Материалдар / Туған жердің әсемдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жердің әсемдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ең сұлу жер Ал қазақ жерінің көркіне келетін болсақ, бұ жағы бір керемет. Мұнда әлемге аты шыққан таулы Швейцариямен таласар, жасыл шалғынды, ақ қайыңды, мөлдір сулы Бурабай мен қалың қарағайлары көкпен тілдескен, жұпар аңқыған Альпі шөптері белуардан келген, жартас шыңдарының қойнауларында көз жасындай мөлдір өзен бұлағы бұрқырай аққан Алатау, Алтай, Баянауыл, Ұлытау өлкелері жатыр. Мыңдаған көл, жүздеген өзендерімен, Африкадағы Сахараға бергісіз, құмды, боранды шөл далалары да жеткілікті қазақ халқы – ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі. Ілияс Есенберлин
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қырқүйек 2021
665
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітемін: Гиззатова Ж.И.________

Мектеп: Федоровка ЖОББМ.

Мерзімі: 06.05. 2021жыл.

Сабақтың тақырыбы: № 29 сабақ Туған жердің әсемдігі

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Тәртіп, мейірімділік

Мұғалім: Зайнуллина Г.Г.

Сынып: 4 а,б;

Сабақтың мазмұны:

Ресурста

Сабақтың мақсаты:Дұрыс әрекет құндылығы рухани-адагершілікке жетелейтіндігі туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: - ата-ананы, үлкендерді, мұғалімдерді сыйлауға үйрету;

Дымытушылық; - сөзінде тұруға, уәдені орындауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: - тіл алғыштыққа, батылдыққа тәрбиелеу.

Оқулық, дәптер бояуышар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесі Тәртіп, Тыныштық, Тазалық, Татулықты Талап сақтауға шақыру. Тыныштық сәті: Жағымды көңіл-күйге ену «Су асты патшалығына саяхатқа » шығамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинағынан кітапша жасап келу.


3. Дәйексөз.

Туған жерге туың тік. Нақыл сөз

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңдар.


4. Әңгімелеу.

Жайдары жазМіржақып Дулатов

Жаз болудың алдында күн ұзарып, ақырындап қар да ери бастайды. Жолдардан, жылғалардан су ағып, көлге, өзенге құяды. Өзенде мұз жары - лып, су лайланып, төмен ағып, сең жүре бастайды. Су өзеннің жиегінен асып, жағаларынан қар көшіп, күн жылынып болған соң, шөп шығып, түрлі-түсті гүлдер шешек атады. Егіншілер соқа-сайманын түзеп жер жыртуға шығады. Тоғай да жапырақтарын жамылып, жаңа келген сайрағыш құстардың үнімен көңілді боп кетеді. Жазда жан-жануарлардың бәрі де тіріледі. Жаздың жетіп күннің жылығанына бәрі де шаттықта. Қыстан қысылып шыққан мал жүнін тастап, бие құлындап, қой қоздап, қара жерді сағынып қалған жануарлар, байласа тұрмай, далаға қашады. Балалар ойынға шығып, жүгіріп, жыл құстары тегіс келіп, жұмыртқа салған. Көлде қаз, үйректер бықылдап отыр. Анда-санда аппақ болып, ұзын мойнын иіп, сұлу кеудесін керіп, жүзіп жүрген аққуды да көруге болады. Таң ата шырылдаған торғай мен үйдің алдын, кісінің жолын ерсілі-қарсылы кесіп ұшқан қарлығаштарда да дамыл жоқ. Мал көкке тойынады. Жұрт бие байлайды. Балалар анау байлаған жас құлындарды желіге оралып қалмасын деп күзетіп, бір жағынан тайларын үйретіп жүр.

  • Жазда табиғат қалай түрленеді?

  • Адамдар күн нұрына, гүлдер мен құстарға неліктен қуанады?

  • Жазда балалар немен айналысады?

  • Жазғы табиғат адамға несімен қызықты?

  • Өзің тұратын жердің жазғы табиғаты қандай? Айтып бер


5. Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма:Өнер туындысын қарап шығыңдар. Ондағы бейнеленген көріністен алған әсерлеріңді айтып беріңдер.

Әбілхан Қастеев. Бақта. 1958 жыл.


2-тапсырма: Туған жер туралы мақал-мәтелдерді оқып, ұнағанын көшіріп жазыңдар. Жаттап алу.

Туған жер туралы мақал-мәтелдер:

  • Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.

  • Туған жердің жері де көрікті, Елі де сүйікті.

  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

  • Туған жердің ауасы да шипа.

  • Туған жердің жусаны да жұпар.

  • Туған жердің торғайы да сүйкімді.

  • Туған жердің жуасы да тәтті.

  • Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды.

  • Ел іші алтын бесік.

  • Өз елім – өлең төсегім.


3-тапсырма: Диалогты жалғастырып айтыңдар.

Немересі: - Ата, ең әсем нәрсе не?

Атасы: - Туған жеріңнен әсем ешнәрсе жоқ, ботам!

Немересі: - Неге?

Атасы: - Саған алғаш сұлулықты көрсеткен осы туған жер!

Немересі: - ...


Қорытынды: Ең сұлу жер

Ал қазақ жерінің көркіне келетін болсақ, бұ жағы бір керемет. Мұнда әлемге аты шыққан таулы Швейцариямен таласар, жасыл шалғынды, ақ қайыңды, мөлдір сулы Бурабай мен қалың қарағайлары көкпен тілдескен, жұпар аңқыған Альпі шөптері белуардан келген, жартас шыңдарының қойнауларында көз жасындай мөлдір өзен бұлағы бұрқырай аққан Алатау, Алтай, Баянауыл, Ұлытау өлкелері жатыр. Мыңдаған көл, жүздеген өзендерімен, Африкадағы Сахараға бергісіз, құмды, боранды шөл далалары да жеткілікті қазақ халқы – ел сұлуының бірі, қазақ жері – жер сұлуының бірі. Ілияс Есенберлин



6. Топпен өлең айту.



7. Үй тапсырмасы.

1.Туған жер туралы мақал-мәтелдер жинағынан кітапша жасап келу.

2.Өздерің тұратын жердің қыс, көктем, жаз, күз мезгілдеріндегі ұнайтын көріністердің суретін салып келу.


8. Соңғы тыныштық сәті.

Бүгінгі сабақта алған жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!