400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жер тұнған шежіре

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сабағы туған жер туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:01.10.2018

Сабақтың тақырыбы:Туған өлке- тұнған шежіре

Сабақтың мақсаты:

Туған жер, Жазиралы Жетісу жері туралы білім беру;

Табиғи ескерткіштермен таныстыра отырып дүниетанымын дамыту,

Рухани жаңғыру: «Туған жер» бағдарламасының мәнін түсіндіру,
туған еліне, жеріне деген  сүйіспеншілігін  арттыру,

Құндылықтар: «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары (6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы)

Сабақтың түрі:  саяхат сабақ
Көрнекі құралдар: слайд, сурет  көрмесі,бейнеролик.

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Сәлеметсіздер ме!
Бүгінгі «
Туған жер тұнған шежіре» атты тәрбие сағатымызды бастайық.

1-оқушы:Толғанай
Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер, тамашасың, көркемсің.
Тасып жатқан өзендер жағасынан,
Сары белдер сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.

2-оқушы Қарақат
Таныс өлке,
Таныс аймақ,
Таныс маң:
Анау жерде-құрбылармен алысқам,
Анау жерде құрбы жанмен табысқам,
Айналайын!
Атамекен, Ақ мекен!
Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!
Туған өлке тәтті екен ғой,
Тәтті екен!

І.Қызығушылығын ояту  слайд (Жетісудің жеті кереметі)

  • Слайдта не көріп тұрсыңдар?

Мүғалім: «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту үшін, сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында орындалу керек міндеттердің ішіне «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Ал бағдарламаның мәні неде? Ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарламаның мәні деп үш ерекшелікті атап көрсетеді.

  • «Бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейді».

  • «Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл – қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек». Шет елде тарыдай шашырап жүрген қазақ азаматтарының басын бір Отанға жинау, олардың келуін қамтамасыз ету жұмыстары да басталып кетті.

«Үшінші, жергілікті билік «Туған жер» бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс». «Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет. Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек». «Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады.

Алматы облысы туризм басқармасының қолдауымен «Рухани жаңғыру» аясында «Жетісудың жеті кереметі» атты өлкетану-экспедициясы жолға шықты. Үш күндік экспедиция Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Панфилов, Ұйғыр аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы тарихи маңызы бар табиғи ескерткіштер мен мұражайларды қамтыды.

Олай болса, өз өлкемізден бастайық. Ұйғыр ауданы - облыстың оңтүстік-шығысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1934 жылы құрылған. Жер аумағы 8,73 км2. Халқының саны 63,380 мың адам (2018 шілде). Аудан аумағындағы 26 елді мекен 14 аудандық әкімшілік округтерге біріктірілген. Аудан орталығы — Шонжы ауылы.

Бейнероликтер көрсету арқылы Жетісудің жеті кереметі атанған табиғи ескерткіштеріне тоқталып өтемін


3-оқушы. Кайсар

Отанымның орнығып кең төріне,

Айналасын ақ таулар көмкеруде.

Жаралғандай Жетісу ертегіден,

Еркелейді Жетісу ерке күнге

Еркелейді,

Еркелейді,


Еркелейді Жетісу ерке күнге.

Аясында Алматым тыныстаған,

Алатауым апайтөс ырыс маған.

Болашаққа қазақтың көшін бастап,

Жетісуым барады ту ұстаған.

Жетісуым,

Жетісуым,

Жетісуым барады ту ұстаған.


4-оқушы. Айдана

Ұясынан ұшырған балапаны,

Даңқын елге Жетісу таратады.

Болашағы баламның Жетісуым,

Әлпештеген анамның алақаны.

Әлпештеген,

Әлпештеген,

Әлпештеген анамның алақаны.


Кұншығыстан алаулап таң атарда,

Қасиеттеп қараймын жан- Отанға,

Сәлем берем бас иіп Жетісуға,

Сәлем берем бас иіп Алатауға.

Сәлем берем,

Сәлем берем,

Сәлем берем бас иіп, Алатауға.

Бекіту:

 Отансыз адам — … ,

Ел іші —  … .,

Отан  ….  ыстық,

Туған  жердей –…,

Туған елдей –……………


ІV.Қорытындылау

Өз өлкең туралы не білдің?

1.Ұйғыр ауданы  қай жылдары құрылған?
3. Ауданымызда табиғи тарихи ескерткіштер бар ма?
4.
Ауданымыздың қандай көрнекті жерлерін білесіңдер?












Қарадала – кеудемдегi жез үн ғой, 
Қарадала – менiң бала кезiм ғой; 
ғасырларға, ұрпақтарға жалғасар 
Қарадала – қара өлең ғой… 
Сөзiм ғой… 
Қарадала – Өзiм ғой!..
Нұрлан ОРАЗАЛИН

Шарын шатқалы.

Алматы қаласынан шығысқа қарай 220 шақырым жерде жатыр. Дүниежүзі бойынша экзотикалық тамаша орындардың бірі саналады. 2004 жылдан бастап мемлекет қорғауына көшіп, сирек кездесетін өсімдіктерінің 17-сі тек Шарында ғана өсетіні белгілі болды.  Солтүстік

Америкадағы Үлкен Колорадо каньонының «кіші бауыры» Шарын шатқалы Райымбек ауданының аумағында орналасқан.  Тау жыныстарынан құралған ескерткіштер құдды қолмен жасалғандай көрінеді.  Неше ғасырлар бойы жауын-шашын жуып, қызғылт түске боялған  ойдым-ойдым шатқалдар әртүрлі кейіпте.Үнсіз жатқан  алып жартастар таңғажайыптығымен таңдандырады. Ірілі-ұсақты жартастарды кейпіне қарап, «жалмауыз кемпір шатқалы», «қамалдар аңғары» деп те атайды. Шатқалдағы  құмды жардың биіктігі 150-300 метрге дейін жетеді. Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып есептеледі. Оның құрамына шетен тоғайы да кіреді.  Шетен тоғай әлемнің екі жерінде ғана бар. Бірі Солтүстік Америкада болса, екіншісі Шарында сақталған. Шарын дүниежүзі бойынша қайталанбас ерекшелігімен туристерді көп тартатын мекен саналады.



Саяхатқа шыққан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті білімгерлерінің қуанышында шек жоқ. Елбасының мақаласы шыққаннан кейін еліміздегі қасиетті жерлерді тамашалауға мүмкіндік алған үздік студенттер көп. Жастар автобустың терезесінен телміре қарап, Асанқайғы мадақтап кеткен алып мекеннің сымбатына тамсанып отыр. Жеті кереметке тезірек жетуді аңсайды.



Ақыры ұзақ жолдан соң Айғайқұмға табан тіредік. Бір-бірімен иық тіресіп жатқан, үйілген төбелердің үніне құлақ түрген сәтте шаршағанымыз сап басылды. Әншіқұмның дауысы алыстан құмыға естіледі. Самал желдің әсерінен туған бөгде әуенді сезген балалар аң-таң. Атағы әлемді шарлаған Айғайқұм туралы ел аузында жүрген әпсананы сол жерде жолыққан қария баяндап берді. Қарттың айтуынша, жоталардағы жаңғырық кері пиғылды, іші қара ниетке толы адамның құм астында қалып, жаны қиналғаннан шыққан өксігі көрінеді. Ал кейде ел-жұрт дуаланған арудың айқайына телиді. Екі нұсқаның да өз жоралғысы бар. Құмды таудың басына шығу оңай шаруа емес. Ән салып тұратын мұндай әуезді құмтөбе дүниежүзінің алты елінде бар. Десе де, Айғайқұмды тамашалауға туристер ағылып келіп жатыр. Солармен бірге біз де арманымызды айтып тарқастық.



Айғайқұмды артқа тастап, Шылбыр шатқалының төменгі сағасында жатқан ғажайып Бесшатыр қорымына келдік. Аты айтып тұрғандай, Бесшатыр бес қорғаннан құрылған. Бұл – көпшіліктің берген анықтамасы. Негізінде, бұл атау кейінгі кезде қорымның ортасындағы қорғандардың біріне қарап айтылыпты. Шындығына келгенде, Шылбыр шатқалындағы қорғандар одан әлдеқайда көп. Жәдігерлердің айырмашылығын ажырату мүмкін емес. Археологтардың еңбегін айрықша айтып кеткен де жөн. Үлкен іздестен табылған рухани қазба байлықтар қазақтың қайдан шыққандығын, қалай өмір сүргендігін айғақтап тұрғандай. Ал біз бабамыз сақтардан қалған сарқыт деп түйдік.



Алтынемел асуынан алған әсерімізді айтып болғанша, алдымыздан шырайлы Шарын шатқалы қарсы алды. Шіркін, кемиек аңғарлар кешегі баһадүр бабаларымыздың болмысы тектес биіктіктен қорықпайды. Шатқалдардың ажымдары адамды бірден өзіне баурап алады. Сирек кездесетін өсімдіктердің мекенін 2004 жылдан бастап мемлекет қорғауға алған. Көруге келген әрбір адам арнайы рұқсатсыз кіре алмайды. Күллі әлем Үлкен Колорадо каньонының «кіші бауыры» санайтын Шарын шатқалын американдықтардың өздері айналшықтап жүр. Тіпті, кейбірінің кеткісі жоқ. Тау жыныстарынан құралған ескерткіштер құдды қолмен жасалғандай құмыраға, адамға ұқсас. Неше ғасыр бойы жауын-шашын жуып, қызғылт түске боялған ойдым-ойдым шатқалдар әртүрлі кейіпте. Үнсіз жатқан алып жартастар таңғажайыптығымен таңдандырады. Ірілі-ұсақты жартастарды пішініне байланысты маңайындағы халық «жалмауыз кемпір шатқалы», «қамалдар аңғары» деп те атайды екен. Тағы бір айта кететіні, Шарын шатқалы Қазақстан табиғатының інжу-маржаны болып саналады. Бұл – оған елдің берген бағасы.



Келесі күні «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің табалдырығынан аттаған сәтте, сонау V ғасырда жүргендей күй кештік. Сақ пен ғұннан сақталған бұйымдар білімгерлердің археологияға деген құштарлығын оятты. Іші көне дүниелердің кеніші іспетті. Әлем халқы аузын ашып қарайтын «Алтын адамды» қолмен ұстап, көзбен көрдік. Айта кетейік, мұражайда «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы» және «Алтын адамның құпиясы» атты 4 экспозициялық зал мен «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориалдық бөлмесі бар. Біз үшін ең кереметі ежелгі сақ қалаларының мәдениеті болды.



Сапар барысында V ғасырдан аттап, XIX ғасырда салынған Жаркент мешітінің алдына келдік. Сәулетші Хон Пиктің шеберлігінен туған дүние. Қытайлық құпияны қазақ даласына әкелген хас шебердің басы осы мешіттің кесірінен шабылыпты. Оны біріміз білсек, біріміз білмейміз. Бүгінде ұлттық музейдің есебінде. Сыры кетсе де, сыны кетпеген мемориалды мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Арқалығы ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталып жасалыпты. Бағаналарды құрастыруда бірде-бір шеге, бірде-бір тұтқа қағылмаған. Интерьерін қоспағанда осының өзі мешіттің ерекшелігінен хабар береді. Сонымен қатар, алдына отырғызылған қара ағаш мешіттің жасын санап тұрғандай. Бұтақтары жер сүзіп жатыр. Әртүрлі түске боялған сыртқы көрінісі алыстан менмұндалап тұратындай. Білімгерлер енді мұнда жиі келіп тұратынын жарысып айтып жатты. Біз де қайта айналып келерімізге еш күмән келтірмедік.



Жақұтты Жаркент қаласында көнекөз мешітпен қатар жеті ғасырдың куәсі Әулиеағаш бар. Қалаға келіп тұрып, оған соқпай кету орны толмас олқылық. Тамыры тереңде жатқан алып ағашқа жеті адамның құшағы әрең жетеді. Басынан талай нәубетті өткізсе де, өз тұғырын сақтап қалған. Айналасындағы өзі тұрпаттас қара ағаштар қалқан болып тұрғандай. Айтпақшы, Әулиеағаш жайлы айтылатын аңыз-әңгімелер өте-мөте көп. Бір таңғалатыны, ағаштың жанында бір тамырдан таралған жеті бірдей жас ағаш өсіп тұр. Халық оны «Жеті ағайынды» деп атайды. Сол ағайындылардың діңінен тамшылап тұрған шипалы судан барлығымыз дәм таттық.



Соңғы аялдамаға да таяп қалдық. Экспедиция Іле жағасында салынған көне шаһарға барып тоқтады. Арнайы салынған шағын қалашық қонақжай қазақ руханиятының қаймағы іспетті. Қақпасы үнемі ашық жатады. Жаугершілік заманда соғысуға тиімді болу үшін бой көтерген қаланың көшірмесі бұл. Ішіне байырғы қазақ елінің салт-дәстүріне негіз болған дүниелер жиналған. Қазір сол маңда «Қазақ Елі» атты тарихи кино түсіріліп жатыр. Білімгерлер сарайда сақталған қару-жарақтармен танысып, соғыстың айла-тәсілдеріне қанықты.



Үш тәулікке созылған сапардың салтанаты осымен тамам. Білімгерлер рухани құндылықтарды қадір тұтуды, оған құрметпен қарауды ұғынды. Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасының жастарға берер пайдасы көл-көсір. Рухани керуен – соның бір айғағы. Ал, Жетісу – рухани өлке. Неге десеңіз, даңқты бабалардың табаны тиген топырақтың құнарлығы мен құндылығы ақынның жырына арқау болып, мәдениеттің мәйегіне айналды.

















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
1153
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі