400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жер - алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Әбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бойтұмардай ұғым бар. Ол әрине туған жер. Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер! Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да , суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге ұқсамайтын - ұлы сезім!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Л исаков қаласы әкімдігі білім бөлімінің

«№3 орта мектебі» КММ





Тақырыбы:

Туған жер – алтын бесігім





Жұмыстың авторы: Кадырханов Мұхамеднұр

10 - сынып


Ғылыми жетекші: Танирбергенова А. Ж.













Лисаков қаласы

2017 жыл


Туған елге тағзым ету парызым, Туған жерге қызмет ету қарызым, - демекші - «туған ел»  ұғымы адам жанына жылылық ұялататын  өте ыстық  ұғым. Қай кезеңде болмасын алыста жүрсе елін, туған жерін  сағынбаған жан болмаған. Туған елге деген сүйіспеншілігін музыканттар көркем музыкамен, суретшілер әсем бояумен, ал ақындар еліне, жеріне, атамекеніне  деген сүйіспеншілігін, махаббатын жыр жолдарымен, өлеңімен өрнектеген.

Әбір қазақ баласының жүрегінде жатталған қасиетті бойтұмардай ұғым бар. Ол әрине туған жер. Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер!   Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да , суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге  ұқсамайтын - ұлы сезім!

Туған жер туралы ой толғап, қалам тербемеген ақын -жазушы жер бетінде жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін  танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар...

«Бір әңгіме қозғашы туған жер жайлы, Одан артық әңгіме табылмайды»,-деп Мұқағали Мақатаев жырлағандай, ауыл жайлы әңгіме ерекше тербеніске толы әңгіме.  «Алға қарайтын кез келді. Іске кірісер кез келді. Ерік-жігерімізді танытатын кез келді!»,-деп Елбасымыз ауыл халқына үндеу тастады. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе»,-деп ұлы Мұхтар атамыз айтқан екен. Елбасымыз Нұрсұлтан атамызды, Шерхан, Абай сияқты азаматтарды да туған алтын бесік.  «Таланттар ауылда туып, қалада өледі» деген сөз бар. Бұл біздің түп тамырымыз ауылдың құрметіне сай айтылған сөз деп ойлаймын. Ауыл кешегі он жасқа дейін бір ауыз орысша білмей-ақ, он алты жасында әлемге әйгілене бастаған Шоқандарды туған. 

Ауыл. Қазақ. Тіл. Бір-бірінен ажырамас ұғымдар. Қазақ ауылда өскен. Ауылда еңбек еткен. Ауылда ұрпағын өрбіткен. Бір сөзбен айтқанда, қазақ үшін ауыл – алтын бесік, қасиетті мекен.

Заман өзгеріп жатыр. Ел уақыт тынысына сай тіршілік кешуде. Кей ауылдың жағдайы мәз болғанымен, көп ауылдың жағдайы алаңдатарлық. Басты себеп – жұмыс орнының тапшылығы. Жастар жұмыс істегісі келеді, ақша тапсам дейді. Алайда ауылда көңіліне сай жұмыс табыла бермейді. Сосын келіп қалаға ағылады. Ауылдың келешегі жас­тар ғой. Ал, сол жастар кетіп жатса, ауылда не сән қалатын еді?
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында баса айтылған. «Туған жер» бағдарламасын қолдап, елжанды, жұртын сүйген азаматтардың ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» мерекелік жиындар да аталып өтілуде. Сырттағы ауыл азаматтарының туған жеріне деген ыстық ықыласын білдіріп, ауылының мәртебесін көтеріп, өзінің Отан алдындағы абыройы – туған елдің  масаттанар мақтанышы.

Береке-бірлігін айғақтаған ауыл азаматтарының осынау бастамасы келешек жас ұрпақтың бойына елжандылық қасиетті сіңіреді деп ойлаймын. Әкеміз атын суарған, анамыз келіп су алған сонау бұлақтың жағасы – ұлттық болмысымыз бен рухымыздың ұясы.

Ел Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылы Алматы облысына барған сапары кезіндегі теледидардан берілген хабарды қарап отырғанымда, ол кісінің «Қазақта «Ауылым – алтын бесігім» деген сөз бар. Әркімге өзінің туған жері – жерұйық. Ауыл – біздің табан тірер жеріміз, тұғырымыз. Біз сол кәусар бұлақтан білім алып, елдің тарихын, салт-ғұрпын ішімізге сыйдырып жүрген халықпыз. Ауыл – халық руханиятының алтын діңгегі, мәдениеттің мәйегі, дәстүрдің басталатын жері» деген сөздері маған өте қатты әсер етті. Елбасының сондай-ақ, «Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деген ұлағатты сөзі мені қатты ойға қалдырды.

Қазіргі таңда бұл акция еліміздің әр тұсында қолдау тауып, қанатын жая түскені белгілі. Кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, бойына ең ізгі қасиеттерді дарытқан, сананы білім нәрімен дамытқан, туып-өскен жерге деген перзенттік парыз-біздің де ата-аналарымызды, аға-әпкелерімізді «Туған жерге тағзым» акциясын қолға алу қажеттігіне шақыратын тәрізді. Елбасының тікелей тапсырмасынан нәр алған бастама өзінің өміршеңдігін көрсетуде. Ендеше, олар неге одан тысқары қалуы керек?!

Ауылды түлетуіміз керек – деп жатқан үлкендердің қолдауы. Бұл ретте Ұлт Көшбасшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы талаптарды орындаудың маңызы ерекше.
Ауыл – қазақы тәлім-тәрбиенің ордасы. Әрине, ол ұлағат тіліміз арқылы жететіні белгілі. Бір жағынан ауылды ана тіліміздің ұясы, бастауы десек те қателеспеген болар едім. Демек, тілді сақтауымыз үшін де қара шаңырақ – ауылымыздың амандығы, оның гүлденіп, өркендеуі өте қажет екен.

Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген  мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көкбайрағын көкке көтеріп, еңселі елтаңбасын айқындатып, әнұранын асқақтата шырқауды мақтаныш тұтады.

Біз Қазақстан елінің ұрпағымыз. Осында туып, осында өсіп білім алып келеміз. «Отан» деген ұғымды біз де ерекше түсініп, ерекше мән береміз. Сондықтан, біздің туған елге деген, Отанға деген, кіндік кескен жерімізге деген сүйіспеншілігіміз зор.

Адам баласы дүние есігін ашып, жарыққа шыққан соң, үйі мен бауырларын, түгел айналаны ақырындап тани бастайды. Оның таңда атқан күні мен батқан түніне дейін еске сақтап, жүрегінің ең сенімді жеріне сақтайды. Өсе келе оның тұнық ауасын аңсайтын күйге жетеді. Міне, осындай жанға жылы, жүрекке жақын тұрған жерді әр адам баласы өзінің туған жері, атамекені деп біледі. 

Туған жер – киелі орын . Отан – ошақ басынан басталады. Туған жер – туған көше, туған қала, кент. Менің қалам  кішкентаі болса да, мен үшін аса қымбат. Ол - Лисаков кенті. Дәл осы жерде мен дүниеге келдім. Тәй-тәй бастым, тілім шықты, балабақшаға бардым. 1 сыныпты  да осында бастадым. Қазір 10-сыныпта жақсы оқып жатырмын. Балалық шағым көңілді, шаттықта, уайымсыз өтіп жатыр.

Туған жердің әр түлегі қай жерде, қандай қызметте жүрсе де, атамекен – алтын бесігін бір сәт естен шығармай, оған мәңгілік қарыздармын деп есептейтінім сөзсіз. Өйткені, азамат бойындағы дарын, қабілет, тектілік сынды абзал қасиеттер ана сүті, әке қаны, туған жердің топырағынан дариды.

Туған жер – әр адамның түпқазығы. Рухының бесігі. Ауыл – тамыры тереңге жайылған қазақы дәстүріміздің қаймағы бұзылмаған ордасы. Сол алтын орданың қадірі мен қасиетін аспандатқан, асқақтататын ауылыдың атымтай азаматтары Елбасы саясатын берік қолдайтындарын ісімен дәлелдейді.

Дархандығы даласымен өлшенген, асқарлығы дастарханымен өлшенген, асы барда беріп жүріп ел таныған, аты барда желіп жүріп жер таныған, өнері мен спорттын қатар алып жүретін ауыл жастарының нағыз ер жігіттері жасындай жарқылдауы – ауыл тынысының бір бөлігі ғана.

Өз басым ел ағаларымыздың туған жер алдындағы перзенттік парыздарын Алла тағаланың жердегі үйі, имандылық ұясы – мешіт салудан бастағанын жөн деп санайтын едім, дегенмен ойлағанымдай барлығы жүзеге асты.

Әрине, бұл мақаланы оқыған соң, кейбір кісілердің көңілінде «Лисаковта мешіт бар емес пе?» деген түсінбеушілік те туындауы мүмкін. Рас, Лисаковта мешіт бар. Бірақ, оның архитектуралық келбеті қандай? Сондықтан, менің ойымша, жаңа мешіт осы заманғы архитектуралық үлгіде және кенттің орталығынан бой көтеруі тиіс. Ол өзінің сыртқы келбетімен де елдің ертеңге деген сенімін нығайта түсуге қызмет атқаруы тиіс. Енді «Неге мешіт? Басқа бір объектіден бастауға болмады ма?» дейтін де сұрақтар туындауы мүмкін. Ата-бабаларымыздан қалған «Иман ұялаған жерге құт-береке қонақтайды» деген сөз бар. Шынында да, имандылыққа табан тіреген халықтың, елдің қалай өсіп-өркендеп отырғаны баршамызға аян. Өйткені, иманды адам ғана ұрлық жасамайды, біреудің еңбегін жемейді, ешкімге қиянат етпейді. Сондай-ақ, кейінгі кездері дінді бұра түсінушілік салдарынан көптеген жастарымыздың адасушылыққа ұрынып жатқандары да белгілі. Оларға тура жолды ұғындырып, түсіндіретін кімдер? Әрине, сауатты имамдар ғана. Сондықтан да, Лисаковте сәні де, мәні де осы заманға лайық мешіттің болғаны дұрыс. Менің бұл ойымды қала тұрғындары да, басқа да көпшілік қолдайды деген ойдамын.

Біз өз анамыз, туған жеріміз -Отанымызды осылайша жырлаймыз. Менің ойымша, адам баласына «Отан», «туған жер» деген ұғым ана құрсағынан басталатын сияқты. Біз есейген сайын туған ел туралы түсінігіміз молая береді. Ал ер жеткенде өмірді, дүниені жан-жақты түсініп білген кезде «туған ел» деген ұғым бұрынғыдан да мәнді, мағыналы болып, сезімімізді байыта түсетініне нық сенімдемін. 









Пайдаланған әдебиеттер


  1. Сағымбай отбасының туған жері.

  2. Бейне материалдар.

  3. Фотосуреттер.

  4. «Қазақстан заман» 2017, 21 қазан, №64

  5. «Егемен Қазақстан» 2017 жыл 24 қазан, №204

  6. «Қазақ ауылының тұрмысы мен мәдениеті» Алматы кітап – 2006, 189 - 209 – беттер.

  7. «Ана тілі» 2017, 5-11 қазан, №40

  8. www.zharar.

  9. Тұрманжанов Өтебай «Қазақ мақал – мәтелдері» Алматы «Ана тілі» - 1993.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
3810
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі