400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Туған жердің табиғатын аяла 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: әдебиеттік оқу


Мектеп: «Тұрмыс-1» жалпы орта мектебі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Туған жердің табиғатын аяла


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бекбаева Эльвира


Сынып: 4

Қатысқандар саны:14

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қызыл кітап

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.5.14.1. Қызыл кітапта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді

4.5.14.2 Өсімдік пен жануарлардың жойылып кетуінің себептерін талдату.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қызыл кітап жайлы біледі.

Көптеген оқушылар: Қызыл кітапта жойылып бара жатқан және қорғауға алынған жануарлар мен өсімдіктер туралы жазылатынын түсінеді.

Кейбір оқушылар: Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді көрсетеді.

Тілдік мақсат

Қазақша «Қызыл» «Кітап»

Орысша «Красный » «Книга »

Ағылшынша «Red» «Book»


Бағалау критерийлері

Өсімдік пен жануарлардың жойылып кетуінің себептерін талдайды.

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам жасап жатқан шаралар

туралы ойға қозғау салады.

Әрбір адам кез келген жануарлар мен өсімдіктерге қамқорлықпен

қарау керек деген ойды қолдайды.

Құндылықтарды дарыту

Мәңгілік ел –Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, математика

АКТ қолдану дағдылары

слайдтар



Сабақтың жоспарланған кезеңдері





Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет



Ресурстар







Сабақтың басы

5 минут















Сабақтың ортасы (сабақтың негізгі бөлімі)

32 минут


Айтылым,

тыңдалым






















жазылым,

оқылым,
















Сабақтың соңы

3 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. (Үнтаспа қойылады)

Шаттық шеңбері

Біздің топта ұл –қыздар 
Тату тәтті ойнаймыз
Сыйласатын өмір сүріп 
Тек жақсылық ойлаймыз
Амансың ба, алтын күн! 
Амансың ба, көк аспан! 
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуанам!

Топқа біріктіру.

Оқушыларды 1,2,3-ке санату арқылы үш топқа

бөлу

Психологиялық дайындық

Кең дала көрмесің сонау жақтан. 
Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан. 
Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен 
Әне, сол анам еді мені тапқан –деп

Сәкен Сейфуллин жырлағандай, бізде тылсым дүниенің тіршілігіне әдебиеттік оқу сабағында бойлап көрейік. 
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз –Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі. Алдымен өлеңнің авторы Қ.Мырза Әлимен танысайық. Қ.Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ол қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. «Балаларға арналған» , «Балдырған», «Пионер» журналдарында жұмыс жасаған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен ән өлеңдері , пьесалары сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерінде аударылған. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР алғашқы Әнұраны авторларының бірі. 2001 ж. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Қ.Мырза Әли 2011 жылы қаңтардың 22-сі күні дүниеден өтті. 

«Қызыл кітап» жайлы

Таңданбай-ақ қой: өсімдік те, жануар да сен сияқты кітап оқымайды.

Бұл кітаптың аты мынадай:

«Сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар кітабы» -

«Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы».

1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары Халықаралық табиғатты және оның қорын қорғау одағын құрды.

Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды.

Бұл кітап «Деректердің тұңғыш кітабы» деп аталды.

«Қызыл кітап» жайлы

Оның мұқабасының тысы қызыл. Қызыл түс қауіп – қатердің белгісі сияқты.

Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі төнгенін ескертеді.

Қызыл кітап – қауіп дабылы және жанды табиғатты сақтау үшін күресу керектігін білдіреді.

  1. Шығарманы мәнерлеп оқып, түсіндіру. 
    Тірек сөзді тап.
    2.
    Сөздік жұмыс: Күрделі-қиын кезең
    Қызыл күмбез- белгі, ескерткіш 
    Қызыл мандат –құжат.
    Оқушыларға кезектестіре оқыту. 
    3.
    «Ыстық картоп» ойыны.

  2. Сұрақ –жауап арқылы


білімдерін бекіту.
1).Егер жануарларға тіл бітсе, ол не деп айтар еді?
2) Жануарларға зиян келтірушілерге сендер не деп айтар едіңдер?
3) Неліктен жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізеді. 
4) Өз жерімізде «Қызыл кітапқа» енген жануарлар кездесе ме?

Дескриптор:

1.Жануарларды не себепті қызыл кітапқа ендіргенін біледі.

2.Қандай жануарлар мен өсімдіктер қызыл кітапқа енгенін анықтайды.

ҚБ. жұлдызшалар
4.Үш тұғырлы тіл. Жұмбақтар
1) Шиенің түсі қандай ?
Қазақша «Қызыл»
Орысша «Красный »
Ағылшынша «Red»
2) Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. 
Қазақша «Кітап»
Орысша «Книга »
Ағылшынша «Book».

Дескриптор:

1.ЖҰМБАҚТАРДЫҢ ШЕШУІН ТАБАДЫ.

2.Үш тілде айта алады.

ҚБ. Бағдаршам

5.«Ақын орындығы» ойыны. «Қызыл кітап» өлеңін мәнерлеп оқу. 
«Қызыл кітап шындықты» 
Айтуға да арналған 
Жою керек сұмдықты, 
Жойылмасын бағалы аң 
Қорғау керек аңды да 
Бара жатқан сирек көп. 
«Қызыл кітап» ал мына

Жұртты соған үйретпек 
-Сиреген дала жануарларын әрі қарай сақтау үшін қазір еліміз, үкіметіміз қандай талап қойып отыр?
Дескриптор:

1.Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2.Сиреп бара жатқан жануарларды қалай сақтау керек екенін біледі.

ҚБ. смайликтер
6. Эссе жазу. «Аңдарды аяла, адамзат»
7.
«Мекенін тап!» ойыны 
«Жер» дегенде, жерде мекендейтін жануарларды атау.
«Су» дегенде, суда мекендейтін жануарларды атау.
«Ауа» дегенде, құстарды атаулары керек.

Дескриптор:

Жануарлардың мекенін дұрыс анықтайды.

ҚБ. Басбармақ
V.Сабақты қорыту. Бұл мезгілсіз кеткен адам қолынан опат болған саны азайып бара жатқан табиғатты жан- жануарлардың тізімі жазылған құжат. Оларды сақтау әр ұрпақтың борышы.

БҮҮ әдісі.
Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді
Өсімдіктерді, жануарларды, аңдарды білемін. Өлеңді мәнерлеп оқи аламын. «Қызыл кітап» бар екендігін, ақын туралы білдім.» «Қызыл кітап» туралы мағлұмат алдым, жан-жануарларды, өсімдіктерді қорғау керектігін үйрендім т.б Оларды қорғауды, табиғатты

көркейтуді оның пайдасын, Қызыл кітапқа енбей қалған жануарлар туралы білгім келеді

слайд «Қызыл кітап» және қорықтар

Қазіргі таңда Халықаралық Қызыл кітап бар.

Қызыл кітап шыққаннан кейін көптеген елдерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды.

Ондағы жануарлар табиғи ортада тіршілік етеді, ешкім ұстамайды және ауламайды.

М емлекет оларды қорғайды. Қазақстан жерінде де қорықтар мен ұлттық саябақтар бар.


Құлан



Құланнан жалы мен құлағы – жылқыға, ал құйрығы мен дауысы есекке ұқсайды. Далалы жерлерге егін егіліп, құландардың жайылым аумағы қысқарды.Құланның еті үшін оны көп аулады. Осыған байланысты құланның саны азайып, қазір Қызыл кітапқа енгізілді. Адамдар оған азық беріп, жыртқыштардың қорғап, қамқорлық жасайды.

слайд

Арқар

Арқар - биік тау басында жүріп, қыста төмен түсетін жануар.

Оның түсі қоңыр - сұр, мүйізі иретілген, орасан зор


Picture 52 Етінің дәмділігінен көп аулануына байланысты арқардың саны азайып кетті.

Арқар да Қызыл кітапқа енгізілді.

слайд

Қоқиқаз

Қоқиқаз – өте әдемі, ерекше құс. Оның сирағы мен мойыны өте ұзын, үлкен тұмсығы ортасынан бастап төмен қарай иіліп тұрады.

Қауырсыны қызғылт. Тұзды көлдерде қоректенеді.

Құстың дәмді еті, әдемі қауырсыны мен мамығы
үшін аулағандықтан азайып кетті.

Сонымен қатар бұл құстың ұя салатын қолайлы жерлері де
азайып кетті.

3-слайд

Дуадақ

Дуадақ биіктігі бір метрдей, сирағы ұзын, қанатын сирек сермеп, ауыр ұшатын, қазақ даласының көрікті

құсы.
Дуадақ тез жүгіреді және құрғақ шөптің арасына шебер жасырына алады, өсімдіктер, олардың тұқымы және жәндіктермен қоректенеді.


Picture 53 Д уадақты бүркіт аулайды. Балапандары мен жұмыртқасын қасқыр, түлкі, қарсақтар тауып жейді.

Адамдардың аулауынан да бұл құс сирек кездесетін түрге айналды.

слайд Тянь-Шань шыршасы

Тянь-Шань шыршасы Іле

Алатауында 1500-2000 м биіктікте өседі.

Шырша көптеген құстар мен аңдарға пана әрі азық береді. Берік әрі құнды ағашы құрылысқа пайдаланған. Қазір Тянь-Шань шыршасын заң бойынша қорғайды.

с лайд Жабайы қызғалдақ



Жабайы қызғалдақ Қазақстанның далалары мен шөлдеріне сән береді. Қазақстан қызғалдағы дүниежүзі елдерінің қала көшелері мен саябақтарын көркейтіп тұрған қызғалдақ гүлдерінің арғы тегі болып саналады. Демалушылар оларды ретсіз жұлып әрі таптап кетеді. Жабайы қызғалдақтың біраз түрі Қызыл кітапқа енгізілген.

Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Қызыл кітап не үшін керек?

Жойылып кеткен немесе жойылуға қауіп төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктерді енгізу үшін керек.

2. Жұмбақты шеш:

Көлдің көркі, еркесі,

Қанаттары – көрпесі.

Бойын күтіп, баптайды,

Ешкім оны атпайды. (Аққу)

3. Қазақстанда неше қорық бар? Тоғыз

4. Құлан қандай жануарларға ұқсайды? Жылқы мен есекке

5. Қызыл кітапқа енген

жануарлар мен өсімдіктердің аттарын не үшін білу керек?.

Оларды қорғап, қамқор болу үшін

6. Елімізде жануарлар мен өсімдіктерді қорғау үшін қандай шаралар жасалады?

«Табиғатты қорғау» туралы Заң бар, қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылған

7. Жұмбақты шеш:

Тұрқы, күрі

Жылқы тектес жалы бар,

Шөп жеп түрлі,

Түзде өскен жануар. (Құлан)

ІІ деңгей тапсырмалары

Суреттердің ішінен Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді көрсет.


ІІІ деңгей тапсырмалары

Өсімдік пен жануарлардың жойылып кетуінің себептері сенің ойынша неде? Себептерін шеңберлерге жаз.


иНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ТРЕНИНГ


Топтық жұмыс. Тақырып бойынша жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам жасап жатқан шаралар туралы ой қозғау.

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғауда адам қандай шаралар атқарады?

Берілген сурет бойынша табиғатты

қорғау ережелерін құрастыр.


1-топ2-топ

3-топ


Есіңде болсың!

Б іздің елде «Табиғатты қорғау» туралы Заң бар.

Оны ересектер де, балалар да орындау керек.

Бұл заңды сен де орында! Табиғатты сақта!

V8Сабақты қорыту. Қызыл кітап шыққаннан кейін көптеген елдерде қорықтар мен ұлттық саябақтар құрылды. Ондағы жануарлар табиғи ортада тіршілік етеді, ешкім ұстамайды және ауламайды. Бұл мезгілсіз кеткен адам қолынан опат болған саны азайып бара жатқан табиғатты жан- жануарлардың тізімі жазылған құжат. Оларды сақтау әр ұрпақтың борышы.



Кері байланыс «Жетістік баспалдағы»







Picture 10

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
2171
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі