«Туған жер-менің тарихым,
менің мәдениетім, менің туған
өлкем»
Елбасы «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласында ХХІ ғасырда ұлттық санаға қатысты
және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың
6 негізгі бағытын атап көрсеткен, солардың бірі- «Туған жер»
бағдарламасы. «Туған жер» жобасы саналы ұрпақты тәрбиелеуге
мүмкіндік туғызады. Бұл жобаның негізгі мақсаты –
қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімді ояту. «Патриотизм
кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни
туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады», - дейді өз
мақаласында Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев.
Елбасы мақаласынының басты
айтар ойы – туған жерге, оның мәдениеті
мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы
патриотизмнің маңызды көріністерінің
бірі. Сана-сезіммен отаншылдықтың дамуының
жоғарғы деңгейіңдегі, инновациялық экономика жағдайында табысты
еңбек ететін, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына
сіңірген, елінің тағдыры үшін жауапкершілік сезімі бар қоғамның
әлеуметтік белсенді мүшелері
елге жаңашыр
азаматтар. Бүгінгі жастар – ертеңгі
еліміздің болашағы. Бүгінгі жастар қандай болса, елімізде сондай
болмақ.
Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер
айтпаған. Қазығы ауылда қағылып келген
қазақ үшін туған ауылы қай қиырда жүрсе де, қай қияға шықса да,
әрқашанда қасиетті мекені. Мысалы, туған жерге деген ерекше құрметтерін
адам жанына жылулық сыйлайтын қайырымдылық шаралар жасау арқылы
білдіріп жатқандар бар. Сондай-ақ, жастарда ұлттың рухани
жаңғыруына бастайтын «Туған жер» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру
бойынша нақты ұсыныстар білдіріп, жобаларды қолға алуда. Туған
жерге деген ерекше құрмет – туған жердің көсегесін көгертуге
атсалысу. Үкімет, жергілікті билік, халық, қала, ауыл, барлық
аймақтың әлеуетін арттыруға, руханиятын, мәдениетін көтеруге
ұмтылуы қажет. Туған жерді қастерлеп сүюге, туған жер қадірін
арттыруға, заманауи озық өркениет үлгілерін дамытуға деген шамшырақ
ұранның күштілігі осында. Жүрегі елім деп соққан әр
азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес
қосуы керек. Сондай ауыл азаматтарының бірі
деп ауылымыздың, яғни Қайрат ауылдық округінің әкімі Бітниев Ержан
Қадырұлын және ауыл азаматы қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы
әкімдігінің орынбасары қызметіндегі Какимов Абзал Дүйсенұлын зор
мақтанышпен айтар едік.
Ержан Қадырұлы 1982 жылы 31
қаңтарда Қайрат ауылында дүниеге келген. Ауылымыздың азаматы
мектепті аяқтаған соң, 1999-2004 жылдары Астана қаласындағы Гумилев
атындағы Еуразия Ұлттық университетінің тарих факультетін
тамәмдады. 2004-2007 жылдары Қайрат орта мектебінде тарих пәнінің
мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 2007-2011 жылдар аралығында
Қайрат селолық округі әкімінің аппаратында бас маман қызметін
атқарды. 2011-2014 жылдары «Болашақ» халықаралық бағдарламасы
бойынша Англияда өз білімін жалғастырып, 2015-2017 жылдар
аралығында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде бас сарапшы болып
қызмет атқарды. Жүрегі туған ауылым деп соғып, үстіміздегі жылы
тамыз айында туған еліне оралып, Қайрат ауылының әкімі болып қызмет
атқаруда.
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақты
бойына Отансүйгіштік пен патриотизм сезімін қалыптастыру мемлекет
саясатының басым мақсаты болып табылады. «Ел болам десең –
бесігінді түзе», – демекші Отанға деген махаббат ана сүтімен
берілуі тиіс деп санаймын, өйткені Отан алдындағы кіршіксіз
махаббат ананың аялы алақаны мен әке қамқорлығымен бойға
тарайды. Қазіргі кезде ауылда
шаруашылықты жетілдіруге байланысты, жаңа заман талабына сай
ұжымдық шаруашылықтар құрылып жатыр. Біздің Қайрат ауылында да
сондай бірігіп жұмыс істейміз деген азаматтар шамалары келгенше бір
істі бастап кетті. Қайрат ауылының азаматы, Какимов Абзал Дүйсенұлы
1978 жылы қыркүйектің 24 жұлдызында Қайрат ауылында дүниеге келген.
1995 жылы Қайрат орта мектебін бітірген. Алғашқы еңбек жолын
механизатор-комбайнерден бастаған. 15 жылдық ауылының негізі
мектебінде ұстаздық етіп жұмыс атқарған. 1996-2001 жыл аралығында
Сәкен Сейфуллин Ақмола аграрлық университетінің экономика және
менеджмент агроөнеркәсіп кешені мамандығын алады. 2002-2015 жылдары
Алматы, Астана, және Степногор қалаларында әкім орынбасары қызметін
атқарды. 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Президент жанындағы
мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік басқару мамандығы
бойынша магистрлік білім алып, диссертация қорғаған. 2015 жылдан
бүгінгі күнге дейін Астана қаласында жеке кәсіптік коммуналдық
шаруашылық жүргізіп келеді. Биыл Қайрат ауылында мал бордақылау
және асыл тұқымды малды өсіру жоспарымен ел азаматтарын біріктіріп,
үлкен іс бастап жатыр. Еліміздің тұрғылықты азаматы Қажғалиев
Бекболат Жүсіпұлы азаматтарды біріктіріп қол ұшын беруде. «Жұмыла
көтерген жүк жеңіл» дейді ғой халқымыз. Алыста жатқан еліне келіп,
мынадай жұмыс бастау әркімнің қолынан келе бермейді. Жасап жатқан
істері алға басып, жұмыстары өркендесін, азаматтарға сәттілік
тілейміз. «Елде барға ерін тиер» дейді ғой ұлы халқымыз, жергілікті
халыққа да шарапаты тиер.
Елбасы қазір жұмыс істеймін
деген адамға көптеген мүмкіндіктердің жолын ашып берді. Осы
мүмкіндікті орынды қолдану, ел игілігіне пайдалану - әр азаматтың
азаматтық борышы. Елбасының бастамасы талай адамның еңбек жолындағы
жолын ашып, нақты істеуге бастау болатыны
айқын.
|
№
|
Аты-жөні
|
Аудан
|
Облыс
|
Мектеп
атауы
|
Ауылы
|
Сертификат
нөмері
|
|
1
|
Шарипова Гуляйым
Сериковна
|
Уалиханов
|
Солтүстік
Қазақстан
|
Қайрат орта
мектебі
|
Қайрат
ауылы
|
6090
|
