Тәрбие
сағатының мақсаты:
Оқушыларға
туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі
табиғаты туралы түсінік беру. Туған
жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға
тәрбиелеу.
Мұғалім
сөзі:
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар,
ата-аналар. «Туған
жер - алтын бесігім!» атты тәрбие сағатына
қош келдіңіздер!
Туған
жерге, кіндік қаның тамған жерге ештеңе
тең келмес. Атамекен
– туған халқының, ұлтының, мекен еткен,
ата - бабасының қоныс тепкен жері. Туған
жер әр адамның дүние есігін ашып, өмірге
келген жері. Адам қай жерде, қандай
биікке көтерілсе де, ол үшін ең қадірлі,
қасиетті өлке ол - Атамекен.
Біздің туған өлкеміз – кең байтақ
Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын
көлдері, жайқалған орманы мен жасыл
жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан
да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз.
Әрқашан аялап, қорғап жүреміз.
Сұлу
дала! Менің сүйген еркемсің
Жаным
сенен жаратылған өлкемсің
Қандай
жақсы, қазақ болып туғаным
О,
туған жер! Тамашасың, көркемсің, – дей
келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай
жалғастыру үшін ортаға сыныбымыздың
оқушыларын шақырғым келеді.
Туған
жерге арналған ақындардың өлеңдерін
оқып береді.
Нағашыбай
Алия
Қыдыр
Гүлзат
Бакиева
Айша
Нұрлыбаева
Дильназ
Нұралина
Армаржан
жүргізуші:
Туған
жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен,
ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың
едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі
шашыраған.
Жұмалина
Аянаттың орындауында Л.Обер «Тамбурин»
О,
туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған
көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды
қанат қып саған қарай
Балапандай
талпынып ұшамын мен.
Түгелбай Сая Л.Боккерини «Менуэт»
Атыңнан
айналайын Туған жер,
Аймалап желің
де тіл қатады екен.
Аңсап кеп бұлағыңнан
су сімірген,
Бейне бір тіліңнен бал
татады екен
Жансүгірова
Гүлназ А.Жұбанов «Қарлығаш»
Қазақстан
аталады Отаным,
Мен
отанын сүйетұғын ботамын.
Әрбір
адам еңбек ету арқылы,
Көркейтеді,
құрметтейді Отанын.
Сейсенбаева
Ардана халық әні : «Гүлдерайым »
Қазақстан
– туған өлкем,
Жер
бар ма екен сендей көркем.
Көрсін
деп сені күллі әлем,
Жалауыңды
көкке ілем
Ахметжан
Ардақ Л.Бетховен «Сурок»
Тасып
жатқан өзендер жағасынан,
Сары
белде сағымдар арасынан,
Тарайды
дән жұпары бар әлемге
Қазақтың
қасиетті даласынан.
Бекмұратова
Аяулым Абай «Айттым салем Қаламқас»
Туған
жерді Анам демей не дейін,
Туған
жерді панам демей не дейін.
Туған
жер мен асқақ менің ән-жырым,
Туған
жермен асқақ менің мерейім.
Асылбекова
Ақерке Халық әні «Елігай»
Балалар,
Туған жерді гүлдендірер ұл - қызы міне,
сендерсіздер.
Еліміздің келешек
тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда.
Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен
терезесі тең, керегесі кең ететін сендер.
Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді
болу – міндеттерің.
«Туған жер –
алтын бесік» - демекші, балалар, бүгінгі
сабақта айтылғандарды өнеге етіп, елді,
жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат
етейік .Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды
,көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!