Материалдар / Туған жерді сүй, табиғатты аяла!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерді сүй, табиғатты аяла!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың туған жеріне,еліне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Болашақта адал қызмет етіп ,өз жерін көркейту әр адмның борышы екенін түсіндіру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2022
601
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

КММ «ОҚУШЫЛАР ОРТАЛЫҒЫ»








ЭССЕ

Тақырыбы:

«Туған жерді сүй, табиғатты аяла!»







Орындаған: Мусреева Айша

6 сынып оқушысы

Жетекші: Кабдолгалиева Майхан Улыкпановна





Ақтау 2022


«Туған жерді сүй, табиғатты аяла!»


Мен 362 әулиелі киелі Маңғыстау шаһарында дүниеге келдім.

Менің туған жерім – Каспий теңізі жағалауындағы ең әдемі, көркіне көз тоймайтын көрікті жас қала. Каспий теңізінің көңіл толқытар толғындары, сайраған құстары , қойнауы тарихқа толы кең жазық даласы, көз тоймас табиғаты, менің жаныма жақын, әрі ерекше ыстық.

Адам мен табиғат тығыз байланысты. Табиғаттың адамзатқа берері мол. Кең жазық дала, сарқыраған су, топырақ, мәулеген ағаш, асқар тау, өсімдіктің барлығы адамзатқа қызмет қылып тұр. Ол адамнан ештеңе сұрамайды.

Тек адам баласы табиғатқа зиянын тигізбесе болғаны. Қара жердің өзі дәнімізді, жейтін нанымызды, қазба байлығымызды, киетін киіміміздің барлығын беруде.

Жер- ананың кеңдігі біздердің пайдаланған қалдық сулардың орнына әдемі жайқалған бау-бақша , гүлдер өсіріп беріп отыр.

«Бір тал кессең, он тал ек»- демекші. Табиғатқа өз үлесін қосам деген әр адам, жыл сайын ағаш өсіруді әдетке айналдыруы тиіс.

«Не ексең, соны орасын» -дегендей, сол еккен ағашымыз қанша адамзатқа, құстарға пайдасын тигізеді. Сол себепті қолымыздан келгенінше табиғатты сақтап қалуға үлесімізді қосқан дұрыс.

Егер сіз дүние жүзіндегі шөлді аймақтардың, таулардың, сортанның түрлері мен басқа да табиғаттың тамаша құбылыстарын көргіңіз келсе Маңғыстаудан басқа жер таба алмайсыз.

Әр адам дүниеге келгеннен-ақ өзінің туған жерін, елін, қастерлеу қажет. Туған жеріңді қастерлеу, сүю әр адамның адамзаттық борышы.

Қазақта: «Акқу көлін аңсайды,

Адам туған жерін аңсайды» – дейді.

Шетелге қыдырып кетсе де, әр адам өз туған жерін аңсайды.Осылайша, Отанына, еліне, жеріне  деген ризашылығы, махаббаты  мен сүйіспеншілігі оянады.

Туған жер, осы сөзді естігенде жаны елжіремейтін  пенде жоқ деп ойлаймын. Неткен киелі жер едің! Туған жерім – Маңғыстау.

Маңғыстаудың басты қасиетті жерлері - Бекет ата, Масат ата, Шопан ата, Сұлтан үпі ата және осы сияқты басқа қасиетті жерлері бар.

Мен киелі Маңғыстауда дүниеге келгенімді мақтан тұтамын. Осы кең байтақ даламызды ата-бабамыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қалдырған.

Қазақстан – ол біздің ортақ және кең байтақ, ата-бабамыздан қалған мекен иелігіміз. Біздер жастар болашақта өз елімізге, туған жерімізге адал қызмет етіп, елімізді көркейтуге өз үлесімізді қосамыз. Кешегі өткен заманда ата – бабаларымыз мынау байтақ жеріміз үшін аянбай күресіп, тер төккен. Қазір біз ата-бабаларымыздың ерлігі мен табандылығының арқасында тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Еліміздің дамуы қарқынды түрде жүруде.

Мен өз Отанымды, туған жеріміді, құдіретті елімді сүйемін.

Жер – Ананың адамзатқа берген сыйы өте көп, соның қадіріне жетіп отырған адамзат оны әрқашан аялап, қамқорына алу керек. Жер бетінде жыбырлаған жәндіктер бейкүнә өсімдіктер бәрі – бәрі қамқорлықты қажет етеді. Жерің сулы болса,нулы да болатыны айтпаса да белгілі. Менің де туған жерім ежелден талай тарих куәсі.

Өнер адамдары табиғатты ерекше сүйеді - олар оны өздерінің шығармашылық туындыларының объектісі, оларды шабыттандыратын муза ретінде қабылдайды. Осылайша, суретшілер керемет пейзаждар жасайды, фотографтар фотосуреттерінде табиғат сұлулығын түсіреді, ақындар табиғатты өлеңмен дәріптейді, музыканттар өздерінің керемет концерттері мен симфонияларын табиғат айналымына арнайды. Сонымен, табиғатқа деген сүйіспеншілік - бұл әрі күрделі, әрі қарапайым сезім.

Қорытындылай келе, әрбір ұлы суретшіні, ақын – жазушыларды, шығармалар жазуға шабыттандыратын табиғат екенін айтқым келеді. Табиғат әрқайсымыздың жанымызды жұбатып, өмірдің керемет екендігін дәлелдейді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!