Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Туған жер-тұғырың, Туған ел-қыдырың
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы:Туған жер-тұғырың,
Туған
ел-қыдырың
Мақсаты:
Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген
сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен
тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың
болашағын оқушылар көзімен
болжау.
Көрнекілігі:
туған жер турал слайд,нақыл
сөздер,мақал-мәтелдер,бейролик.
Барысы:
Жүргізуші:
І.Кіріспе:
( М. Беспаев Туған жер) - Қыздар, бір сәтке
барлығың көздеріңді жұмып, мына күйді тыңдай отырып, өздеріңді
болашақта мектепті бітіріп, жоғарғы орынға оқуға түсіп, шет елде
оқуларың немесе жұмыс бабымен баруларыңды
елестетіңдерші. Біраз уақыт
өте, сендер туған жерлеріңді сағынасыңдар. Сонда көз алдарыңа не
елестейді?
- Туған жердің
топырағы, суы, тауы, жусанның ісі келе
бастайды.
- Неге ең
бірінші топырақ ойларыңа
келді?
- Жер деген
сөзді топырақпен
байланыстырдым.
- Кіндік қаның
тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен
артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат
басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата-бабаларымыз кең
даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан
еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік
кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген
махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің
картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға
тиісті.
Адам бойындағы
отаншыл қасиеттеріне байланысты біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың
тақырыбы: «Туған жер - тұғырың, Туған ел - қыдырың» атты
болмақ.
1-оқушы:Нұргүл
Табиғаттың
тамаша жазы қандай,
Айналама көк
кілем жазылғандай.
Сымбатыңнан
айналдым, туған жерім,
Сылдырлаған
бұлағы,суы балдай,- деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді
жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан - менің атамекенім.
Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы,
байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру
мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да
әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс
өте көп.
Туған жер жайлы
жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың
әдебиетінде молынан кездеседі. Бұдан біз әр халықтың туған жерін
ардақ тұтып, анасындай қастерлейтінін байқағандаймыз. Біздің қазақ
халқы да туған жер қадірін жас ұрпақ бойына, санасына бала
кезінен-ақ сіңіруге ұмтылатындығын туған жер жайлы
мақал-мәтелдерден, аңыз әңгімелерден, батырлар жырынан көреміз. «Ит
тойған жеріне, ер – туған жеріне» немесе «Туған жердей жер болмас,
туған елдей ел болмас» деп ерекшелеп көрсетеді. Бұлардың бәрінен
шығатын қорытынды әркімге туған жері, туған елі қымбат екендігі деп
ойлаймын.
2-оқушы:Құрманжан
Өлең
жолдары
Отан деген –
атамекен
Отан деген – туған
ел
Отан –
ана
Отан
үлкен
Қазақстан деген
жер!
Жүргізуші:
ҚР Ата Заңының
36-бабында:
Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір
азаматының қасиетті парызы және міндеті, –
делінген.
- Қыздар,Отаның,
туған жерің қайда дегенде, неден бастауларың
керек?
1. Мемлекетіңді
атайсың
2. Облысыңды
атайсың (қаласын)
3. Ауылыңды
(ауданыңды)
Қазақстанда 14
облыс, 86 қала, 175 аудан, 2468 ауылдық (селолық) әкімшілік
бар
3-оқушы:Назгүл.
Қазақстанның
ежелгі алдыннан келе жатқан қалаларының бірі - Тараз қаласы. Тарихи
деректерге сүйенсек 1856 жылы қала Әулие – Ата атымен, 1856 жылы
қаңтарда Мирзоян аты беріледі. Ал 1938 жылы мамыр айында ақын
Жамбыл тамыздың аты берілді. 1997 жылы 8 қаңтарда Жамбыл қаласына
өзінің тарихи аты Тараз қайтарылды. 2002 жылы ЮНЕСКО көлемінде қала
өзінің 2000 жылдығын атап өтті. Облыс Жамбыл облысы болып
қалдырылды.
Осы тарихи
–киелі өңір атақты ақын атамыз Жамбыл Жабаевтің туған өңірі. «Пірім
менің Сүйінбай, Жыр айтпаймын сиынбай»,-деп Жамбыл атамыз ақын
Сүйінбай Аронұлын өзіне ұстаз тұтқан
.
4-оқушы:Балауса
Тарихы мол
Меркі өңірі – еліміздің киелі
өлкесі.
Ауданда 38
мектеп 48 денсаулық сақтау мекемелері, 40 мәдени ошақтары жұмыс
істейді.
Мерке - б.д.д.
(бұдан әрі Меркі) Қытай патшалығын бағындырыпп, салық салып,
үстемдік жүргізген, Ұлы Қытай қорғанын салуға мәжбүр еткен Сақ, Ғұн
тайпаларының ішіндегі бір үлкен тайпаның аты. Тарихта осы ғұнның
бір үлкен тайпасы асқар Алатаудың бауырына Іле бойынан Меркі жеріне
дейін мекендеген. Сондықтан да Талғардың үстінде үш Меркі, қазіргі
Меркі ауданының жерін, өзенін, тауын Меркі
дейді.
Сақ, Ғұндардан
кейін бұл жерді Үйсін ұрпақтары билеген. Үйсіннің 35-ші ұрпағы
Меркі батыр - жерін, елін қорғап, халқын ұлан-асыр байлыққа бөлеп,
бақытты өмір
сүргізген.
5-оқушы:Еркеайым.
Меркі орта
ғасырдан Ұлы Жібек жолы бойында үлкен сауда орнына айналған көне
шаһар екендігі тарихтан
белгілі.
Алатаудың
көкмайсалы бауырында Тараз қаласының шығысында 150 шақырым жерде
орын тепкен Меркі аты ғасырлардан ғасырларға осы атаумен жеткен.
Оның аты тарихшылар мен саяхатшылардың ауызына жиырма ғасырдан аса
тарихы бар Таразбен бірге алынады. Бұл өлкеде діндер мен билік,
отаршылдар мен азаттық үшін жан беріп, жан алған ірі шайқастар
болған. Сондықтан да бұл өңірде сыртқы жаудан қорғану үшін
жан-жағын өзен қорғаған қылтанақты жерде орналасқан ірі қорғандар
мен биік дуалдары бар қалалар салынған, Бір ауданның аумағында
атақ-даңқы әуелеген Меркі, Аспара сияқты қалалар орналасқан. Ал
Меркі өзенінің жоғары жағында ЮНЕСКО-ның тарапынан қорғалатын
тарихи, мәдени ескерткіштердің санатына енген Меркі түркі
ғибадатханасының тарихымызда алатын орны
ерекше.
Жүргізуші:
Отан туралы
өлең шумақтарына кезек береміз.
6-оқушы:Алтынай
Сұлу дала!Менің
сүйген еркемсің
Жаным сенен
жаратылған өлкемсің
Қандай жақсы,
қазақ болып туғаным
О, туған жер!
Тамашасың, көркемсің,
7-оқушы:Аяулым
Көп аузынан
түспейтін
Отан деген
немене?
Оның тұлға түс
кейпін,
Достым, білгің
келе ме?
8-оқушы:Аружан
Отан – сенің
ата-анаң,
Отан – досың,
бауырың,
Отан – өлкең,
астанаң
Отан – аудан
ауылың.
9-оқушы:Мадина
Отан – тарих,
Отан – тіл,
Жазған елің, ер
халқың,
Отан – өлең,
Отан – жыр,
Көтерген көкке
ел даңқын.
Туған жер туралы мақал-мәтел
айту.
Ел мен жер
егіз
Жұрт дегенде
жұмылып,
Ел дегенде
егіліп
Туған жер -
тұғырың,
Туған ел –
қыдырың.
Ел қадірін
көрген біледі,
Жер қадірін
жүрген біледі.
Адам елінде
көгерер,
Қоға
көлінде көгерер.
Бөтен жердің
гүлінен,
Туған жердің
тікені артық.
Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
Ел
болам десең, бесігіңді
түзе.
Жүргізуші:
-Рахмет,
қыздар! Әрқайсыңның талабыңа нұр жаусын! Сендерді әлі талай
биіктерден көретін болайық.
Клип. Қоңыр
тобы. «Туған жер»
- Қыздар,
айтыңдаршы, әннің мәтінінде қандай сөз қайталанып
отырды?
- «
Жер»
- Қандай жер
екен?
- Шөбі майсаң,
жұрты жайсаң, туып, кіндік кескен
жер
Қорытынды:
- Қыздар, осы
сабақтан сендердің бойларыңда біраз патриоттық сезім қалыптасты деп
ойлаймыз.
Бүгінгі тәрбие
сағатымыздың тақырыбын – «Туған жер - тұғырың,Туған ел -
қыдырың.»
– деп алып
отырған себебіміз, дүние жүзінде біздің елімізден басқа да алуан
түрлі мемлекеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған ата-анасы
біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам ең алдымен өз
елінің перзенті, жан жүрегімен берілген азаматы болуы керек – деп
отырып тәрбие
сағатымызды «Туған жер»
атты әнімен аяқтаймыз. (Хормен)