400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жерде өсетін ағаштармен танысу әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақшадағы экологиялқ тәрбие. Ағаштар туралы түсінік қалыптастыруда қолданылатын әдіс тәсілдер .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Райымбек ауданы . Сарыжаз ауылы. Халел Орманов атындағы «Гаухар «бөбек жәй балабақшасы

Тәрбиеші Орманова Гаухар Халеловна


Тақырыбы «Туған жерде өсетін ағаштармен танысу» ,

Ағаштар туралы түсінік қалыптастыруда қолданылатын әдіс тәсілдер .


Мақсаты: Ағаштарды сыртқы бейнесіне қарай тану, ағаш атауларын , негізгі бөліктерін еске сақтау.

Туған өлкенің өсімдіктер əлемін қорғауға деген құлшынысын,   өсімдік әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру .                                                                                                 


Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: суретті кітапшаларды қарайды, жұмбақтар шешеді, қарапайым тəжірибелермен , бақшадағы еңбекпен танысады


       Ағаштардың қолдану аймағы :

құрлыста,жиһаз жасауда,сіріңке, қағаз  жасау өндірісінде. 



1.«Ағаштар патшалығына» саяхат

«Атауын үйренейік» стол үсті ойыны

Барысы

Суретте бейнеленген ағаштармен танысады

Реттік орналасуын есте сақтайды .

Тапсырма

Қай ағаш қай орында тұр,? Сандық реттін айтады., сан таңбасын қояды. .





Терек Емен Picture 7

Қарағай Қайың



2. Ағаштар туралы жұмбақтар шешу

Тыныс алады,  тіп-тік  биік болып  өседі,

бірақ жүре алмайды. Ол не?


3. топқа бөлініп, ойын ойнайды.

«Мен кіммін?» бастарына әр түрлі ағаш суреттерін киіп тұрады .


«Оның ... бар, бұл не?»: нысанның бөліктерін атайды./ тамыры, діңі, бұтағы, жапырағы/

Ағашта жан бар ма ? неліктен олай ойлайсың?/тірі табиғат нысаны ма?/


Ағаштар туралы не білеміз?

-Ағаштар – көптеген жануарлар үшін тұрақ, пана.

- Ағаштан жиһаз, қағаз, ағаш ойыншықтар, ыдыс, музыка аспаптарын жасайды.

-Ағаштар біз тыныс алатын ауаны зиянды заттардан тазартады, олар сонысымен пайдалы.

-Бұтақтарды сындырып, жапырақтарды жұлуға болмайды.

- Ағаштарды қорғап, жаңасын егу қажет.

- Балабақшада ағаштан жасалған заттарды атайық


Топтық тапсырмалар орындайды

1. Ағаш суретін салады .

2. Мүсіндейді

3. Пазлы құрайды

4. Сурет бойынша әңгіме құрайды

  1. Тез жаттауға арналған жеңіл шумақтар

Алма ағашы керемет

Жемісі оның тәп- тәті

Күтіп оны баптаймын

Алмасын қысқа сақтаймын

Ауыл сәні -терек

Оны егу керек


Қысы жазы шырайлы

Шырша бізге ұнайды



  1. Мақал мәтел үйренеді

Ағаш тамырымен ,

Адам досымен мықты  

                 

2).Бір ағаш кессең,10 ағаш ек    

                                      

   3).Ағаш айқайға құламайды.                                               

4).Ағаш тамырымен су ішер


5. Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.


6. Кәрі ағаш — бұтағымен
Кәрі адам — ұрпағымен анықталады


Алтын балтаның да сабы ағаш.


Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая


Қураған ағаш иілмес,


Биік ағаштың көлеңкесі де үлкен.






Ағаштар туралы тақпақтармен таныстыру


Бақшамызда көп ағаш,

Өскен жақсы əр ағаш.

Ең əдемі, меніңше,

Құс ұясы бар ағаш.


Аппақ қайың, қарағай

Қосылыпты табысып.

Сұлу терек, жасыл желек,

Құшақтасып қабысып.

Қарағайым, жұпар майың

Жібек желмен аңқиды.


Өсімдіктер қалай жіктеледі?

Табиғатта үлкен бір патшалық – өсімдіктер патшалығы бар екенін хабарлайды.

Өсімдіктер патшалығында үш қала бар.

Бірінші қала – ағаштар.

Екінші қала – бұталар.

Үшінші қала – шөптер.


Балаларға балабақша мағайына саяхатқа шығады

Серуен кезіндегі бақылау . Жапырақтарды салыстырады . Көбею жолдарымен танысады, Ұрықтарын бақылайды .


Егістікті көлемді

Қоршай ектік еменді.

Ескен желден егінді.

Қорғап тұрар ол енді.


Көше бойы аралас

Қаптап өскен қара ағаш.

Жемісі жоқ болса да,

Саясы көп дара ағаш.


Гүлзар бақта мекені

Көрген кезде жөкені

Елтіп жұпар иісіне,

Ара қаптап кетеді.



























П: Оның тамыры бар, бұл не? Б: Шөп, ағаш, гүл, бұта. Ағаштарды, шөптерді, бұталарды көрсетеді. Мұның қандай ағаш екенін анықтайды, қайыңның діңін көрсетеді, оның жуан немесе жіңішке екенін анықтап, айтады. Бұтақтарын көрсетеді. Олар қандай – жуан ба, жіңішке ме? Түсі қандай? Қайыңның діңін сипайды, ол қандай (Жұмыр, майда). Түсі қандай? (Мұндай ақ-қара дің тек қайыңда ғана болатынын түсіндіру). Қайыңда қандай өзгерістер болған? Ағаштың жапырақтары қайда кеткен? Олар көп пе, аз ба? Жапырақтар қайда жатыр? Оларды кім жұлды? Ағаштың немесе бұталардың атауларын қайталайды, оларға тəн ерекшеліктерді айтады: биіктігі, діңінің жуандығы, жапырақтарының түсі.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.05.2024
271
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі