Түзете-дамыту бағдарламасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түзете-дамыту бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған түзете-дамыту бағдарламасы баланың жасына, жеке ерекшеліктеріне, аң,арымына қарай 1 айналымға құрастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін

__________202___жыл

«№___ППТК»КММ әдіскері

_________

3. ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаны әзірлеу күні:

Баланың аты-жөні:

Туған жылы, айы: 11.11.2016жыл

Олигофренопедагог:


Мерзімі


Даму жұмысының бағыттары

Күтілетін нәтижелер

Жетістік туралы белгі

Ескертпе




Айналым:






Оқу мерзімі:



Сенсорлық дамуы



қарама - қарсы тұрған адамның денесінде бағдарлау: өзінде және адамда дененің бөліктерін көрсету; «мынау – анау», «алыс - одан әрі, жақынжақынырақ» нысандардың орналасуын ажыратады;



әр түрлі заттардың ауырлығын ажырату (мақта, шегелер, кесектер); таныс және бейтаныс заттарды сезу (көру үлгісі бойынша);



бірізділік қатынасын орнату: алдымен – содан кейін; орындалған тапсырманы үлгімен салыстырады;



заттық 2 суретте айырмашылықтарды табу; себеп-салдар байланыстарын (сурет, суреттер сериялары, мультфильмдер, мәтін) анықтай алады.



Қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыру



1ден 10ға дейінгі сан таңбасын таниды.



10 саны көлеміндегі заттарды көрсету ишаратын пайдаланып санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді;



10 саны көлеміндегі зат топтарын «артық» және «жетіспейтін» санды тірек ете отырып салыстырады;



1, 2, 3, 4, 5,6,7,8,9 цифрларын, олардың сан қатарындағы орнын біледі, заттарды, дыбыстарды, әрекеттерді сәйкес сандармен сәйкестендіреді;



«Нумикон» оқыту жүйесімен танысты.



Графикалық дағдыларын қалыптастыру



Үлгі бойынша дұрыс жазуға машықтанады.



Затты сипап сезу немесе оны саусақпен контуры бойынша бастырып шығады.



сынық және ирек сызықты айналдырып сыза алады.



үлгі бойынша ыдысқа, ойыншыққа, қағаз сұлбаларына сурет салады;



Айналамен таныстыру



Өзі, өзінің аты-жөні туралы айта алады;

өзін және отбасы мүшелерін біледі;



«Сенің жасың нешеде» сұрағына жауап береді немесе көрсетеді;



тұрмыстық заттар туралы түсінігі бар;



заттарды біледі және топтастырады (ойыншықтар, ыдыс, жиһаз, көлік, киім, аяқкиім);



тірек суреттер бойынша жыл мезгілдерін (көктем, жаз) ажыратады;



көкөністерді, жемістерді, жидектерді атайды және көрсетеді;



үй және жабайы жануарларды жіктейді;



апта күндері туралы түсініктері бар;



кейбір азық-түліктерді ажыратады;



Іскерлік қасиеттерін дамыту



ойын әрекетін орындауға қызығушылық білдіреді;



ересектердің көмегімен және көрсету бойынша заттық-ойын әрекетін жүзеге асырады;



екі немесе үш бөліктен қарапайым тізбекке жеке заттық-ойын әрекетін біріктіреді;



Ұсақ саусақ моторикасын дамыту



фигураларды, ою-өрнектерді үлгі бойынша салу; бояуды, штриховкаларды, контуры бойынша, нүктелері бойынша жиектеуді орындайды;



суреттерді үлгі бойынша салып бітіреді;



алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады;



Орташа балл




3.1. Түзету-дамыту бағдарламасының мазмұны

Дамыту жұмысының

бағыттары

Дамыту жұмысының әдістері, әдістемелері, тәсілдері, құралдары.

Сенсорлық дамуы



Ағаш ойыншықтар мен ойын атрибуттары.

(дидактикалық үлестірме материалдар, ойындар)

«Сортер» -пішіндер (басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны), үшбұрышты ерекшелеу)

«Пішіндер» (ағаш тақтайшалар) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету тапсырмалары.

Көлемді геометриялық пішіндерді (шар,текше)

«Фигураларды аяқта» қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы.

«Құрастыру» жаттығуы-Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квдраттарды қолданып, баладан мүмкіндігіншн көбірек заттардың суретін салуын өтінеді.
«Фигураларды боя» жаттығуы-Балаға геометриялық фигуралар салынған қағаз парағын береді де түрлі түсті қарындашпен олардың әрқайсысын бояуын өтінеді.

«Түрлі түсті инелі шарлар» -қызыл, жасыл, көк, сары.

Екі-үш бөліктен тұратын үзік картинкалар;

«Сенсорлы ағаш» ойыншығы-бауға жемістер мен гүлдер, қоңыздарды өткізу, түстерін сәйкестендіру, ажырату.

Кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анда-мында) бойынша әдіс-тәсілдер.

Есте сақтауды дамыту ойыны-«Құстар»;

Есті дамыту ойыны «Мен қапқа салдым ...»

Логикалық Дьенеш блоктары.

Әйгерім Аюбек «Логикалық қызықты тапсырмалар»


Қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыру

Пирамида «Шелектер» 1ден 10ға дейінгі сан таңбасы.

Заттық-көрнекілік іс-әрекетте +1, -1 жолдармен 10ға дейінгі сандардың жасалуына үлестірме материалдар.

Санауға арналған карточкалар, заттар мен ойыншықтар.

«Нумикон» оқыту жүйесі.

«Қоян үшін үй жаса».

Мен қоянға мынадай үй жасадым (үстелге Нумикон пішіндерінен үй салу).

Дефектолог: Қоянға біз жасаған үй өте ұнады, ол онда өмір сүргісі келеді екен. (қолында ойыншық бар, ол үйден шығарылған), бірақ ол үйге жете алмайды, жол жоқ. Үйге дейін жол жасайық.

Бала: жолды төсейді (пішіндерді кез-келген тәртіпте қоюға болады).

Дефектолог: - енді қоянды үйіне алып кел.

Бала: жол бойында қоянның жүруіне еліктейді.

Дефектолог: - қоян үйде жайлы өмір сүруі үшін оған сыйлық ретінде әдемі түрлі-түсті кілем жасайық.

Бала: пішіндерді ақ бөртпелі тақтаға шашыраңқы түрде орналастырады, біртіндеп ақ бөртпелі тақтаның кеңістігін толтырады.


Графикалық дағдыларын қалыптастыру

Графикалық дағдыларын қалыптастыру құралдары.

Жазу үлгілері. «Әдемі жазу, көркем жазу» дәптерлері.

Қарапайым сурет салу құралдары. «Арт-терапия» әдістері.

Сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдері.

«Үлгіні көшіру» жаттығуы.

