400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған жердей жер болмас

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Жұмабаев өмірі туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу

Бөлім:

Сынып: 4

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Туған жердей жер болмас...

Мағжан Жұмабаев. «Туғанжер».«Туған жерім – Сасықкөл».

Оқу мақсаттары

4.2.1.1–шығарманыдауыстаптүсініп,рөлгебөліп,мәнерлепоқу,теріпоқу,шапшаңоқу.

4.2.3.1–шығарманыңтақырыбыжәненегізгіойдыанықтау,автордыңойынмәтіндеректеріненкелтіреотырыпдәлелдеу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: . . бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру

.Көпшілік оқушылар: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері кеңейеді Кейбір оқушылар: мәтіндегі оқиғаны өмірмен байланыстырады және өз ойын еркін білдіреді.

Бағалау критерийлері

М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығынан хабардар болады.

Ұсынылған тапсырмалардан автор бейнесін анықтай алады.

Тұлғалық болмысты гумантистік тұрғыдан талдай алады.

Тірек сөздер

Терек,теректің қабығы,ауызбірлік,сыпырылып,қапа

Құндылықтарды дарыту

«Құрмет», «ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық»сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,Отанына риясыз қызмет ететін, білімді,білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі,көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы білімді игеру

Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1-7 минут

Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары ағаштардың суреттері бойынша топтарға бөлінеді

1Әрбір топ ағаштардың түрін айтып,қысқаша мәлімет береді

Ағаштар туралы видеоролик қарау

үй тапсырмасына шолу жасау


Қызығушылықты ояту. Мақалдың мағынасын аш.

.jpg

Қосымша 1


https://yandex.kz/images









https://www.youtube.com/watch?v=-iHBKxN9hDg


Сабақтың ортасы

8-9 минут




10-15 минут











16-21 минут




















22-28минут













29-32минут







33-36 минут

Автор өмірбаянымен танысу

Жаңа сабақ: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы

Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеуде оқып жүргенде "Алқа" ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы "халық жауы" деген жаламен ату жазасына кесіледі.

Мағжан Жұмабаев – қазақ романтикалық лирикасының дамуына зор үлес қосқан ақын. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әртүрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. «Жазға таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді.

Ақын лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған. «Қойлыбайдың қобызы», «БатырБаян», «Қорқыт» т.б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.

1923 жылы Ташкентте «Педагогика» атты кітап шығарады. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді.

1-тапсырма. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты қосымша дереккөздерлі пайдалана отырып, жұптық жұмыс орындау үшін 6 сұрақ дайындаңдар. Өз жұптарынмен сұрақтарды талқылап, жауаптарын кестеге тостырыңдар.

Дикриптор:

- Дереккөздерді пайдалану.

- 6 сұрақ дайындау.

- Жұбыңмен сұрақтарды талқылау.

-Кестеге жауаптарын жазу.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптарын бағалайды.

2-тапсырма. «Хронология мұнарасы» әдісі арқылы қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты хроногиялық кесте дайындаңдар.

Дискриптор:

- Мұнарадағы жылдардың жанына оқиғаны жазады.

- Ойларын айтады.

- Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде түсіреді.

ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптарын бағалайды.

Туған жерім – Сасықкөл

Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдірінде қалқыған көл.

Жанында жас балалар ойнаған көл,
Жан-жануар суыңды ішіп, тоймаған көл
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.

Шешініп қыз-келіншек су алған көл
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал
Дөңіне ойнақ салып, қуанған көл.

Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл,
Байларың кедейлерге қарасқан көл
Ағайын тату-тәтті – қоныс бірге,
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл
Шуақта балықтарың тулаған көл
Сапырып сары қымыз ертенді-кеш
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап
Күресіп күн батқанда белдескен көл.

(Ұ) «Оқиғалар желісі» әдісі

Әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады. Оқушылар оқиға желісіне сүйеніп, сурет қиындыларын орналастырады


ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»

Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны

Бір тілек-Жақсартуға болады

Жеке оқушымен жұмыс:

Өлеңді мәнерлеп оқы.

Басбармақ арқылы формативті бағалау

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінген-деймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

Қосымша 2



















Слайд №6



















Слайд №7

Қосымша 3













Қосымша 4



Слайд №8



https://ru.depositphotos.com/stock-photos







Қосымша 5






Сабақтың соңы

37-40 минут

«Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.




доп

Саралау

1-тапсырмада

Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады

2-тапсырмада

Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.

3-тапсырмада

Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.

4-тапсырмада

Тапсырма барлық топқа ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көмек қажет ететін топқа уақыт беріледі

Бағалау

«Бас бармақ» әдісі

«Бір- бірін бағалау» әдісі

«Смайликтер» әдісі

«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі

Дескриптор

  • мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;

  • мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі

Сабақ бойынша рефлексия



Сабақ мақсатына жеттім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 маусым
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі