Материалдар / Туған жер - жаңғыру аясында

Туған жер - жаңғыру аясында

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Қостанай қаласының № 15 мектебінде бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінде «Туған жер –жаңғыру аясында» тақырыбында айлық өтті. Айлықтың мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақта жалынды, елжанды, ел мұрасын қадірлей білетін сауатты, білімді тұлға ретінде тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
328
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Ол – Ұлы Дала елінің бойында белгілі тарихи себептермен қалғып кеткен прагматизмді ояту арқылы ұлттық, қоғамдық ойға, іске сілкініс әкелу, тәуелсіз елдің санасы мен ағзасын отаршылдық, кембағалдық, бойкүйездік комплекстерінен тұтастай арылту. Қостанай қаласының № 15 мектебінде бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінде «Туған жер –жаңғыру аясында» тақырыбында айлық өтті. Айлықтың мақсаты: Мұғалімдердің іс-тәжірибесімен бөлісу, оқушылардың туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, болашақта жалынды, елжанды, ел мұрасын қадірлей білетін сауатты, білімді тұлға ретінде тәрбиелеу. Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында апталық салтанатты жиынмен ашылды. Апталықты 2 «А» сынып жетекшісі Умиржанова А.А ұйымдастыруымен 2 сынып оқушылары ашты. Олар еліміздің ақиық ақындарының Отан, туған жер, ана тілі, достық туралы өлең-жырларын ортаға салды. Оқушылардың назарына «Туған жер-жаңғыру аясында» атты презентация ұсынылды. Әдістемелік бірлестік жетекшісі Абдыкасымова Г.Ж. апталық жоспарымен таныстыра отырып, оқушыларға сәттілік тіледі. Айлықтың іс-шараларында жоспарланған түрде ашық сабақтар, зияткерлік ойындар, ұлттық спорттық жарыстар, шығармашылық жұмыстар сайысы, тәрбиелік сағаттар өткізілді.Айлықтың басында бастауыш сыныптар арасында «Тағамдар әлемі» акцияға үлес тақырыбында жәрмеңке өтті. Жәрмеңкені ұйымдастыруға жауапты Майшина Анар мен Омарова Ляззат өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарады.Жәрмеңкеге барлық сынып оқушылары өз үлестерін қосты. Ата-аналар да белсенділік танытты. Олар өздері қатыса отырып, жәрмеңкенің тауарларын сатты. Жиналған қаражатты сынып жетекшімен бірлесе отырып, мектепке өткізді. Жәрмеңкеден түскен қаражат мектептегі үлеске қосылып, балалар үйіне көмекке кетті.Сыныптар арасында «Білімділер» бекеті атты марафон өткізілді. Марафонның мақсаты: оқушылардың білімдерін шыңдау, логикалық тапқырлықты, ойлауды дамыту, оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. «Білгіштер бекеті»- интеллектуалдық сайыс. 2-4 сынып аралығында интеллектуалды сайыс өткізу кезеңіне жауапты Карамысова Динара, Иралинова Ляззат, Умиржанова Анар математика,қазақ тілі, дүниетану пәндері бойынша жұмыстар дайындады. Әр пән 10 сұрақтан құралған. Әр сыныптан 7 оқушы алынды және пәндер олимпиадалары жеке бекетттерде өткізілді. Марафондық тапсырмалар функционалдық сауаттылыққа бағытталған.Бала тәрбиесіне ерте жастан тәлім-тәрбие беру қазақ халқына сіңген әдет. Сондықтан білімдік, танымдық қабілеттерін дамытумен қатар тәрбиелік жұмыстар да өз орнын тапты. «Өнер» әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Разах Думанның ұйымдастыруымен ата-аналар мен оқушылар арасында «Толағай» отбасылық сайысы өтті. Бұл сайысқа екінші, үшінші және төртінші сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.Сайыстың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттап, жас жеткіншектер мен ата-аналардың спортқа деген қызығушылықтырын арттыру. Әр топ өздерінің топ атаулары мен эмблема және ұрандарын дайындаған. Сайыс 6 айналымнан құрылды. Әр айналымда командалар бір-бірінен асып түсіп жатты. Жалпы жарыс жақсы көтеріңкі көңіл күймен өтті. Әр топ жоғары деңгейде дайындалып келген.Жарыс соңында жүргізуші жарысты қорытындылап, әділқазылар жеңімпаздарды марапаттап өтті. 1 орынды – «Достық» тобы, 2 орынды «Жас қыран» тобы, ал 3 орында «Тұлпар» тобы болды.Мектеп оқушыларының кітапқа қызығушылығын қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханасында да кітапханашы Шаяхметова Құндызайдың ұйымдастыруымен «Мейірім төгетін ана» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 1-9 сынып оқушылары тартылды. «Ертегілер елінде» атты бастауыш сынып оқушыларымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баули отырып, оларды адал азамат болып өсуге тәрбиелеу. Сыныптарды топтастыра отырып, ертегілер көрді. Олардың іс-әрекеттерін талдай отырып, балалардың кітапқа қызығушылықтарын арттырды. Биылғы оқу жылында №15 мектеп ұжымы «Биоақпараттану және Синергетика» жалпы білім беру мектебінде сапаны басқару технологиясы бойынша сабақ беру жүйесін енгізіп отыр. Бастауыш сынып мұғалімдері осы технологияны қолдана отырып, пәндер бойынша ашық сабақтар беріп, өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті. «Бастауыш сыныптар» ӘБ онкүндігінің жабылуы бастауыш сынып мұғалімдері Есингожина Зибагүл мен Серикова Айзаданың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ел мұраты» тақырыбында салтанатты түрде мектептің акт залында өтті. Сахна мерекеге сай жабдықталып, безендендірілді. Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен үлкен мерекелік концерт өтті. Айлық барысында барлық межелеген іс-шаралар уақытында, жоспарға сәйкес өткізілді. Айлық жақсы әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды. Мұғалімдердің барлығы жақсы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете алды. Сынып оқушылары пәндерден жақсы білімдерін көрсетті, өздерінің білімдерін кез келген жағдайда қолдана білді, бір-біріне көмектерін тигізді. Барлық оқушылар салтанатты жиында әр түрлі сайыстардан алған орындары үшін марапатталды. Онкүндіктің қорытындысын шығара отырып, «Бастауыш сыныптар» ӘБ-нің мұғалімдері жақсы жұмыс көрсеткіштерін көрсетті деп айтуға болады.



Қостанай қаласы, № 15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Галия Абдыкасымова.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