жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тəуелсіз елдің ұланымыз
Тәуелсіз елдің
ұланымыз.
Мақсаты:Оқушыларға тәуелсіздік туралы
мағлұмат беру.Оқушылардың сөздік қорларын молайту,дүниетанымдарын
кеңейту,тіл байлығын,шығармашылық қиялын дамыту.Болашаққа өз үлесін
қоса білетін,ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.Туған елін,жерін
құрметтеуге,жан-жақты білімділікке тәрбиелеу..
Барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі
Егемендік ел болудың белгісі,
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең ісі.
«Егеменді» деген сөздер естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі.
Құрметті оқушылар!
-Күнтізбеде атаулы,айшықты мерекелер көп.Адамзат қоғамында қазақ
еншілеген күн-16 желтоқсан!Бұл сенің атыңды асқақтатып,айбыныңды
көтерген төл мерекең!Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!
II.Кіріспе бөлім
-26 жыл тәуелсіз елміз! -26 жыл тәуелсіз елміз!
Бұл көп асу! Бұл көп асу!
Өзің үшін. Алыс-жақын елдермен
Болашаққа жол ашу. Жарасу.
Терезең тең болмаққа, Құдай өзі қоңсы қылған ұлттармен,
Тәуекел деп Барлық мемлекеттермен санасу.
Таласу. -26 жыл тәуелсіз елміз!
-26 жыл тәуелсіз елміз! Бұл көп асу!
Бұл көп асу! Керек десе жарау аттай таң асу!
Кейде нәрің, Өзің түлкі құрсақ
Қара нан мен қара су! Болып жүрсең де,
Жүдеу елдің шығармаққа бүйірін Амалсыздан жоқ жітікке,
Бай елдермен Қарасу.
Жақындасу жанасу.
Жұмбақтар:
Әрқашанда мақтанышпен,
Қуанышпен жырлаймыз.
Бар дауыспен, шын жүректен
Әнұранды шырқаймыз.
Таңбасы асқақ елімнің,
Алтын, байтақ жерімнің. Елтаңба
ТУ
Бұл қай жалау
Айтындаршы, оюланған.
Ортасында күні, Астында қыран.
III.Негізгі
бөлім
Сайыс 4 кезеңнен тұрады.
1.Мәнерлеп оқу.
2.Ұшқыр ой(сұрақ-жауап)
3. Мақал – сөздің
мәйегі.
4. Сөзжұмбақ шешу
5.Өлең құрастыру.
1кезең.Оқушылар өздері дайындап
келген өлең жолдарын жатқа айтады.
2кезең. «Ұшқыр
ой»
1-оқушы.
1. «Халық қаһарманы» атағы берілген желтоқсан құрбаны кім?
(Қайрат)
2.ҚР-ның елтаңбасының авторлары
кімдер?(Ш.Уәлиханов,Ж.Мәлібеков)
3.ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды?(1995 жыл 30 тамыз)
4.Желтоқсан оқиғасы қашан болды?(1986 жыл 16желтоқсан)
2-оқушы.
1.Ел басқару саласындағы ең басты тұлға.(президент)
2.Республиканың заң шығару жұмысымен кім айналысады?(парламент)
3.Бұрынғы астана қай қала? (Алматы)
4.Қазақстан жер көлемі бойынша дүние жүзінде нешінші орында?(9)
3-оқушы.
1.Қазақстан халықтарының тілдер күні қай күн?(22 қыркүйек)
2.Қазақ халқының тұңғыш заңы қалай аталады?(Жеті жарғы)
3.ҚР-ның тұңғыш президенті қашан сайланды? (1991 жыл 1
желтоқсан)
4.Желтоқсан құрбандары кімдер?
4-оқушы.
1.ҚР-ның туының авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)
2.Тұңғыш қазақ ғарышкері қашан ғарышқа ұшты?(1992 жыл 2 қазан)
3.Астана қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл)
4.ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?(1992 жыл 4 маусым)
5-оқушы.
1.ҚР-ның әнұранының авторлары кімдер?
2.ҚР Қарулы күштерінің бас қолбасшысы кім? (Н.Ә.Назарбаев)
3.Биыл тәуелсіздікке неше жыл толып отыр?(26 жыл)
4.Астана күні қай күн?(6 шілде)
6-оқушы.
1.Қазақстанмен шектесіп жатқан 5 мемлекетті ата.
2.Желтоқсан оқиғасы неліктен басталды?
3.ҚР мемлекеттік тіл?(қазақ тілі)
4. «Бөбек» қорының президенті кім?
(С.Назарбаева)
1. Ел билеудегі ең лауазымды тұлға (президент)
2. Үш арсыз (ұйқы, тамақ, күлкі)
3. Төрт маусым (қыс, жаз, күз, көктем)
4. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар? (қырық екі)
5. Сын есімнің сұрақтары (қандай? Қай?)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы қашан қабылданды? (1992 жылы 4 маусымда)
2. Бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)
3. Жеті қазына (ер жігіт, сұлу әйел, ақыл - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)
4. Қазақ тілінде қанша дауысты дыбыс бар? (он екі)
5. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (тоғыз)
1. Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
2. Бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта)
3. Ұлттық музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы, дауылпаз, адырна, керней, шертер)
4. Жалқы есімдер қалай жазылады? (бас әріппен)
5. Күрделі сөздер нешеге бөлінеді? (төртке – қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер, тіркесті сөздер)
1. Мемлекеттік тудың авторы (Шәкен Ниязбеков)
2. Үш байлық (денсаулық, ақ жаулық, қорадағы бес саулық)
3. Төрт мұрат (дау мұраты – біту, саудагер мұраты – ұту, жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету )
4. Зат есімнің сұрақтары (кім? Не?)
5. Жалпы есімдер қалай жазылады? (кіші әріппен)
1. Мемлекеттік Әнұранның авторлары (Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
2. Ұлттық ойындар (Ханталапай, қыз қуу, бәйге, аламан, күрес, көкпар, тоғызқұмалақ, дойбы, асық)
3. Үш дана (Абай, Шоқан, Ыбырай)
4. Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгі қойылады? (сұрақ белгісі)
5. «Алпамыс батыр» жырындағы Алпамыстың жеті жасар баласы (Жәдігер)
1. Шығыстың қос шынары (Әлия мен Мәншүк)
2. Жеті жоқ (Жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Киіз үйдің құрылысы (шаңырақ, уық, кереге, иіні, түндік, туырлық, ши, т. б.)
4. Сан есімнің мағыналық түрлері(алтау)
5. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)
1. Ұлыстың ұлы күні қашан тойланады? (22 наурыз)
2. Үш қуаныш (алғыс алу, өзіңді көптің іздеуі, ісіңнің өшпеуі)
3. Төрт түлік (жылқы, сиыр, түйе, қой, ешкі)
4. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады? (жалғау)
5. «Батыр» сөзіне қарсы мәндес
сөзді ата (қорқақ, ез)
Сайысымыздың ІІІ кезеңі «Мақал – сөздің мәйегі» деп аталады. Сайысымызға қатысушылар сандықтың ішінде жасырылған мақалдардың жалғасын табуға тиісті.
1. Ел ағасыз болмайды,...
(Тон жағасыз болмайды)
2. Адам көркі шүберек,...
(Ағаш көркі жапырақ)
3. Қоянды қамыс өлтіреді,...
(Ерді намыс өлтіреді)
1. Елу жылда ел жаңа,...
(Жүз жылда қазан)
2. Тау тауға қосылмайды,...
(Адам адамға қосылады)
3. Талапты ерге...
(нұр жауар)
1. Ел іші...
(алтын бесік)
2. Жаңылмас жақ болмас,...
(Сүрінбес тұяқ болмас)
3. Ит тойған жерін іздейді,...
(Ер туған жерін іздейді)
1. Елдестірмек – елшіден,...
(Жауластырмақ - жаушыдан)
2. Айтулы достың малы бір,...
(Кемедегінің жаны бір)
3. Жаңбырмен жер көгереді,...
(Батамен ел көгереді)
1. Басқа елде сұлтан болғанша,...
(Өз еліңде ұлтан бол)
2. Кісідегінің кілті...
(аспанда)
3. Баста ақыл жоқ болса,...
(екі аяққа күш түсер)
1. Сөз сүйектен өтеді,...
(Таяқ еттен өтеді)
2. Бірлік болмай,...
(тірлік болмас)
3. Тісі шыққан балаға...
(шайнап берген ас болмас)
1. Жылайын деген баланың...
(үш күн бұрын көзі қышиды)
2. Інісі бардың тынысы бар,...
(Ағасы бардың жағасы бар)
3. «Көрдім» деген көп сөз,
(«көрмедім» деген бір сөз)
Сөзжұмбақ
«Тәуелсіздік»
1.Қазақ ханы.(Тәуке) 7.Астана қай өзеннің бойында?(Есіл)
2.Желтоқсан құрбаны.(Ләззат) 8.Мемлекет болу үшін ең бірінші
не
3.Жыл басы.(наурыз) керек? (заң)
4.Ұлттық валюта(теңге) 9.Қ.Рысқұлбековтің анасы?(Дәметкен)
5.Тәуелсіздік жолында құрбан болған кім? (Ербол) 10.Киелі
сан?(жеті)
6. Ресей халқы.(орыс) 11.Қазақстан
қаласы?(Өскемен)
3кезең. Сөзден сөз шығар «Желтоқсан»
деген сөзден неше сөз құрастырасың
4 кезең.Өлең
құрастыру.
......................... елім,
......................... жерім.
........................ жайқалған,
....................... жасарған,
...................... жайған,
...................... Қазақстан!
IV.Қорытынды
Жеңімпаздарды
марапаттау.
«Кузнецкий жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Тақырыбы:
Тәуелсіз елдің ұланымыз.
2-4сыныптар(сыныптан тыс іс-шара)
Өткізген: Муратхан Р
2017-2018 оқу жылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген