400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың»

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың патриотизмін дәріптеу, туған жері мен туған тілін құрметтеу.

Көрнекілігі: табиғат суреттері, үнтаспа, видеожазбалар.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерге арналған «Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Көрініс
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі: Ата, не ойлап отырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі: Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: Ол қандай болған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жеті атасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізгі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Немересі: Ата, туған жер деген не?

Атасы: Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам!

Жүргізуші: Иә, қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сенді.

Қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шқбырынды, алқакөл сұлама» қаралф атқа ие болған 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті.

1837 – 1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс. 1836 – 1838 жылдар Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс 1916 жылы А.Иманов бастаған ұлт – азаттық көтерілісі болды.

Жүргізуші: Қазақстанға Тәуелсіздік әрине оңай келмеді, бірақ қазақ халқы аянбай тер төгіп, сан ғасыр арманын 1991 жылы орындалды. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Еліміз егеменді, көктей желбіреген туымыз, асқақатата орындалар әнұранымыз бар.айбынды дамудың даңғыл жолына түскен елміз бүгінде.

Немересі: Ата, көңіліңізді көтеріңіз, бәрі де өтті, болашағымыз жарқын екенін мына бір көріністен тамашалаңыз.

Біздің еліміз тәуелсіз Қазақстанның төрт құбыласы түгел. Шығыс, Батыс, Оңтүстік, Солтүстігімізде әсем қалалар күннен – күнге көркейіп өсуде.

Атырау қаласы – теңізінде тулаған тайдай балығымен бізге мәлім.

Ақтау қаласы – мұнайымен, қара алтынымен еліміздің даңқын асқақтатып отыр.

Өскемен қаласы – Рейддер қаласында «раддон» емдік суы шығарылып, шет елдерге жіберілуде.

Павлодар қаласы – трактор зауытымен елге мәлім.

Көкшетау қаласы – әсем табиғатымен, аңызға айналған ерекше орындарымен көз тартады. Көкшетау қаласы – екінші Швейцария атанған қала.

Қарағанды қаласы – қара алтын көмірімен, елбасымыз еңбек жолын бастаған жер.

Алматы қаласы – апорт алмасы, демалыс орындарымен әлемге әйгілі.

Ақтөбе қаласынан күміс көмей, жезтаңдай әнші Димаш Құдайбергенов Қазақстанды әлемге мойындатты.

Тараз қаласы – ежелден Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда орталығы болғандығымен елге мәлім.

Шымкент – мемлекеттік маңызы бар қалалар қатарына еніп, үшінші мегаполисті қала атанды.

Қызылорда қаласы – ақ күріштің атасы Ы.Жақаев күріштен тау тұрғызып, дүниежүзілік рекорд жасаған.

Түркістан қаласы – облыс орталығы кезінде Шымкент қаласы еді, 2018 жылы олыс орталығы Түркістан қаласына ауысты. Облыс орталығы Түркістан қаласында тірлік басталып, ажары күн санап ашылуда. Сонымен қоса, Түлкібас ауданына 90 жыл толды. Тәуелсіз елде, дамудың даңғыл жолына түстік.

Айналайын, балдарым! Туған жер, баға жетпес байлықтарың қадіріне жете біліңдер. Ол - қонатын тұғырларың. Туған тіл - қыдырың. Өз тілдеріңді құрметтей біліңдер!

Жүргізуші: Бейбіт күндегі белестерді бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтеріміз, ең алдымен өзімізге, бірлігіміз бен берекемізге байланысты.

Ел мәртебесіне нұқсан келтірмей біздің жерімізде 130 – дан астам ұлт – өкілдері мен ұлыстар тату – тәтті өмір сүруде. Қазақ тілінде еркін сөйлей алады. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.

5 орыс сынып оқушыларына кезек береміз.

Жүргізуші: Белгілі ақын атамыз Ж.Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі – деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері ешқашан ұмытылмайды.

«Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Олай болса, Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!», - дей отырып, бүгінгі «Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың» атты тәрие сағатымызды аяқтаймыз. Жолдарыңыз ашық, жарқын болсын, тәуелсіз елдің азаматтары!
































С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектеп



















Тәрбие сағат: «Туған жер тұғырың, туған тіл қыдырың»



























Жаскешу ауылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
1192
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі