Материалдар / Туған елге тағзым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған елге тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзімен мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолына аянбай еңбек етуге шақырамын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2022
1032
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған елге тағзым

 Әрбір адамның табан тірер туған жері болады. Туған елге, жерге деген сүйіспеншілік адамды алға жетелеп отырады. Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» - деп бекер айтпаған ғой.

Расында, сонау ел басына күн туған зар заманда ата-бабаларымыз туған жердің топырағын бір иіскеу үшін айшылық жерден ат арытып келген. Әйгілі Бейбарыс бабамыз шетте жүріп, туған елін сағынған шағында әрдайым туған елден алдырған жусанды искеп, туған жерге деген сағынышын басқан екен. Сондықтан, әрбір азамат қайда жүрсе де жүрегінің түбінде туған жерге деген құрметін сақтау керек.

Тәуелсіздік жылдарында елге оралған қандастарымыздың атажұртқа қайта оралып, туған жерге ту тігуі елге, жерге деген зор махаббаттың белгісі. Біз алыстан ата жұртын аңсап келген ағайындарға зор құрметпен қарауымыз керек. Біз тәуелсіз Отанымыз Қазақстан деген елде бақытты өмір сүріп жатқан елміз. Алланың нұрына бөленген бақытты халықтардың біріміз. Әлемде тәуелсіздікке қол жеткізу үшін  ғасырлар бойы күресіп келе жатқан халықтар бар. Солардың көпшілігі үшін азаттық таңы қол жетпес үлкен арманға айналып отыр. Әрбір Қазақстан азаматы елдің игілігіне, бірлігіне қызмет етіп, тәуелсіз елдің азаматы екендігімізді зор мақтан тұтуымыз керек. Біріккен Ұлттар ұйымының төріне шығып, Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуіміз осы ел азаттығының жемісі.

Қоршаған ортасына, ата-анасына, туған-туысына деген ыстық ықылас Отанға деген сүйіспеншілікке ұласса, ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Ұлтымыздың әйгілі шешені  Қазыбек би:

«Алтын ұяң – Отан қымбат... Туып өскен елің қымбат, кіндік кескен жерің қымбат», - деп туған жердің қасиетін ерекше бағалаған.

Сондықтан әрқайсымыз Отанмызды ардақ тұтып, оның тарихын жете білуіміз керек. Және де жас ұрпақтың бойына ел тарихын, шежіресін сіңіру аға ұрпақтың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Несін жасырамыз, әлі де болса арамызда жеті атасын білмейтін егде  адамдар бар. Шежіре білу рушылдық емес, тектілік болып табылады. «Жеті атасын білген жеті рудың қамын жер», - деп ата-бабаларымыз бекер айтпаған ғой.

Бауыржан Момышұлы: «Опасызда - Отан жоқ» деген екен. Отанын, салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтарын тәрк етіп, басқаның жетегінде кетіп жатқан жастарымыз да  кездеседі. Біздің ортамызға от тастап, бірлігіміздің шырқын бұзуға тырысатын сырт күштер бар екендігін ұмытпағанымыз жөн. Қазақ дінге, тілге бөлінбеу керек. Бұл баяғыдан келе жатқан «Бөліп ал да, билей бер» деген шеттен келген басқыншылардың  тәсілі. «Біріңді қазақ бірің дос,көрмесең істің бәрі бос»,- деп айтқан хакім Абайдың даналығын  бүкіл қазақ ту етіп ұстағаны абзал.



Өкінішке орай, біздің ата-аналар жұмысбастылықты сылтау етіп, бала тәрбиесін уысынан шығарып алды.  Қазір немересіне ертегі айтатын әже, ел шежіресін баласына жаттатын ата некен саяқ кездеседі.

Елбасымыз мақаласында туған жерге тағзым ету мәселесін өте орынды қозғап отыр. Егемендігіміздің арқасында елімізде қаншама кәсіпкерлер, қалталы азаматтар пайда болды. Сол азаматтар Алла берген дәулетін ел игілігіне жұмсаса, нұр үстіне нұр болар еді. Дегенменде, көп жағдайда өреміз жетпей, қолға келген мол қаржыны далаға шашатын жайымыз бар.

Тарихымызға көз салсақ, осындай ұлан ғайыр кең дала ата-бабаларымыздың  асқан ерлігімен, қанымен жеткен. Отан тарихындағы Абылай хан, Хан батыр  Қабанбай,  қанжығалы Бөгенбай, Райымбек, Шыңқожа, Боранбай сынды тағы басқа елге қорған болған алып тұлғаларымыздың есімін жас ұрпақ ортасына кеңінен насихаттау керек. Бұл шара отбасында, мектепте, БАҚ-тарда кеңінен үлкен өріс алса. Өкінішке орай, елге тұлға болған, ұлт азаттығы үшін жанын пида еткен даңқты бабаларымыздың есімі тек белгілі мерейтойларда ғана айтылады. Неге қазақтың әйгілі қолбасшылары туралы көркем кинолар түсірмеске? Бұл тақырыптардың  бүгінде біз үшін тәрбиелік мәні зор.

Таяуда жұмыс барысымен қаламыздағы бір үлкен мемлекеттік мекемеге бардым. Мекеме ғимаратының дәлізіне қазақтың ел қорғаған бүкіл  батырларының суретін іліп қойған. Қандай ғибратты іс!

Өзім қасиетті Шыңғыстауда дүниеге келіп, өстім. Қазақтың даналары дүниеге келген елдің бір ерекшелігі жасымыздан Абайдың, Шәкәрімнің даналығын және өңірдің тарихын  жаттап өстік. Өлке тарихын бізге бастауыш сыныптардан  бастап  санамызға сіңірді. Хакім Абайдың 100-ге  жуық өлеңін жатша оқитын балаларды ауданның кез-келген мектебінен кездестіруге болады. Бұл дегеніміз тәрбие жолындағы аға ұрпақтың кейінгі толқынға жасаған  ғибратты  еңбегі. Осындай үрдіс еліміздің әрбір өңірінде қолға алынса деген ұсынысымыз бар.

Елбасымыздың:

«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзімен мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолына аянбай еңбек етуге шақырамын. 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!