В.Г.Дмитриев «Альбом по развитию мелкой моторики от 4 до 6 лет»

Айналамен таныстыру


Қоршаған ортаның әр түрлі заттарын зерттеу әдістері. Ой-өрісті дамытуға арналған ойындар: «Жемістер мен көкөністер» , «Ойыншықтар», «Сандар», «Хайуанаттар бағында», «Әліппе», «Бір сөзбен айт»,т.б. «Отбасы» суреттері.

Сортер- «Үй жануарлары»

Ағаш пазлдар: «Жабайы жануарлар», «Маша және аю»;

Есте сақтауды дамыту ойыны-«Құстар»;

Суретті домино: «Аңдар», «Үй жануарлары»;

Шнуровка: қоңыз.

Магнитты бөлшектер: жануарлар.

Лото: «Жемістер мен жануарлар»

Өз дене бөліктерін ерекшелеуге арналған үлестірме материалдар: карточкалар, ойыншық, қуыршақ, т.б.

Жаттығу «Ұғымдар арақатынасы» Бала назарына ағаш бұтағы дамуының -қыстан күзге дейін төрт кезеңі бейнеленген суретті ұсыныңыз. Баладан суреттерді мағынасы бойынша орналастыруын өтініңіз.

«Артықты тап» ойыны. (ұғымдарды жалпылауға, объектілерді жіктеуге, олардың қасиеттерін анықтауға үйретеді).

«Бәрі қандай жасыл» (байқағыштықты дамытады, түстердің реңін ажыратуды, табиғаттың әртүрлілігін көруді үйретеді).

«Кім кімнің туысы?» (Классификация және жалпылау) Балаңызға қайыңның туысқандарын табуды ұсыныңыз. (еменнің, алма ағашының, т.б.) - атасын, әжесін (кәрі ағаштар),әпкесін, балаларын және неге олай таңдағанын түсіндіру керек.

«Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары.

Ойын барысы: Дефектолог балалардан жылдың қай мезгілі екенін сұрайды. Жыл мезгілі төрт бөліктен тұрады,әр бөлікке сәйкес мезгілдердің ерекшелік карточкасы бар. Балалар жыл мезгілдерінің өзгерістері карточкасын алып сәйкес келетін мезгілдерге қойып шығады.(мысалы:қыс мезгіліне қар,шырша,аққалат.б.)


Сөйлеу тілін дамыту

«Дыбыстарды анықта»жаттығуы-Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған.

О.П. Киберчук «Саусақтар жаттығулары», «Тіл ұстарту жаттығулары». О.С. Ушакова «Развитие речи 4+»

Сөйлеуді дамыту(баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және

қалыптастыру):

1) сөздік материалды (педагогпен бірге, педагогтан кейін) бейнелейтін-

ілесетін сөздермен айтып беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;

2) баланы барлық сабақтарда, тұрмыста бейнелейтін-ілесімді сөздер мен

сөз тіркесін айтуға үйрету;

3) баланы сабақта және тұрмыста ауызша сөздерді (бер, ал, көрсет,

көмектес) айтуға үйрету;

4) сабақ пен тұрмыстық жағдайды (жуу, қолды сүрт, дәретханаға

барыңыз) ұйымдастырумен байланысты нұсқаулықтарды түсінуге және

орындауға үйрету;

5) көру-есту арқылы қабылдау кезінде таныс сөздер мен сөз тіркесін

жақсы ажыратуға үйрету;

6) күнтәртіп сәттерін және сабақ процесінде педагогтың көмегімен «Бұл

не? Мұнда не бар?» сұрағын қолдануға (ауызша және карточка бойынша),

заттардың атын айқындау;

7) қысқа сөз тіркестерін және сөздерді бейнелі айтуын немесе өздігімен

әрекеттенуін қалыптастыру ;

8) ауызша нұсқаулықтарды (бұйрық райдағы етістікті қолдану) түсінуге

және орындауға үйрету: «Бер, берд оп (алма…), басты көрсет (аяқ,қол),

шаршыны ал (қуыршақты )»;

9) ашық райдағы етістікті қолдануы бар сөйлемді түсіну және ажыратуға

үйрету: «Аю құлады»,«Бала жүгіріп барады». Суреттегі бейнеленген әрекетті

көрсету.

160. Сөздік материал (сабақтар мен тұрмыста қолданылады): жуу, сүрт,

маған кел, бар серуенде, ал, көрсет, қой, сөйле, жабыстыр, сурет сал, жүгіреді,

жейді, ішеді, жүріп келеді, отыр; апа, (атай), ата, аға, ұл, қыз; сүт, компот; қияр,

қызанақ; апельсин; пальто, тон, қалпақ, қолғап, орамал, шұлық; етік, пима; бас,

қол, аяқ, көз, құлақ, ауыз, мұрын; сиыр, ат, үйрек, әтеш, қоян, түлкі, қасқыр,

көбелек, қоңыз; кесе, тәрелке, қасық; үстел, шкаф, орындық, төсек; қыс, суық,

қар (жаңбыр) жауды, көктем, күн жарқырап тұр, жел соғым тұр, жылы,

шөп,гүл, жапырақ, үлкен, кіші, таза, кір, қызыл,жасыл, көк, сары, тәтті, дәмді.

Қайда? Қандай? Не бар? Жуу (сүрт) қолыңды (аяғыңды..). Тәте (мама),бер (ал)

доп (қуыршақ, қоян). Аяғыңды көрсет (көз, құлақ, ауыз). Қасықты қой

(қалпақты…). Ұл ( қыз) жүгіреді (отыр, құлады).


Іскерлік қасиеттерін дамыту

ойын әрекетін орындауға қызығушылық білдіреді;

ересектердің көмегімен және көрсету бойынша заттық-ойын әрекетін жүзеге асырады;

екі немесе үш бөліктен қарапайым тізбекке жеке заттық-ойын әрекетін біріктіреді;

Ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Құрылыс материалдары (конструктор, текшелер, т.б.)

Марблс тастары.

«Су-Джок» терапиясы.

Мүсіндеуге, сурет салуға арналған құрал-жабдықтары.

Жаттығу: «Түрлі-түсті моншақтарды өз ұяшығына сал»

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түстері әртүрлі моншақтар, ыдыс, түрлі-түсті жұлдызшалар.

Барысы: Балаға бірнеше бөлікке бөлінген ыдыс ұсынылады.Әртүрлі түсті моншақтар ыдыстың дәл ортасына араластырылып салынады.Ыдыстың жан-жағында орналасқан бөлшектеріне түстер бейнеленген жұлдызшалар салынады.Бала жұлдызшаның түстеріне байланысты моншақтарды бөліп салып шығуы тиіс.

Жаттығу: "Судан заттырды қасықпен ал".

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Су құйылған үлкен ыдыс, түстері әртүрлі таяқшалар, қасық, түрлі-түсті құты.

Барысы: Баланың алдына су құйылған ыдыс беріледі.Ыдыстың ішіне сумен бірге түстері әртүрлі таяқшалар салынған.Бала түстеріне байланысты таяқшаларды столдың екінші жақ шетінде тұрған түрлі-түсті құтыларға түстеріне байланысты қасықпен алып салуы қажет.

Жаттығу: «Ұнтақ жармамен сурет салу»

Ұнтақ жарма құрылымы бойынша теңіз құмына өте ұқсас болып келеді.Баламен жұмыс жүргізу барысында теңіз құмының орнына тоңазытқышқа 5 минутқа салынған ұнтақ жармасын қолдануға болады.Баланың орындығына екі жақты скотчты пайдалана отырып орындыққа бекітіп, табаққа 5 мм тереңдікте ұнтақ жармасын салып пайдалануға болады.

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

Ұнтақ жармамен сурет салудың нұсқалары:

-Әріптер мен сандарды үйрету.

-"Қазына іздеу" ұнтақ жармамен және қарақұмықпен немесе күрішпен сурет салу.(Ұнтақ жармасының арасына түрлі-түсті күріштер, қарақұмық, моншақтар жасырып қою)

-Ұнтақ жармасына көптеген суреттер салуға болады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Табақ және ұнтақ жарма, әртүрлі моншақтар.

Барысы:

-Балаларға ұнтақ жарма салынған табақ беріледі.Балалар табақтарда жасырынып тұрған моншақтарды табуы қажет.

-Ұнтақ жармасына күн, үй, ағаш, алма, бұлттың суреттерін салу.

Жаттығу: «Түрлі-түсті түтікшелер алқасы»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Баланың көріп қабылдауын дамыту. Сипап сезуді қалыптастыру. Бала түтікшелерді түстері бойынша ажырата білуді үйренеді.Түтікшелерді жіпке тізуге дағдыланады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қорапшаларға салынған түтікшелер және жіптер.

Барысы: Балаларға әр түрлі түстерге боялған түтікшелер ұсынылады. Және әр түрлі түсті жіптер қосымша беріледі.Бала өзіне түскен жіптерді пайдалана отырып, сол жіптің түсіндей түтікшелер алқасын тізіп шығады.

Жаттығу: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Жіп, түрлі түсті суреттер және қарындаш.

Барысы: Балаларға Жіптің бір жақ шетіне қарындаш, екінші жақ шетіне түсті суреттер бекітілген жіп ұсынылады.Ойынды баста деген нұсқау берілгеннен кейін балалар қарындашқа жіпті жинай бастайды.

Жаттығу: «Кім немен қоректенеді?»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Жануарлардың нелермен қоректенетіні жайында білімдерін кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: шырпы қорапшалары, сыртында жануардың суреті, ішінде қорегінің суреті.

Барысы: Әр балаға сыртында жануарлардың суреттері бар шырпы қорапшасы таратылады.Баладан бұл қандай жануар? Немен қоректенеді деген сұрақтар қойылады?Бала сұрақтарға жауап беріп бөолғаннан кейін қорапшаны ашу ұсынылады.Қорапшаның ішінде дұрыс жауабы жасырынған.















Бекітемін

__________202___жыл

«№ ____ППТК»КММ әдіскері

_________

3. ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаны әзірлеу күні:

Баланың аты-жөні:

Туған жылы, айы: 18.02.2013жыл

Олигофренопедагог:

Мерзімі


Даму жұмысының бағыттары

Күтілетін нәтижелер

Жетістік туралы белгі

Ескертпе



Айналым:





Оқу мерзімі:


Танымдық әрекеттерін түзету



Қарама-қарсы тұрған адамның денесінде бағдарлай алу: қарамақарсы тұрған адам өз денесінің бөлшектерін (оң, сол) көрсетіп атайды;



Суретте кейіпкер қандай қолымен әрекет етеді, ол қай жағынан тұрғанын анықтайды;



Нысандардың өзара орналасуын сипаттайды;



Нысандардың қатарының орналасуын кеңістіктік талдай отырып орындайды



Түстерді және олардың реңктерін жіктейді; түсті қатарда заңдылықтарды орнатады; негізгі белгісі ретінде сериялауды орындайды;



Негізгі белгі ретінде көлемі бойынша сериялауды орындау; салмағы бойынша сериялауды орындайды;



Ерекше қасиеттері бойынша заттарды жіктейді;



Сипаты бойынша нысандарды таниды;



Сурет, сөздік, сызба бойынша (пиктограмма) жоспарға сүйеніп тәжірибелік ойын, зияткерлік әрекеттерді орындайды.



Математикалық білімін кеңейту



нөмірлеу: 21-100 сандары; дөңгелектеген ондықтардың құрылуы және жазылуы; сандардың қатарындағы дөңгелектелген ондықтың реттілігі; дөңгелектелген ондықтарды салыстыру; бірінші ондықтың және дөңгелектелген ондықтың сандарын салыстыру;



21-ден 99-ға дейінгі толық сандардың құрылуы үш тәсілмен: бірнеше ондыққа бірнеше бірліктерді қосу, алдыңғы санға 1 қосу, тікелей деректерден кейінгі саннан 1 шегеру; 21-ден 99-ға дейінгі әр санның жазбаша түрі, сандағы санның орындық мәні; сан разрядтары: бірліктер, ондықтар; олардың разрядтық қатардағы орны;



арифметикалық амалдар: ауызша есептеу тәсілімен ондықтан асырмай 100 шамасындағы сандарды қосу және азайту (есептеуді жоғарғы разрядтан бастау);



ондықтан өтіп 20 шамасындағы санды қосу және азайтуды қайталау; бір және екі таңбалы сандарды разрядқа өту арқылы жазбаша түрде қосу және азайту;



100 шамасындағы сандарды көбейту және бөлу кестесі: 2, 3, 4, 5 сандар үшін 20 шамасындағы сандарды көбейту және бөлу кестесін қайталау;



арифметикалық есептер: соманы, қалдықты табуға, санды бірнеше бірлікке көбейту мен азайту, белгісіз қосындыларды, азайтындыларды, шегеруді табуға арналған қарапайым мәтіндік есептер;



шамалар: құнның өлшем бірлігі: теңге мен тиын; белгіленуі; сәйкестендірілуі 1 тг.= 100 тн.

ұзындық өлшем бірлігі:; сәйкестендірілуі: 1 см = 10 мм, 1 дм = 10 см, 1 м = 10 дм, 1м = 100 см;

уақыт өлшем бірлігі: жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут, секунд; белгіленуі 9 мен сәйкестендірілуі;

салмақ өлшем бірлігі: килограмм, центнер; белгіленуі: кг, ц; сәйкестендірілуі; олардың тағайындалуы;

шаманы өлшеу барысында алынған сандардың жасалуы түрлендіруді талап етпейтін және талап ететін шамаларды өлшеу кезінде алынған сандарды қосу және азайту;



көрнекі геометрия элементтері: шеңберленуі, шеңбер, доға; бұрыш; төбесі, бұрыштың жақтары; бұрыштардың түрлері: түзу, тұйық, үшкір; тұйық, тұйықталмаған сынған сызық; тұйық сызық-көпбұрыштың шекарасы; шаршы, тіктөртбұрыш; пішіндердің элементтері: шыңы, бұрыштар, жақтары (негіздері: жоғарғы, төменгі; бүйір жақтары);



Дүниетанымдық түсініктерін жетілдіру.



Қоршаған әлем, үй жануарлары, жабайы жануарлар туралы түсініктері бекітіледі.



Үй құстар туралы түсініктері бекітіледі.



Жемістер мен көкөністер туралы түсініктері бекітіледі.



Жыл мезгілдері, табиғат құбылыстары түсініктері бекітіледі.



Отбасы туралы, өзі туралы әңгімелеуді дамыту.



Сөйлеу тілін дамыту, оқу, түсіну, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.



тыңдалым: таныс сөздер мен қысқа фразаларды ұғады, күнделікті өмірде жиі қолданылатын сұхбаттарды пікірлейді, сурет бойынша жұмыс, сұраққа жауап, өз бетінше жұмыс, тағы басқа әр түрлі әдістермен алмастырылып отырады;



айтылым: диалог, баяу, нақтылы, түсінікті берілген сұхбаттарды түсінеді, айту, өзіне қойылған қарапайым, жеңіл сұрақтарға жауап береді.



оқылым: таныс атауларды, сөздерді оқып, түсінеді, түрлі түсті суреттермен безендірілген мәтіндерді оқып, түсінеді, оқу техникасын жетілдіреді, қисынды ойлау қабілетін, өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жандандырады.



жазылым: аты-жөні, мекенжайы туралы жазу, мерекелерге арналған қысқа құттықтаулар жазу, жазу дағдыларын нығайтады, жаңа грамматикалық тақырыптарды еңгізу, жазу ережелерін көрнекілік бойынша үйренеді;



тілдік нормаларды қолдану: зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің анықтамасы мен түсініктері, заттың атын, сынын, санын, іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажыратады, ауызша және жазбаша тілде қолданады.



Фонематикалық есту қабілеті және қабылдауының жағдайы.



Дыбыстардың естілуіне назар аудара отырып оларды естілуі бойынша қабылдай алуын дамыту.



Сөздерден белгілі бір дыбыстың турған орнын(басында, ортасында, аяғында) анықтауға үйрету.



Фонематикалық есту қабілетін дамыту үшін арналған жаттығулар орындату.



Ұсақ және ірі саусақ қол моторикасын дамыту.



Өлең, тақпақтар арқылы сергіту қимыл- қозғалыс ойындарын ойната отырып, қимыл- қозғалыс бұлшық еттерін дамыту.




Орташа балл:





3.1. Түзету-дамыту бағдарламасының мазмұны

Дамыту жұмысының

бағыттары

Дамыту жұмысының әдістері, әдістемелері, тәсілдері, құралдары.

Танымдық әрекеттерін түзету



Ағаш ойыншықтар мен ойын атрибуттары.

(дидактикалық үлестірме материалдар, ойындар)

«Сортер» -пішіндер (басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны), үшбұрышты ерекшелеу)

«Пішіндер» (ағаш тақтайшалар) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету тапсырмалары.

Көлемді геометриялық пішіндерді (шар,текше)

«Фигураларды аяқта» қабылдау дәлдігін дамыту жаттығуы.

«Құрастыру» жаттығуы-Геометриялық фигураларды: дөңгелек, жартыдөңгелек, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, квдраттарды қолданып, баладан мүмкіндігіншн көбірек заттардың суретін салуын өтінеді.
«Фигураларды боя» жаттығуы-Балаға геометриялық фигуралар салынған қағаз парағын береді де түрлі түсті қарындашпен олардың әрқайсысын бояуын өтінеді.

«Түрлі түсті инелі шарлар» -қызыл, жасыл, көк, сары.

Екі-үш бөліктен тұратын үзік картинкалар;

«Сенсорлы ағаш» ойыншығы-бауға жемістер мен гүлдер, қоңыздарды өткізу, түстерін сәйкестендіру, ажырату.

Кеңістікте заттардың орналасуы (жақын-алыста, анда-мында) бойынша әдіс-тәсілдер.

Есте сақтауды дамыту ойыны-«Құстар»; Есті дамыту ойыны «Мен қапқа салдым ...»

Логикалық Дьенеш блоктары. Әйгерім Аюбек «Логикалық қызықты тапсырмалар»

«Сиқырлы суреттер»

Ойынның мақсаты: балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстерін дамыту.Ойынның құрал-жабдықтары: әр түрлі сурет бөлінділері.

Ойынның мазмұны: Балалар алдарындағы үлгі бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет бойынша әңгіме құрауды ұсыну.

«Не қайда жатыр?»

Ойынның мақсаты: Баланың ой өрісін кеңейту,ойлау қабілетін дамыту,зейінділігін арттыру.

Ойынның мазмұны: Дефектолог балаларға кез келген затты айтады. Ойынға қатысқан балалар сол заттың қайда жатқанын анықтап,сипаттайды.

«Не өзгерді?»

Мақсаты:Көру арқылы ойлау қабілеттерін арттыру.

Көнекіліктер:Жеміс пен көкөністің мульяжы.

Ойын барысы:Педагог жеміс пен көкөністің бір-екі түрін араластырып қойып. Балаларға көздерін жұмуын сұрайды. Сол арада жеміс пен көкөністің арасынан біреуін алып жасырып қояды. Көзін ашқан балалардан не өзгергенін сұрайды. Ойын осылай жалғасады, барлық балалармен бірге ойналады.

«Зейінді дыңда»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.

Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Доңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.
Мазмұны.
Бұл ойында дефектолог сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді.

Математикалық түсініктерін дамыту

Пирамида «Шелектер» 1ден 10ға дейінгі сан таңбасы.

Заттық-көрнекілік іс-әрекетте +1, -1 жолдармен 10ға дейінгі сандардың жасалуына үлестірме материалдар.

Санауға арналған карточкалар, заттар мен ойыншықтар.

«Нумикон» оқыту жүйесі.

«Жарма ішінен пішіндерді іздеп тап» (жолбарыс тапсырмалары)

-Мына ыдыстың ішінде пішіндер тығылып қалыпты, сен маған соларды тауып бер. (бала жармаға қолын салып пішіндерді алады)

-Бұл пішіндердің түстері қандай екен?

-Жарайсың, енді бұл пішіндерді кішкентайынан бастап тізіп көрейік.

-Мынау қанша? Бір. Келесі? Екі. Келесі...

Сандармен сәйкестендіру.

-Мен саған цифрлар жазылған карточкаларды берем, ал сен болсаң оларды тиісті пішін астына қой.

(Цифрлар жазылған карточкалар беру. Пішіндермен сәйкестендіріп шығады.) Тура және кері санатамыз.

«Қанша болса, сонша»

Ал, енді пішіндерде қанша тесік болса, сонша моншақ қойып шық. -Сана, қанша?

«Мен қалай тізіп қойсам, сенде солай қой»

Дефектолог: мен тақтайшаға моншақтарды қалай тізіп қойсам, сенде солай қой. Түстеріне қара, қай түстен кейін қандай түс келеді?(тақтайшаға сары-көк-жасыл-қызыл моншақтарды тізу, бала қайталайды)

«Моншақ өткізу»

Дефектолог: тізілген моншақтарды бауға өткізіп жина.

Жарайсың, енді осы тақтайшаға көлік құрастырайық.

«Көлікті құрастыру» шығармашылық тапсырма.

«Пішінді қағаз бетіне түсіру»

-Қандай пішін саған ұнайды? Түсі қандай? Жасыл.

-Ендеше, жасыл қарындашты ал. Пішінді қағаз бетіне түсіреміз. Қағазға түсіру.

-Пішінде неше тесік бар? Төрт. Санды жаз.Санды жазу.

«Пішіндерді сәйкестендір»

Қосу және азайту амалдарын орында. Нумикон пішіндерімен сәйкестендір.

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді
«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады.
1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды.
2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?).
3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.
«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білімдерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту.
Дефектолог геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қандай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді.
«Біреуі артық» дидактикалық ойын
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету.
Мазмұны.
1-нұсқа.
Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейнеленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейнеленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тексеріп отырады.
2-нұсқа.
Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап береді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді.
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
Мазмұны.
Дефектолог үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай қолмен ұстап санау арқылы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топтағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

Айналамен таныстыру


Қоршаған ортаның әр түрлі заттарын зерттеу әдістері. Ой-өрісті дамытуға арналған ойындар: «Жемістер мен көкөністер» , «Ойыншықтар», «Сандар», «Хайуанаттар бағында», «Әліппе», «Бір сөзбен айт»,т.б. «Отбасы» суреттері.

Сортер- «Үй жануарлары»

Ағаш пазлдар: «Жабайы жануарлар», «Маша және аю»;

Есте сақтауды дамыту ойыны-«Құстар»;

Суретті домино: «Аңдар», «Үй жануарлары»;

Шнуровка: қоңыз.

Магнитты бөлшектер: жануарлар.

Лото: «Жемістер мен жануарлар»

Өз дене бөліктерін ерекшелеуге арналған үлестірме материалдар: карточкалар, ойыншық, қуыршақ, т.б.

Жаттығу «Ұғымдар арақатынасы» Бала назарына ағаш бұтағы дамуының -қыстан күзге дейін төрт кезеңі бейнеленген суретті ұсыныңыз. Баладан суреттерді мағынасы бойынша орналастыруын өтініңіз.

«Артықты тап» ойыны. (ұғымдарды жалпылауға, объектілерді жіктеуге, олардың қасиеттерін анықтауға үйретеді).

«Бәрі қандай жасыл» (байқағыштықты дамытады, түстердің реңін ажыратуды, табиғаттың әртүрлілігін көруді үйретеді).

«Кім кімнің туысы?» (Классификация және жалпылау) Балаңызға қайыңның туысқандарын табуды ұсыныңыз. (еменнің, алма ағашының, т.б.) - атасын, әжесін (кәрі ағаштар),әпкесін, балаларын және неге олай таңдағанын түсіндіру керек.

«Жыл мезгілдері»

Мақсаты:Балалардың жыл мезгідері туралы білімдерін бекіту,мезгілдерді атауларын үйрету(қыс,көктем,жаз,күз). Мезгіл өзгерістерін талқылау.

Көрнекіліктер: Жыл мезгілдері суреттері мен карточкалары.

«Зоологиялық фриздер»

Мақсаты:Балаларды антоним сөздері туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Ойын барысы:Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торлауға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян,тиін кіші торға орналастыруы қажет. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен,қоян кіші сондықтан үлкен торға пілді,қоянды кіші торға орналастыр.

«Заттық фриздер»

Мақсаты:Заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту,сөздік қорын дамыту.

Көрнекіліктер: ыдыс,суреттер(көкөністер мен жемістер)муляж, қоржын.

Ойын шарты:Әр түрлі жемістер немесе көкөністер суретті муляждары салынған ыдыстан бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап,түр-түсін ажыратады.

«Жапырағына қарай ажырат»

Мақсаты:Ұқсас белгісіне қарай жапырақтарды таба білуге жаттықтыру.

Сөздік қорын толықтыру,есту,қабылдау қабілетін дамыту.

Көрнекіліктер:әр түрлі жапырақтар

Ойын шарты: жапырақтарды салыстыру,қай ағаштың жапырағы екенін табу.

«Не қайда өседі»

Мақсаты:Балалардың өсімдіктер жөніндегі білімдерін бекіту, заттар арасындағы кеңістік байланыстарын анықтау дағдысын дамыту,өсу орнына қарай өсімдіктерді топтастыру. Балалардың өз бетінше ойлау қабілетін және белсенділіктерін дамыту.

Көрнекіліктер:бақ пен бақшаның,жеміс пен көкөністердің суреті.

Ойын шарты:бақ пен бақша салынған

«Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ата»

Мақсаты:Үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы білімдерін бекіту. Тез ойлау қабілетін,зейінің тәрбиелеу, белсенділігін артыру.

Көрнекіліктер:орманның суреттері салынған үлкен картаның астындағы бос тор көздер,тиісті жануарлар.

Ойынның барысы:ойыншылар екі топқа бөлініп,әртүрлі табиғат көрінісі салынған бір-бір үлкен картадан алады.

«Табиғат құбылыстарын ажыратып олардың қасиеттерін ата»

Мақсаты:Қасиетіне қарай:қар мен жаңбырды ажырата білу,табиғат құбылыстары жөніндегі білімдерін бекіту,қатты,жұмсақ,ериді,буға айналады.

Көрнекіліктер:қар мен жаңбыр бейнеленген суреттер.

Ойын барысы: Балаларға қар мен жаңбырдың суреттерін көрсетіп,олардың бір-бірінен ажыратып айту тапсырылады. Білімдерін анықтау барысында табиғат құбылыстардың қасиеттерін айтып берулері керек.

«Үй жануарлары»

Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға,олардың қимылын,қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер,оларды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:үй жануарларының,төлдердің суреті.

Ойын барысы:Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі,олардың қалай аталатынын,қалай дыбыстайтынын,қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап,үй жануарлары туралы білетін жұмбақтарын шешкізеді.

«Жалпы атауын ата»

Мақсаты:Балаларға заттарды жеке-жеке таныта келе, ен соңында заттардың жалпы атауын бір сөзбен ойлана отырып шешуде тапқырлыққа, шапшандыққа баулу.

Көрнекілік:жемістер,ойыншықтар,оқу құралдары

ойын барысы: Балаларға әртүрлі суреттер беріледі,сол суреттің ішінен бірдей заттарды тауып бір сөзбен атайды мысалы:ыдыстар,ойыншықтар,жануарлар.

«Не артық?»

Мақсаты:Балаларды суретке қарап,оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға,қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:Әр түрлі құстар мен жануарлары бейнеленген суреттер.

Ойын барысы:Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып,оларды жалпы атауын айтады.

Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекітеді.

Сөйлеу тілін дамыту, оқу, түсіну, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

«Дыбыстарды анықта»жаттығуы-Фонематикалық айыруға қабілетін дамытуға арналған.

О.П. Киберчук «Саусақтар жаттығулары», «Тіл ұстарту жаттығулары». О.С. Ушакова «Развитие речи 4+»

Сөйлеуді дамыту(баланың ауызша сөйлеу тілін дамыту және

қалыптастыру):

1) сөздік материалды (педагогпен бірге, педагогтан кейін) бейнелейтін-ілесетін сөздермен айтып беру дағдыларын қалыптастыруды жалғастыру;

2) баланы барлық сабақтарда, тұрмыста бейнелейтін-ілесімді сөздер мен

сөз тіркесін айтуға үйрету;

3) баланы сабақта және тұрмыста ауызша сөздерді (бер, ал, көрсет,көмектес) айтуға үйрету;

4) сабақ пен тұрмыстық жағдайды (жуу, қолды сүрт, дәретханаға барыңыз) ұйымдастырумен байланысты нұсқаулықтарды түсінуге және орындауға үйрету;

5) көру-есту арқылы қабылдау кезінде таныс сөздер мен сөз тіркесін жақсы ажыратуға үйрету;

6) күнтәртіп сәттерін және сабақ процесінде педагогтың көмегімен «Бұл не? Мұнда не бар?» сұрағын қолдануға (ауызша және карточка бойынша), заттардың атын айқындау;

7) қысқа сөз тіркестерін және сөздерді бейнелі айтуын немесе өздігімен

әрекеттенуін қалыптастыру ;

8) ауызша нұсқаулықтарды (бұйрық райдағы етістікті қолдану) түсінуге және орындауға үйрету: «Бер, берд оп (алма…), басты көрсет (аяқ,қол), шаршыны ал (қуыршақты )»;

9) ашық райдағы етістікті қолдануы бар сөйлемді түсіну және ажыратуға

үйрету: «Аю құлады»,«Бала жүгіріп барады». Суреттегі бейнеленген әрекетті

көрсету.

Сөздік материал (сабақтар мен тұрмыста қолданылады): жуу, сүрт, маған кел, бар серуенде, ал, көрсет, қой, сөйле, жабыстыр, сурет сал, жүгіреді, жейді, ішеді, жүріп келеді, отыр; апа, (атай), ата, аға, ұл, қыз; сүт, компот; қияр, қызанақ; апельсин; пальто, тон, қалпақ, қолғап, орамал, шұлық; етік, пима; бас, қол, аяқ, көз, құлақ, ауыз, мұрын; сиыр, ат, үйрек, әтеш, қоян, түлкі, қасқыр, көбелек, қоңыз; кесе, тәрелке, қасық; үстел, шкаф, орындық, төсек; қыс, суық, қар (жаңбыр) жауды, көктем, күн жарқырап тұр, жел соғым тұр, жылы, шөп,гүл, жапырақ, үлкен, кіші, таза, кір, қызыл,жасыл, көк, сары, тәтті, дәмді. Қайда? Қандай? Не бар? Жуу (сүрт) қолыңды (аяғыңды..). Тәте (мама),бер (ал) доп (қуыршақ, қоян). Аяғыңды көрсет (көз, құлақ, ауыз). Қасықты қой (қалпақты…). Ұл ( қыз) жүгіреді (отыр, құлады).

«Сөзді аяқтап көмектес»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру. Құралдар:Заттық суреттер
Ойын барысы: Баланың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта.
Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.

«Дыбыс қайда тығылды»

Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын дефектолог сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.

«Тізбек »
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін сонын соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан

Графикалық дағдыларын қалыптастыру құралдары.

Жазу үлгілері. «Әдемі жазу, көркем жазу» дәптерлері.

Қарапайым сурет салу құралдары. «Арт-терапия» әдістері.

Сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдері.

«Үлгіні көшіру» жаттығуы.

Ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Құрылыс материалдары (конструктор, текшелер, т.б.)

Марблс тастары.

«Су-Джок» терапиясы.

Мүсіндеуге, сурет салуға арналған құрал-жабдықтары.

Жаттығу: «Түрлі-түсті моншақтарды өз ұяшығына сал»

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түстері әртүрлі моншақтар, ыдыс, түрлі-түсті жұлдызшалар.

Барысы: Балаға бірнеше бөлікке бөлінген ыдыс ұсынылады.Әртүрлі түсті моншақтар ыдыстың дәл ортасына араластырылып салынады.Ыдыстың жан-жағында орналасқан бөлшектеріне түстер бейнеленген жұлдызшалар салынады.Бала жұлдызшаның түстеріне байланысты моншақтарды бөліп салып шығуы тиіс.

Жаттығу: "Судан заттарды қасықпен ал".

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Су құйылған үлкен ыдыс, түстері әртүрлі таяқшалар, қасық, түрлі-түсті құты.

Барысы: Баланың алдына су құйылған ыдыс беріледі.Ыдыстың ішіне сумен бірге түстері әртүрлі таяқшалар салынған.Бала түстеріне байланысты таяқшаларды столдың екінші жақ шетінде тұрған түрлі-түсті құтыларға түстеріне байланысты қасықпен алып салуы қажет.

Жаттығу: «Ұнтақ жармамен сурет салу»

Ұнтақ жарма құрылымы бойынша теңіз құмына өте ұқсас болып келеді.Баламен жұмыс жүргізу барысында теңіз құмының орнына тоңазытқышқа 5 минутқа салынған ұнтақ жармасын қолдануға болады.Баланың орындығына екі жақты скотчты пайдалана отырып орындыққа бекітіп, табаққа 5 мм тереңдікте ұнтақ жармасын салып пайдалануға болады.

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.

Ұнтақ жармамен сурет салудың нұсқалары:

-Әріптер мен сандарды үйрету.

-"Қазына іздеу" ұнтақ жармамен және қарақұмықпен немесе күрішпен сурет салу.(Ұнтақ жармасының арасына түрлі-түсті күріштер, қарақұмық, моншақтар жасырып қою)

-Ұнтақ жармасына көптеген суреттер салуға болады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Табақ және ұнтақ жарма, әртүрлі моншақтар.

Барысы:

-Балаларға ұнтақ жарма салынған табақ беріледі.Балалар табақтарда жасырынып тұрған моншақтарды табуы қажет.

-Ұнтақ жармасына күн, үй, ағаш, алма, бұлттың суреттерін салу.

Жаттығу: «Түрлі-түсті түтікшелер алқасы»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Баланың көріп қабылдауын дамыту. Сипап сезуді қалыптастыру. Бала түтікшелерді түстері бойынша ажырата білуді үйренеді.Түтікшелерді жіпке тізуге дағдыланады.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі түсті қорапшаларға салынған түтікшелер және жіптер.

Барысы: Балаларға әр түрлі түстерге боялған түтікшелер ұсынылады. Және әр түрлі түсті жіптер қосымша беріледі.Бала өзіне түскен жіптерді пайдалана отырып, сол жіптің түсіндей түтікшелер алқасын тізіп шығады.

Жаттығу: «Кім жылдам?»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.

Қажетті құрал-жабдықтар: Жіп, түрлі түсті суреттер және қарындаш.

Барысы: Балаларға Жіптің бір жақ шетіне қарындаш, екінші жақ шетіне түсті суреттер бекітілген жіп ұсынылады.Ойынды баста деген нұсқау берілгеннен кейін балалар қарындашқа жіпті жинай бастайды.

Жаттығу: «Кім немен қоректенеді?»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Жануарлардың нелермен қоректенетіні жайында білімдерін кеңейту.

Қажетті құрал-жабдықтар: шырпы қорапшалары, сыртында жануардың суреті, ішінде қорегінің суреті.

Барысы: Әр балаға сыртында жануарлардың суреттері бар шырпы қорапшасы таратылады.Баладан бұл қандай жануар? Немен қоректенеді деген сұрақтар қойылады?Бала сұрақтарға жауап беріп бөолғаннан кейін қорапшаны ашу ұсынылады.Қорапшаның ішінде дұрыс жауабы жасырынған.

Қолдың бұлшық еттерін дамытуға арналған жаттығулар.

«Шапалақта» жаттығуының бірінші шумағы ақырын дауыспен айтылған кезде, алақанды ақырын шапалақтап, екінші шумақты айтқанда қаттырақ соғады, қолды ырғақпен шапалақтайды.

Кел, балақан, балақан! Шапалақта алақан!

Жай, жай, жай!

Қозғап барлық денеңді, Қолдықатты соқ енді,

Сарт, сарт, сарт!

«Тамшылар» жаттығуында алақанды бармақпен ұрады.

  • Күркіреді күн, күн....... Терезелер шың – шың, Жауды жаңбыр топ – топ, Шелек – шелек, көп – көп.

  • «Қол маторикасын дамытуға арналған санамақ» Кел санайық санамақ Саусақтарды даралап. Бас бармағым алғашқы, Балан үйрек жалғасы. Ортан терек атасы, Шылдыр шүмек анасы. Шынашағым балапан, Бәріне ортақ алақан.

Саусақ ойындары.Салат

Сәбізді алып тазалаймыз (Оң қолды жұд-қа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (Екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,

жоғары төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдиміз (Саусақтардың ұшымен «қант себеді»).

Қаймақ құйып сәндейміз ( Қолды жұдырыққа түйген күйі қол білезігін жоғары-төмен қозғайды).

Міне, дайын нәр тағам (Алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді).

Дәруменге байыған.


Қолтырауын

Қолтырауын қонақ күтуде (Екі қолдың саусақтарын түйіп қайта ашып қалады).

Тістері тура шегедей (Саусақтарын ашқан күйі оң алақанды сол алақанның үстіне беттестіре саусақтарды дәл дөңгелете «қолтырауынның аузын ашқаны сияқты»).

-Бұл жерден қой өтпеді ме? (Қолдарды төмен бос тастап, иықты жоғары көтереді).

Деп сұрадым ойын бімекке Алақандарын бір-біріне ысқылайды).

Ал ол болса тымпиып жатыр, Көздерін қысады)

Көзін қысып қылқиып жатыр.

https://special-edu.kz.


https://youtu.be/


https://youtu.be/To7WfRNRdYI «Жемістер туралы» видео

https://youtu.be/4cz9SYqDg6E «Көліктер туралы» видео

https://youtu.be/sr3nMwF_1Fg «Үй жануарлар туралы» видео

https://youtu.be/VEXikoIh5Eo «Ыдыстар туралы» видео.

https://youtu.be/qQrVDztduz4 «Дене мүшелері туралы» видео

https://youtu.be/zb3L_XPb5Y4 «Бармақ отбасы» әні

https://special-edu.kz/index.php?do=static&page=vk7 «Жануарлар не жейді?»

https://special-edu.kz/index.php?do=static&page=vk8 «Бұл ненің құйрығы?»

https://special-edu.kz/index.php?do=static&page=vk6 «Үй жануары не береді?»

https://special-edu.kz/index.php?do=static&page=vk4 «Жабайы және үй жануарлары»

https://special-edu.kz. Сайтындағы оқулықтар мен әдебиеттер.



Бекітемін

__________202___жыл

«№ ___ППТК»КММ әдіскері

_________

3. ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарламаны әзірлеу күні:

Баланың аты-жөні:

Туған жылы, айы: 14.08.2020жыл

Олигофренопедагог:


Мерзімі


Даму жұмысының бағыттары

Күтілетін нәтижелер

Жетістік туралы белгі

Ескертпе




Айналым:





Оқу мерзімі:


Сенсорлық дамуы



таныс затты әртүрлі жерден табуға талпынады: «Қайда?» - оның

күнделікті тұратын орнына байланысты емес;



түс бойынша сәйкес заттарды сәйкестендіреді;



түсі, көлемі, формасы (бір белгісі) бойынша бірдей заттарды топтастырады;



Алғашқы математика лық дағдыларын қалыптастыру



екі тең (тең емес) топ заттарын салыстыру;



әртүрлі көлемдегі заттармен сусымалы және сұйық материалдарды төгуге және салуға болатынын түсінеді және ажыратады.



Дыбыстық сөйлеу тілін меңгерту



ересек адаммен жеңілдетілген былдырлау сөздерін қайталауға тырысады;



ересек адамнан кейін бір және екі буынды сөздерді қайталауға тырысады;



оқиғаларға ересек адамның эмоциялық қатынасын, көтеріңкі, қуанышты дауыстарға еліктеуге үйрету;



Қоршаған ортамен танысу



Өзінің атына назар аударуды үйрету



Отбасы мүшелері (ата-әже, әке, ана) туралы түсінік беру, айтқызу.



қоршаған ортаның заттарымен танысады.



Ұсақ саусақ моторикасын дамыту



Сурет салу:бояумен іс-әрекет жасау біліктілігін қалыптастыру:бояуды қолына жағу, қағу, қысуға талпынады;



таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің (үй, жалауша) суретінің үстіне қою;



конструктор бөліктерін ұстап алу, ұстап тұру, орнын ауыстыру; бөліктерді бірін біріне орналастыру; затты екі қолымен зерделейді (затты сипау);



Орташа балл:





3.1. Түзету-дамыту бағдарламасының мазмұны

Дамыту жұмысының

бағыттары

Дамыту жұмысының әдістері, әдістемелері, тәсілдері, құралдары.

Сенсорлық дамуы


Ой-өрісті дамытуға арналған ойындар: «Жемістер мен көкөністер» , «Ойыншықтар», «Сандар», «Хайуанаттар бағында», «Әліппе», «Бір сөзбен айт»,т.б. Сурет салудың дәстүрлі емес тәсілдері. Ағаш ойыншықтар мен ойын атрибуттары.

Баланың төменгі, жоғарғы, бүйір жағында тұрған ойыншықты алуға,

қарауға, қысуға және әртүрлі әрекет жасауға үйрету әдістері.

Ойыншықты картинкадағы бейнесімен салыстыру тапсырмасы.

Ересек адамның өтініші немесе үлгісі бойынша ойыншықпен

күнделікті істейтін іс-әрекетін орындауға үйрету тәсілдері: алу, салу, жабу, ашу; (дидактикалық үлестірме материалдар, ойындар)

«Сортер» -пішіндер (басқа заттардың ортасынан дөңгелек (шар), төртбұрыш (шаршыны), үшбұрышты ерекшелеу)

«Пішіндер» (ағаш тақтайшалар) заттардың формасын ажыратуға (дөңгелек-төртбұрыш) үйрету тапсырмалары.

«Түрлі түсті инелі шарлар» -қызыл, жасыл, көк, сары.

3-4 сақинадан тұратын пирамида;

Екі бөліктен тұратын үзік картинкалар;


Алғашқы математика лық дағдыларын қалыптастыру

Заттар (доп, алма, қарындаш, тастар) мен ойыншықтарды салыстыру арқылы сөзбен («көп», «аз», «біреу») немесе сөзсіз (сәйкес ым-ишараттың көмегімен) жауап бере отырып, «қанша?» сұрағын түсінуге үйрету әдістері;

Кесенің, ожаудың көмегімен суды әр түрлі ыдыстарға құю;

Жұмсақ сандар пазлы- құрасытыру, сандарды ретпен орналастыру.

«Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету.
Дефектолог балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу-ойыншық көп; тақта біреу-парта көп; бір аквариум-көп гүл.
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Сипай сезіп санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекіту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу.
«Сиқырлы қалта» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды заттарды қолмен ұстап, санауға үйрету.
1-нұсқа – затты қолмен ұстап санау.
2-нұсқа – қандай зат екенін ұстап көріп, анықтау.

Дыбыстық сөйлеу тілін меңгерту

Карточкалар.

1) тұрмыстық және заттық әрекеттерді, құрдастаы мен ересек адамның

мимикасы мен интонациясына еліктеуге; артикуляциялық қимылдарға еліктеу;

иллюстрациялық әрекеттерге еліктеуге үйретуді жалғастыру;

2) ересек адамның балаға қарасты айтылған ым және ым-ишараттық

сындарын имитациялауға жәрдемдесу;

3) келбеті мен дене бөлігінің, ойыншықтың, азық-түліктің,киімдер, аяқ

киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, көліктер қызметтері; заттарды, әрекеттерді,

белгілерді, іздеу құрамы бар оқиғаларды ым-ишараттық, сөздік белгілеу

(Қайда? Қашан? Қандай?), нақты көрнекі таңдалған жағдаятта.

4) сөздік қатынас және нұсқаушы ым негізінде ересек адамның өтінішін

орындауға үйрету: «Маған бер.....және » (бөлмеде бар 4 заттан 2 затты табу);

5) бір затқа қарасты («Қуыршақты ал, тамақтандыр, төсекке жатқыз»); үш

затқа байланысты екі сатылы нұсқау («Қуыршақты төсекке жатқыз және

бөтелке бер») үш сатылы нұсқауды түсіну және орындауға жәрдемдесу;

6) ым-ишараттық-сөздік тұрғыдағы мақтау мен мадақтауды түсіндіруді

жалғастыру; таныс, қайталанатын оқиғаларды қарапайым түрде айтып бере алу;

7) келбеті мен дене бөлігін, ойыншықтарды, азық-түлікті,киімдер, аяқ

киімдер, көліктер, жануарлар, адамдардың кәсібін, ауа райының негізгі күйін;

ересек адамның сұрағына жауап беру кезінде тұрмыстық жағдаяттарды,

әрекеттерді, кейбір белгілер мен күйлерді ым-ишараттық (сурет немесе сөйлеу

тілі) белгілеуге жәрдемдесу;

Қоршаған ортамен танысу

Қоршаған ортаның әр түрлі заттарын зерттеу әдістері. Олардың ішкі

белгілерімен, формасымен, материалымен танысу;

«Отбасы» суреттері.

Өзі және отбасы  

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсіндіру.

Ойын шарты: суреттер бойынша әнгіме жүргізу.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Анам, әкем, апам, атам және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.

Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.

Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады.


Ұсақ саусақ моторикасын дамыту

Сурет салуға арналған құрал-жабдықтар:

тегіс және жалпақ қылқалам, су бояу, штамп және басқа құралдар.

Таяқшалардан құрастыру:таяқшаларды пішіннің (үй, жалауша) суретінің үстіне қоямыз.

Логикалық Дьенеш блоктары, Кьюзенер таяқшалары, Марблс тастары, танымдық қабілеттерді дамытатын дидактикалық ойындар, тапсырмалар.

В.Г.Дмитриев «Альбом по развитию мелкой моторики от 4 до 6 лет»

Жаттығу: «Түрлі-түсті моншақтарды өз ұяшығына сал»

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Жаттығу: "Судан заттырды қасықпен ал".

Мақсаты: Ұсақ және жалпы моториканы дамыту.Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету. Балалардың негізгі түстер жайлы (қызыл, сары, жасыл, көк) білімдерін бекіту.

Ұнтақ жармамен сурет салудың нұсқалары:

"Қазына іздеу" ұнтақ жармамен және қарақұмықпен немесе күрішпен сурет салу.(Ұнтақ жармасының арасына түрлі-түсті күріштер, қарақұмық, моншақтар жасырып қою)

Ұнтақ жармасына көптеген суреттер салуға болады.

Жаттығу: «Түрлі-түсті түтікшелер алқасы»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Баланың көріп қабылдауын дамыту. Сипап сезуді қалыптастыру. Бала түтікшелерді түстері бойынша ажырата білуді үйренеді.Түтікшелерді жіпке тізуге дағдыланады.

Жаттығу: «Кім немен қоректенеді?»

Мақсаты: Ұсақ моториканы дамыту.Жануарлардың нелермен қоректенетіні жайында білімдерін кеңейту.

Дәндермен ойын:

әр түрлі ыдыстағы араласып кеткен бұршақ пен асбұршақты бөліп, тер;

дәндерді салу және араластыру, қолға ұстап уқалау;

ыдысқа дәндерді төгіп, әр түрлі өрнектер құрастыру.

Тапсырмалардың баланың кеңістікті бағдарлауына, сезімдік қабылдауына, шығармашылық қиялын дамытуға және ұсақ қол моторикасын дамытуға септігі мол.

?Түймелер мен моншақтармен ойындарда балалар жіпке өткізеді, түймелер мен моншақтарды тереді. Бала қолын жаттықтырады, алғырлығы дамиды, үлкен-кіші түсінігі қалыптасады. Моншақ ретінде шаршыларды, дөңгелектерді, ағаш жапырақтарын, құрғақ дәндерді пайдалануға болады.

?Құрғақ бассейн – жасырынған әр түрлі ойыншықтарды табуға арналған.

Баланы іздестіруге бағыттай отырып, көп ойыншықтың ішінен қолдың саусақтарымен іздей отырып, тек қана қоянды табуды сұраймын.












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.12.2024
320
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі