Түзету сабақ тақырыбы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Түзету сабақ тақырыбы

Материал туралы қысқаша түсінік
түзету жұмысы
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бірінші сынып оқушыларына арналған сабақтар


Бірінші сыныпқа келген балалардың психологиялық дамуы, физиологиялық дамуы, дене дамуымен қатар жалпы мектепке психологиялық дайындық компоненттерін анықтап алғаннан кейін педагог-психолог маманның негізгі міндеттерінің бірі-психологиялық түзету және дамыту.

Мақсаты- балаларды жеке-дара тұлғалық дамуындағы психологиялық ауытқулардан,әлеументтеннуіндегі қиындықтардан арылту,түрлі жағымды икемділік пен дағдыларды қалыптастыру,білім беруді жетілдіруде баланың ақыл-ойы мен танымдық процестерін дамыту.Сондықтан да мектепке жаңа түскен бірінші сынып оқушыларының мектепке оқуға дайындықтарын анықтауда, ең алдымен, осы ерекшеліктерін байқап,белгілеп алу керек.Бірнеше диагностикалау жұмыстарынан кейін коррекциялық топ анықталады.

Педагог-психолог ретінде психокоррекциялық түзету, дамыту сабақтарында мектептегі білім беруді жетілдіру мақсатында мынадай міндеттер қойылады:

-оқушыға оқу-тәрбие үрдісінде психологиялық және падагогикалық тұрғыдан үздіксіз зерттеу жүргізу;

-оқушылардың бойындағы қызығушылықтары мен танымдық әрекеттерін және бейімділіктерін анықтау,оларды дамыту жолдарын белгілеу;

-мектептегі оқуға дайындығының төмен деңгейлері себептерін анықтап,түзету;

-кейбір оқушылардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтары мен кемшіліктерін анықтап,оларды болдырмау мен женудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану.

Бірінші сыныпқа келген оқушылармен психологиялық коррекция сабақтарында түзету-дамыту жаттығуларымен бірге ойын түрлерін қолдану тиімді.


1-сынып оқушыларына арналған түзету-дамыту сабақтарының жоспары.



Тақырыптары

Сағат


1.Зейінді дамыту


1

«Зейінді бол!»жаттығуы; «дыбыстарды тыңда!»ойыны; «Шатасқан сызықтар»әдістемесі

1

2

«Шапалақ ойыны; «Шығыршық жаттығуы;» «Сақиналар,» «Цифрлы кесте» әдістемелері


3

«Аңқаулар» ойыны, «Алфавиттегі әріптер» жаттығуы,« Сөз бен қимыл»әдістемесі


4

«Жазу машинкасы»жаттығуы; «Жер,су,ауа,от»ойыны,Мюнстенберг әдістемесі



2.Есті дамыту


5

«Қайтала»жаттығуы;«Қимылды есіңе сақта»ойыны, «Суреттер »әдістемесі

1

6

«Орныңды еасте сақта»ойыны; «Менің мүсінім жаттығуы, » «Сөйлемдерді есте сақта әдістемесі»

1

7

«Тыңда да жаса»жаттығуы «Сынған телефон»ойыны «Фигураларды есте сақта »әдістемесі

1

8

«Бұл не мүсін?»жаттығуы; «Тәртібін сақта ойыны»; «Сөздер жұбы әдістемесі»

1

9

«Кім не істеді ?»жаттығуы, «Суретші»ойыны «Сөздер жұбы әдістемесі»»

1

10

«Көленке»жаттығуы; «Айна »жаттығуы

1

11

«Барлаушы»жаттығуы «Жалауша »ойыны

1


3.Ерікті мінез-құлқын,өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту


12

«Графикалық диктант»әдістемесі; «Үйшік»әдістемесі; «Тыйым салынған нөмір»ойыны

1

13

«Лабиринт»әдістемесі; «Дыбыстарды анықта»жаттығуы; «қатып қал!»ойыны

1

14

«Таяқшалар және төрткүл»әдістемесі; «фигураларды аяқта жаттығуы»; «Сиқырлы сөз»ойыны

1


4.Ойлауды дамыту және қалыптастыру


15

«Заттарды салыстыру»жаттығуы; «Топта!» дидактикалық ойыны; «Біз қайда бардық не көрдік?»ойыны; «Қане тауып көр!»ойыны

1

16

«Сөзді аяқта» жаттығуы; «Сөзді тыңдап ал»дидактикалық ойыны; «Жұмбақ суреттер»ойыны; «Қай ойыншық?»ойыны

1

17

«Ұғымдар арақатынасы» жаттығуы; «Сипаттау »әдістемесі; «Ойыншықты тап»ойыны; «Артығын ал»ойыны

1

18

«Артық сөзді тап»жаттығуы; «Артық суретті тап»жаттығуы; «қарама-қайшы сөз»ойыны

1

19

«Ағаштар,аңдар,көкеністер»жаттығуы; «Ұғымды анықта»жаттығуы; «Анықтамалар»ойыны

1

20

«Ұқсас сөздерді тап»жаттығуы; «Мен қапқа салдым»ойыны; «Мүсінді түсіндір»ойыны

1


5.Қиялды дамыту және қалыптастыру


21

«Пантомимо»ойыны; «Дақ түсті»жаттығуы; «Ал да бер!»ойыны

1

22

«Аяқта»жаттығуы; «Мен Жұмбақбай атаймын»ойыны

1

23

«Нүктелер»жаттығуы; «Мен-қасықпын»ойыны;

1

24

«Құрастыру»жаттығуы; «Ине мен жіп»ойыны;

1

25

«Елестетіп көр,не болады,егер...»жаттығуы; «Түлкішек»ойыны

1


6.Эмоционалды-адамгершілік сферасын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту,түзету


26

«Өзіңді ұсын»жаттығуы; «Мүсінші»ойыны, «Әлемде жоқ жануар»әдістемесі

1

27

«Еркелетіп шақыр» жаттығуы; «Гүл шоғы»ойыны ; «Айдаһардың құйрығы»қозғалысты ойыны

1

28

«Сиқырлы орындық»ойыны; «Майшам»жаттығуы

1

29

«Егіз лебіз»ойыны; «Жақсы көру пирамидасы»жаттығуы; «Үкі»ойыны

1

30

«Досыма сыйлық»жаттығуы; «Сиқырлар»ойыны; «Дымбілмес»ойыны

1


Барлығы:

30


«Айға саяхат» сабағы

Мақсаты: Ерікті мінез-құлқын өзін-өзі бақылауын және қиялы мен қабылдауын дамыту.

Біз бүгін түрлі тапсырмаларды орындай отырып,қиялымызға айға саяхат жасаймыз.

1.Алғашқы психологиялық дайындық.

«Шыбын кіріп кетті»ойыны

Айға саяхатқа шықпас бұрын ракетамызды сайлап алайық.Ракетамызға шыбын кіріп кеткен екен соны шағарайық.

2.Енді айға ұшатын ракета экипажын анықтайық. Ол үшін біз мына тапсырманы орындауымыз керек.

3.Ракетадағы орындарымызды анықтап алайық.

«Графикалық диктант»әдістемесі

Мақсаты:Еркіндік сфересының даму деңгейін анықтау, өзін-өзі бақылауын және қабылдауын дамыту.

Торкөзді дәптердің парақтпрын дайындап,шетінен 4 торкөз қалдырып,бір-бірінен арақашықтықтағы 7 торкөз болатын,бірінің астынан бірі орналасқан (вертикаль бойынша)3 нүкте белгілеп қоямыз.

