400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған жерді әнге қосқан Ескендір Хасанғалиев"

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыка пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:


Пәні :

Музыка

Сыныбы:

6

Уақыты:

11.03.2017ж

Тоқсанның тақырыбы:

Жаңа заманның жаңа әні

Сабақтың тақырыбы:

Туған жерді әнге қосқан Ескендір Хасанғалиев

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Қазақтың атақты композиторы, әнші Е.Хасанғалиевті таныту



Б)Коммуникативтік

Ән өнерін түсіне білуге үйрету, патриоттыққа, туған жерін сүйе білуге

тәрбиелеу.



В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Оқушылардың әнші, композитор туралы түсініктерін тереңдету,Е.Хасанғалиев туралы ой-танымын жетілдіру.


Түрі:

Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, топтастыру, сұрақ-жауап, тез жаттату стартегиясы

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы, Әдебиеттік оқу, бейнелеу

Пайдаланылған көрнекілігі:

Бейнекөрініс, слайд, суреттер, баян аспабы, музыкалық құралдар



Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

Сәлеметсіздер ме, балалар?

(Бүгінгі сабақтың ерекшелігі туралы қысқаша айту)

2.Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.

Оқушыларды 4 топқа бөледі. 4топтың парталарына «Ана туралы жыр», «Анашым», «Асыл әжем» деп әннің аттарын жазып қояды. Ал оқушылардың қолына таратқан парақшаларға «Әлемнің жарығын Сыйладың сен маған», «Шет жүрсем - сағынарым, Жабықсам - шағынарым», «Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған» деп жазылған.

3.Оқушыларды түгендеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

4.Қайталау әндері.

«Ана туралы жыр», «Анашым», «Әже туралы жыр» әндерінен бір-бір шумақтан қайталайды.

1.Оқытушымен амандасу;

Сәлеметсіз бе, мұғалім!

2.Әр оқушы өз тобын, өз орнын тауып отырады. Қолдарына таратқан парақшадағы әндерді тауып, сол топқа отырады.

3.Кезекші оқушының есеп беруі;


Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Әр топқа үш сұрақтан қойылып, сұраққа дұрыс нақты жауап берген оқушы сол топтың басшысы болады. «Иә», «жоқ» жауаптарымен айту

Қайталау сұрақтар:

  1. Н.Тілендиев «сегіз қырлы, бір сырлы» (иә)

  2. «Асыл әжем» әнінің авторы Шәмші Қалдаяқов (жоқ)

  3. Роза Бағыланова «Халық қаһарманы» (Иә)

  4. «Аққу» күйінің авторы Мұзафар Әлімбаев (жоқ)

  5. «Асыл әжем» әнінің сөзін жазған Қадыр Мырза Әли (иә)

  6. Н.Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінің дирижері (иә)

  7. «Жүрегім жыр толғайды, Көңілім ортаймайды...» әнінің аты «Ана туралы жыр» әні (жоқ)

  8. «Алтын дән», «Ата толғауы», «Махамбет», «Арман» шығармаларының авторы Н.Тілендиев (иә)

  9. «Ана туралы жыр» әнінің сөзін жазған Ғафу Қайырбеков (иә)


Оқушы үй тапсырмасын талқылайды әрі әр топтың топ басшылары сайланады.

Әндерді еске түсіреді, ойын жаңғыртады.

ІІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі

Оқушыларға Е.Хасанғалиев туралы өз ойларын бөлісуге тапсырма беріледі.

1-топқа «Ана туралы жыр» - Е.Хасанғалиев өмірі, шығармашылығы

2-топқа «Анашым» - Е.Хасанғалиевтің әндері

3-топқа «Әже туралы жыр» - Туған жер туралы әндер, «Атамекен» әні



Әр әннің өз тарихы бар. Сұлу ән жүрек түкпірінен орын алып, жүрекке жететіні сөзсіз.

Әннің де естісі бар, есері бар,

Тыңдағанда құлақты тесері бар.

Ақылдының сөзіндей ойлы күйді

Тыңдағанда көңілдің өсері бар... –

деп ұлы Абай жырлағандай, есті ән елдің жадында мәңгі сақталып, көкірегіне нұр болып құйылады.

Халықтың ыстық ықыласына бөленген қазіргі заман композиторлары Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным», Н.Тілендиевтің «Өз елім», «Сарыжайлау», К.Дүйсекеевтің «Сәлем, саған, туған ел», С.Бәйтерековтің «Сары арқа», Ж.Тұяқбаевтың «Атамекен» сынды көптеген әндерін мақтанышпен айта аламыз. Туған жерге деген қайталанбас туындыны дүниеге әкелген танымал әнші-композитор Е.Хасанғалиевтің «Атамекен» әні де тыңдаушысының көңілінен шығып, жүрегінен орын тапты. Олай болса, халықтың әнұранындай болған «Атамекен» әнінің қысқаша тарихына құлақ түрейік.

«Атамекен» әні – дархан даланы жалпағынан басып өскен нағыз қазақ баласының жүрегінен шыққан жарқын да, жасампаз туынды.

1970 жылы Қазақ КСР –інің құрылғанына 50 жыл толады. Осы мерекені тойлауға үкімет басшыларының қатысуымен өтетін арнайы салтанатты концерт дайындалады. Бұл концертке туған ел, туған жер туралы патриоттық жаңа ән шырқалуы керек болатын. Ескендір Хасанғалиевтің де аты халыққа танылып қалған кез. Әнші, әрі композиторға туған ел мен жердің рухын асқақтатар ән жазуы жайлы ел басшыларынан ұсыныс түседі. Композитор үшін бұл үлкен жауапкершілік болатын. Ел алдындағы борышым деп қабылдаған Ескендір Хасанғалиев тез арада ән жазуға кіріседі. Әннің әуені дайын болғанда композитор белгілі ақын Қадыр Мырза Әлиге сөзін жазғызады. Сөйтіп, қазақтың екі өнер майталманының басы тоғысып, халықтың жүрегінен жол тапқан мәңгі өшпес туынды дүниеге келеді.

Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүиелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

ІҮ. Бейне көрініс арқылы ән тыңдау

Е.Хасанғалиевтің әні «Атамекен». Орындайтын Е.Хасанғалиев.

Оқушыларға жаңа тақырыпты ашу үшін топтық тапсырма берілген кезде көрсетіледі.

Оқушылар әнді бейнекөріністен тыңдай отырып, жаңа сабақ туралы ойларын түйіндейді

Оқушыларға ерекше әсер береді. Есте сақтауына көмектеседі.

Ү. Ән орындау


1.Дауыс жаттықтыру:

До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до

Аспаппен жетектейді.

2. Ән орындау:

Атамекен

Әнін жазған Е.Хасанғалиев

Өлеңін жазған Қадыр Мырза Әли

Оқушыларға танымал ән болғандықтан бірден қосылып орындауға болады. Әнді орындарынан тұрып орындайды.

Оқушылардың ән орындау қабілеті дамиды.

ҮІ. Шығармашылық жұмыс жәні кері байланыс

Әр топқа бір-бір шумақ өлең құрату.

«Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем...»

Ары қарай жалғастыру керек. Бүгінгі сабақ туралы да жазуға болады.


Оқушылар тапсырма бойынша өлең жолдарын құрастырады.

Оқушылар шығармашылықпен айналыса отырып, кері байланысқа шыға алады.

ҮІІ. Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Әр топтың топ башысы қолындағы парақша бойынша тобындағы оқушыларды бағалайды. Оқушылар өз қолдарындағы парақшаларға сабақ туралы ойын жазып смайликтердин тұсына іледі.

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды.

ҮІІ. Үй тапсырмасы

«Атамекен» әнін үйреніп жаттау. Тақырыпты түсініп оқу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады


Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.





























Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп







Ашық сабақ

Туған жерді әнге қосқан Ескендір Хасанғалиев

Музыка 6 сынып









Өткізген Ж.Сабытаева

2016-2017 оқу жылы







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
1148
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі