400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Түзету- дамыту сабағы Жануарлар әлемі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білімді қажет ететін балаларға түзету- дамыту сабағы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Сабақтың түрі:жеке (30 минут)




Сабақтың тақырыбы:

Жануарлар әлемі

Сабақтың мақсаты:

а )Түзете- дамытушылық мақсаты: оқушының білімін тереңдету, ауызекі сөйлеу қабілетін арттыру, сөйлеу дағдысын дамыту.

б ) Тәрбиелік: қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, табиғатты сүюге қамқорлау.


Міндеттер:

Психологиялық дайындық, түзете- дамыту тапсырмаларын орындату т.б

Күтілетін нәтиже:

Таным қабілеттері дамиды,сөздік қорлары молаяды,тапсырмаларды орындауға дағдыланады.

Сабақтың көрнекілігі:

Жұмыс дәптерлері, мазмұнды суреттер, дидактикалық материалдар


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс- әрекет:


Оқушының іс- әрекеті:


Сабақтың басы:

(5 минут)




1.Ұйымдастыру бөлімі:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.


Өлеңді қайталайды

Сабақтың ортасы:

(20 минут)




2. Негізгі бөлім:

- Бүгінгі сабағымыз жануарлар әлемі деп аталады.

Жануарлар- тірі табиғаттың негізгі бөлігі.Жануарлар үй жануары және жабайы жануарлар болып екіге бөлінеді.Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты.Олардың адам үшін пайдасы өте зор.Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңында тіршілік етеді.Сол үшін үй жануарлары деп аталады.Жабайы аңдар- табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар.

Жануарлардың төлдері:

Қоянның баласы- көжек.

Қасқырдың баласы- бөлтірік.

Аюдың баласы- қонжық.

Ең қорқақ.........(қоян).

Балды жақсы көретін........(аю).

Аң патшасы............(арыстан).

Ең ұзын мойын........(керік).

Қораға шабатын аң.........(қасқыр).

Ең ірі жануар.........(піл).

Үстінде тікенегі бар.........(кірпі).

Мәтін көшірту.(қатесіз, әрі сауатты жазуға баулу)

Аю- орман қожасы.Дүние жүзінде оның жеті түрі бар.Ең көп тараған түрі- қоңыр аю.Ол тау арасын мекендейді.Азығы-өсімдіктер.Аю құрт-құмырсқаларды да аулайды.Ол алғашқы қар жауғанда апанына кіріп,ұйқыға кетеді.

3.Сергіту сәті ( билеу, қимылдарды қайталау)

Есептер шығару:

989 1001 645 874 25+61 61-25

2345 6452 46+1 48-1 32+16 92-24

Ермексазбен жұмыс








Айтылғанды тыңдайды


















Ермексазбен жұмыстанады.


Сабақтың соңы:

(5 минут)

4. Рефлексия. Сабақты қорыту, бекіту( сұрақ қою арқылы)

- Үй жануарларын ата, неге үй жануарлары деп атаймыз?

- Жабайы жануарларды ата, неге олай атаймыз?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
23 желтоқсан
1647
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі