400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған жер — алтын бесігім» курсының өзектілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы адамдардың көркем шығармаларымен таныса отырып сын тұрғысынан ойлауға бағытталады. Әңгіме, өлең, ертегі, ақпарат құралдарының материалдары 4 сыныптың оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп алынып сай жасалған. Курстың 34 сағат саны оқу мақсаттары мен тілдік дағдыларды, көркем шығармаларды оқытуды толықтай қамтиды. Осы курс барысында оқушы оқушы тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыта отырып, ғаламтордан қызықты мәліметтерді тауып, алған білімдерін кеңейтеді, білімдерін өмірмен ұштастыруға мүмкіндік алады. «Туған жер — алтын бесігім» курсының мақсаты: оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытып, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Туған жер — алтын бесігім» курсының өзектілігі

«Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М.Горький атындағы гимназиясы» КММ

Қостанай қ., Қазақстан Республикасы.

«Туған жер — алтын бесігім» курсының өзектілігі: Оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша арнайы вариативті курс 4 сынып оқушыларына арналады. Оқушыларды қазақ тіліне үйретіп, тілімізді қадірлей білетін, ұлттық құндылықтарды дәріптей білетін тұлғаны тәрбиелеу. Қазақ тілінде оэ ойларын жеткізе алатындай қарапайым А1 деңгейінен бастап жоғары А2 деңгейіне жету барысында осы аталған курста оқушылар білімдерін жетілдіреді, кез-келген ортада қарым-қатынасқа түсуге дағдыланып, сондай-ақ дүниетанымы кеңейеді.

Ұлы адамдардың көркем шығармаларымен таныса отырып сын тұрғысынан ойлауға бағытталады. Әңгіме, өлең, ертегі, ақпарат құралдарының материалдары 4 сыныптың оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп алынып сай жасалған.

Курстың 34 сағат саны оқу мақсаттары мен тілдік дағдыларды, көркем шығармаларды оқытуды толықтай қамтиды.

Осы курс барысында оқушы оқушы тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамыта отырып, ғаламтордан қызықты мәліметтерді тауып, алған білімдерін кеңейтеді, білімдерін өмірмен ұштастыруға мүмкіндік алады.

«Туған жер — алтын бесігім» курсының мақсаты:

оқыту қазақ тілінде емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша білім алушылардың тілдік дағдыларын дамытып, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйрету

«Туған жер — алтын бесігім»курсының міндеттері:

  1. Ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру:

  2. Әлеуметтік ортада өзін ұстай білуге, сөйлеу білуге үйрету:

  3. Сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру:

  4. Сауатты жазуға, сөйлей білуге машықтандыру:

«Туған жер — алтын бесігім» курсының ғылымилығы:

Курс мақсаты мен мазмұны бойынша бiлiм алушының әлеуметтiк – психологиялық қалыптасуын зерттеуге бағытталған.

Тәрбиелiк маңыздылығы:

Ұлттық құндылықтарды игеріп мәселенi шеше алатын, өмiрiмен ұштастырып жаңашыл ұрпақты тәрбиелеу;

Мемлекеттiк тiлге деген құрмет сезiмiн тәрбиелеу;

қазақ тiлiн қадiрлейтiн, қоғамдық мәнiн түсiнетiн тұлға қалыптастыру

Пәнаралық байланыс:

Бұл курста «Қазақстан тарихы», «Өзiн-өзi тану», «Жаратылыстану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Қазақстан жағрапиясы» пәндерiмен байланыс орнатуға болады.

Күтiлетiн нәтиже:

Тыңдалым

Бiлiм алушы біледі:

- мәтiннен арнайы ақпаратты өзіне түртіп алады;

- функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсiнедi;

Бiлiм алушы жасай алады:

  • әртүрлi стильдегi және жанрдағы мәтiндердiң негiзгi проблемаларын айқындай алады.;

  • айтылған ойдың мазмұнын болжайды.

Айтылым

Бiлiм алушы біледі:

  • назарды өзiне қарату тәсiлдерiн пайдаланып монолог, диалог құрайды;

  • ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды;

Бiлiм алушы жасай алады:

  • сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тiлдiң лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.

Оқылым

Бiлiм алушы біледі:

  • бiлiм алушы мәтiндердiң мазмұнын түсiнедi;

  • әртүрлi типiн, стильiн, жанырын анықтайды;

  • өзектiлiгiн, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, дереккөздерден қажеттi ақпаратты алады;

Бiлiм алушы жасай алады:

  • оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтiннiң мазмұнын талдайды және жинақтайды;

  • көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтiндi салыстырып, белгiленген оқу стратегияларын пайдаланады.

Жазылым

Бiлiм алушы біледі:

  • мәтiндердiң мазмұнын салыстырады, талдайды;

  • орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды;

  • троптар мен тiлдiң көркемдегiш-бейнелеуiш құралдарын пайдаланады;

Бiлiм алушы жасай алады:

  • бiлiм алушы әртүрлi тiлдiк құралдарды пайдалана отырып, мәтiндердi жазады;

  • тұтас мәтiндердiң негiзiнде сызбаларды, кестелердi, диаграммаларды жасайды;

  • жоспар жасайды;

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Назарбаев Зияткерлік мектептері, 2016.- 45 б./ https://testcenter.kz/ (кірген уақыты 05.01.24., 21.15)

  2. Оразбаева Ф. Ш., Дәулетбекова Ж. Т., Рауандина А. Қ., Рахметова Р. С., Жайлаубаева Қ. С.. Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. Оқулық. 2-бөлім. – Алматы: Көкжиек-Горизонт. 2017. -132 б.

  3. Дайырова Ә. «Әдебиеттік оқу кітабына» қосымша материалдар. –Семей. 2020. – 259 б.

  4. Солтанғазина М.Қ., Лекерова Ф.С. Қазақ тілі. Диктанттар мен мазмұндама жинағы. «Алматыкітап» баспасы. 2019. -22 б.


Маркина Зейнеп Бакитжановна

«Қостанай қаласы білім бөлімінің

А.М.Горький атындағы гимназиясы» КММ

Қостанай қ., Қазақстан Республикасы.

тел 8771 9041923



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12.11.2025
38
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі