың дәмін тұз кіргізер» дейтін нақыл бар. Адам ағзасы мен денсаулығының беріктігін қалыптастыруда тұздың алар орны ерекше. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі барысында тұз элементі қажетті компоненттердің бірі саналмақ.

Тұз тұрмыс қажетінде Ас тұзын тағам әзірлеу үшін ғана пайдаланбайды, үй шаруасында да көп қажетке жаратады. Сол себепті ең бірінші тұзды дұрыс сақтай білу керек. Тұз үнемі құрғақ болып тұрсын десеңіз, оған аздап картоп ұнын (500 г тұзға — 30—40 г) қосып қойыңыз. Сонда тұз дәмін де, түрін де жоғалтпайды. Және де тұз салынған ыдысқа су сорғыш қағаз немесе біршым- шым күрішті салып қойсаңыз да тұз дымқылданбайды және түйіршіктенбейді.

Халқымыз ерте кезден-ақ тұзды ем ретінде халықтық медицинада пайдаланады. «Шыр» етіп дүние есігін ашқаннан сәбиді күн аралатып,бір жасқа толғанша тұзды суға түсіреді.Тұз денені ширатып,жарақаттың тез жазылуына септігін тигізеді. Малдың түрлі індеттерін де тұз немесе тұз ерітіндісімен емдеген.Қотыр қойды тұзды суға салған, т.б.

Қазақ айтса, айтқандай, тұздың тамақ дәмін келтіруден басқа көптеген пайдалы тұстары бар екен...

1. Үйді сырлағанда немесе бөлмені бояғанда, немесе иіссудың жағымсыз иісі жайлап кетсе, құтыға тұз салып, аузын ашып қойыңыз. Иіс жоғалып, тұзға сіңеді.

2. Балық пісірілген ыдыста балық иісі ұзақ уақыт сақталып қалса, кетіру үшін, тұз қосылған суық сумен ысқылап жуу керек. Иістен түк қалмайды.

3. Кофенің дәмін келтіру үшін, бір болар болмас тұз салсаңыз жетеді

4. Табаға май салып қызған кезінде, көпіріп кетсе, аздап тұз салу керек.

5. Қол орамалда дақ сіңіп қалса жұмас бұрын, бір уыс тұз ерітілген жылы суға салып қойсаңыз, жоқ қылады.

6. Сарғайған терезегеде дақ түссе осылай жасаңыз.

7. Жұмыртқаны қайнатқыңыз келсе, суға тұз салыңыз. Су ішінде жұмыртқа жарылсада да, ақуызы сыртқа шығып кетпей, бірқалыпты піседі.

8. Кесілген пиязды тұздап қойса, өзінің қалпын ұзақ сақтайды.

Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса,май ерімейді.

Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.

Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.

Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.

Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады.Осындай қызықты деректерді жинау арқылы өзіме көптеген ой түйіп, біраз қызықты мәліметтерге тап болдым. Және айтылған ең қызықты дегендерін үлкендердің көмегімен және жетекшімінң көмегімен тәжіреибеден өткізіп көрдім.

1.2.Тұздың денсаулыққа зияны.

Мен өзімнің ғылыми жұмысымда тұздың тек қана пайдалы жақтарына тоқталмадым, сонымен қатар зиянды жақтарына да тоқталдым.Іздене отырып, мынандай мәліметтерге тап болдым.

1. Тұзды мөлшерінен артық пайдаланса кейбір ауруларға әкеледі: қан қысымының көтерілуіне, бүйрек ауруларына шалдықтыралы.

2. Түз қорытылмайды, ағзаға сіңбейді. Қоректік қасиеті жоқ. Тұздың құрамында витамин, тірі қоректік заттар болмайды. Керісінше, бүйрекке, өтке, қуыққа, жүрекке, қан тамырларына зиян. Тұз бұлшық еттерді құрғатып, келеңсіз жағдайға жетелейді.

3. Тұз жүрекке у болуы ықтимал, сондай-ақ жүйкеңіздін қозуын арттырады.

Тұз ағзаңыздағы кальциді шайып, асқазан-ішек жолдарындағы кілегей қабығына әсер етеді. Егер тұз сондай зиян болса, неге кеңінен пайдаланылады? Негізгі себебі мынада, мыңдаған жылдар бойы тамақты тұздап сақтау әдетке айналып кеткен. Осы әдеттің қалыптасуы, адам ағзасына тұз қажет деп есептеуден шыққан. Бірталай халықтар, мысалы эскимостар ешуақытта тұз жемейді және осыдан зиян да шекпейді. Осы әдеттен кұтылған адамға тұздың әсері, өмірі темекі шекпеген адамның темекі шеккеніндей. Кейбір жануарларға, әсіресе үй кұстарына тұз нақтылы у. Шошқалар, тұзды мөлшерден артық жеп қойса қырылып қалады.

Тұз қан қысымына қалай әсер етеді?Қан қысымының көтерілуіне не әсер етеді? Дәрігелерге бірнеше себептері белгілі: ширығу, шаршау, кенеттен алған рухани соққы, темекіден, автокөлік газынан, тамақ қоспасынан, дәрілердің және өнеркәсіптің жанама өнімдерінен улану.

Осылардың әсерінен өзіңді қалай сақтандыруға болады? Әрине, ең дұрысы осылардан ауаша болу. Жоқ дегенде осы себептердің біреуінен құтылуға болады. Ол натрий хлориді, немесе ас тұзы. Әңгіме, қан қысымының басты себепкері туралы болып отыр. Артық салмақтан азап көріп жүрген азаматтарымызға тұздың әсері қалай? Өздеріңізге мәлім, семіздік пен қан қысымының көтерілуі қатар жүреді. Өте толық адамдардың қанқысымының жоғарлауы мен тұздың арасында байланыс бар ма?

Тұздамағанның өзінде де, табиғи натрий - жемістерде, балықтарда, етте т.б. тағамдарда жетерлік мөлшерде болады. Осы табиғи натрий ағзаның сұранысын толық қанағаттандырады. Бүған тамақтарына тұз қолданбайтын көптеген елдердің тарихы дәлел бола алады. Америкалық үндістер тұздың не екенін Еуропалықтар келмегенше білмеген. Жаңадан барғанда, Колумб және басқа атақты зерттеуші ғалымдар үндістердің денсаулықтарының өте жақсы екеніне таңырқаған.

Денеге тұз жиналса...

Мұнан ашығып арылатындар да бар. Тек олар төрткүн бойы тазаланған суды қалағанынша ішіп, кіші дәретін тексеру арқылы ағзасының тұздан тазарып жатқанын анықтайды. Таңғы алғашқы кіші дәретті жинап, салқын жерде екі- үш апта ұстап, жарыққа апарып қарағаныңызда түбінде тұнған натрий хлоридін, басқа да қалдықтарды көре аласыз. Ағзаны тұздан тазалағанда оны шектеп, еңбастысы, жаңадан үзіп алынған жеміс- жидектерді, көкөністерді, шөпқосылған (емдік) салаттарды жеген дұрыс. Сонда тамақтың 60 пайызы шикі және дайындалған көкөністер болса тіпті жақсы. Жеміс-жидек, көкөністер сілтілі кәрекет береді, ағзаңыз түрлі тұздар мен улардан тазарады.

Денеге тұз жиналып, аяқ басу ауырлағанда оны балдыркөкпен де (сельдерей) емдеп, тұздан арылтуға болады. Оның шипалық шарасы: 1 ас қасық балдыркөк дәнін 2 стақан қайнаған ыстық суға 2 сағат бойы бұқтырады, сүзеді. Сосын бір стақан тұнбаны төртке бөліп, күніне 3 рет ішеді. Осы тұнбаны ішу буын ауруын жеңілдетеді. Егер де арқа, мойын остеохондрозымен ауырсаңыз, осы тұнбаны 2 ай бойы ішу қажет. Сонда қимыл-қоз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!