Балаларға қарандаштарын алуды ұсынып,айтамыз: «қай жаққа және қанша торкөзге сызықты жүргізу керектігін мен айтып тұрамын.Тек қана мен айтқан сызықтарды жүргізіп отырыңдар.Бір сызықты жүргізген соң,келесі сызықты қайта бағыттау керектігін айтқанша күт. Әрбір жаңа сызықты оның алдындағы сызық біткен жерден,қарындашты қағаздан алмай,баста».

Бірінші тапсырма: «қарындашты ең жоғары нүктеге қой.Тыңда! Сызықты сал:бір торкөз төмен.Қарындашты қағаздан алма.Енді бір тор көз төмен.Бір тор көз оңға.Бір тор көз төмен.Бір тор оңға. Бір тор көз төмен.Осындай өрнек салуды өзің жалғастыр»

Бала түсінбесе, айтып жіберу керек,жіберілген қателері болса,түзетіп жіберуге болады.Келесі өрнектерді салуда мұндай бақылау жасалмайды. Тапсырманы оқығанда, бала алдыңғы сызықты аяқтап үлгеретіндей,жеткілікті пауза ұстау керек.

Өрнектерді өз бетінше салаға 1,5-2 минут уақыт береді.

Бой жазу жаттығуы

Екі қол,оң қол,сол қол

Оң қол,сол құлақ

Сол қол,оң құлақ

Оң қол ауыз(мұрынды ұстау,жаңылдыру)

Сол қол,бес саусақ

Сол қол,бес саусақ

Екеуін қоссақ,(9 саусақ,жаңылдыру)

10 саусақ-балалардан күтілетін жауап

Екінші тапсырма:

«Енді қарындаштарыңды келесі нүктеге қойыңдар.Тыңда! Ал баста!Бір тор көз жоғары.Бір тор көз оңға.Бір тор көз жоғары.Бір көз оіға.Бір көз төмен.Бір көз оңға.Әрі қарай осы өрнекті салуды жалғастыр».

Үшінші тапсырма:

«Қарындашты соңғы нүктеге қой.Тыңда! Үш торкөз жоғары.Бір торкөз оңға.Екі торкөз төмен.Бір тор көз оңға.Үш торкөз төмен.Бір тор көз төмен.Екі торкөз жоғары.Бір тор көз оңға.Үш торкөз жоғары.Енді осы өрнекті салуды өзің жалғастыр»

Баланың тапсырманы айту бойынша және өз бетімен қалай орындайтындығына талдау жасалады.Бірінші көрсеткіш ешнәрсеге алаңдамай, нұсқауды мұқият тыңдай және дәл орындай алуын көрсетеді.Екіншісі-баланың өзбеттік дәрежесін көрсетеді.

Егер бала екінші және үшінші өрнектерді ешбір қатесіз немесе өрнектердің бірінде жекелеген қателермен орындаса(жаттығу өрнегі есептелмейді) еркіндік сферасының дамуы жақсы деңгейі жақсы болады. Егер ешқандай өрнек айтылған нұсқаумен сәйкес келмесе, еріктік сферасының даму деңгейі төмен болғаны.

«Тыйым саланған нөмір»ойыны.

Мақсаты:өзін-өзі бақылауын дамыту,өзіндік тәртібін жетілдіру,сонымен қатар есептеу дағдысын нығайту.

Ойынның сипаты:қандай да бір сан таңдалады,мысалы 4.Балалар шеңбер құрып тұрады және сағат бағытымен кезекпен санайды:1,2,3 ...Осылай қашан кезек төртінші балаға келгенше,ол санды атамайды,бірақ алақанымен 4 рет соғады.

4. «Әріптер тізбесі»жаттығуы

Айға қондық.Айдағы тіршілік иелері бізден қай елден келгенімізді сұрап жатыр.Енді мына әріптер тізбесінен еліміздің қалай аталатынын құрастырайық. Елордамыз қай қала?ҚАЗАҚСТАН,АСТАНА сөздерді құрастырады.




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
22.01.2019
1633
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі