400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жер - алтын бесік

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыға, тәрбиелік,қызықты
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 11.01.2019ж

Мұғалімі: Абдурахманова Айкерим

Тақырыбы:

Туған жер – алтын бесігім

Мақсаты:

Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру. Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Өлең шумақтары арқылы туған жерге деген сезімдері оянады.

Әдіс – тәсілдер:

Сұрақ жауап, ән,

Пәнаралық байланыс:

Музыка, әдебиеттік оқу

Барысы:

Кіріспе сөз: «Туған жер-тал бесігім!» осынау кең-байтақ еліміздің шалқар көлдері мен асқар таулары, алтын дәнді даласы, ақ күмістей қаласы, кенге толы өңірі мен малға толы өрісі бар, сендер секілді болашақ ұрпағы бар мәңгілік ел, туған жеріміз –Қазақстан деп аталады. Бүгін сіздердің туған ел, туған жер туралы білетіндеріңізді ортаға саламыз.

Тақпақтар:

Асхат: Туған жер - алтын бесік, асыл - анам,
Ауаңмен, ақ сүтіңмен асыраған.
Мендағы ұлың едім, өзің тектес,
Алысқа несібесі шашыраған.

Нұржанбек: Топырақтан өмір иісі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесімен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.

Қарақат: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным.
О туған жер, тамашасың, көркемсің.

Ән:

Туған өлкем

Би:

Қамажай”




Би:

Қара жорға”

Мұғалім:


 Оқушылар енді туған жер туралы мақал-мәтел білеміз бе?
1. Әркімнің өз жері м-Мысыр шаҺары.
2. Ел іші алтын бесік
3. Жері байдың елі бай
4. Елің – панаң, жерің - анаң
5. Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас
6. Өз елің - алтын бесігің
7. Бақа көлінде патша.

Балық сынада патша.

Жігіт елінде патша.
8. Туған жердің түтіні де тәтті.
9. Ит тойған жеріне, ер туған жеріне
10. Туған елдей ел болмас
Туған жердей жер болмас.


Қорытынды:

Туған жер әр адамға ыстық көрінеді. Туған жерімізді қадірлейк, қорғайық, таза сақтайық.

Кері байланыс

Сұрақ- жауап














Болашақ ауылдық округі №10 орта мектебі





Сынып сағаты

Тақырыбы: «Туған жер-алтын бесігім»









Дайындаған: Абдурахманова А.К.













2018/2019 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі