жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Туған жерге тағзым
«Туған жерге тағзым» кездесу кеші
1-жүргізуші:
Туған жерім - түп қазығым - тұғырым,
Ұланыңнан
ұлан асыр сыр ұғын!
Өкінбес
ем басқа жерді көрмей - ақ,
Өмір
- бақи сенде өтсе ғұмырым!
2-жүргізуші:
Бал күлкісі сыңғырлаған бұлақтың,
Ерте
желмен тербелгені құрақтың
Ертегідей
елестейді көзіме,
Туған
жер, сен төріндейсің жұмақтың!
3-жүргізуші: О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен.
4-жүргізуші: Алақаны анамның – топырағың,
Сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін,
Мен ешқандай кітаптан оқымадым.
1-жүргізуші: Беу, Туған жер десеңші, туған жер жайлы жырламаған ақын сірә де жоқ шығар?
3-жүргізуші: дұрыс айтасың, туған жердің киелілігі мен ыстықтығы кез-келген ақын туындыларынан көрініс табатыны анық.
2-жүргізуші: осы орайда «Жәнатым - Жаңақорғаным» әні ойыма келіп тұрғаны...
4-жүргізуші:
Жаңақорған
– жәннатым, өз мекенім,
1-жүргізуші:
Білемін бар бақытым сенде
екенін.
2-жүргізуші:Өзіңді
әрқашан да шын жүрекпен,
3-жүргізуші:Ардақтап,
өз анамдай әндетемін.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағалар!
2-жүргізуші: есенсіздер ме мектебіздің аяулы ұстаздар қауымы!
3-жүргізуші: бармысыздар еліміздің болашағы жалынды жастар!
1-жүргізуші: «Туған жерге тағзым» атты мерекелік кешімізге
Барлығы қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегіндегі, «Таяу жылдардағы міндеттер» тарауында алдағы жақын жылдарда жүзеге асырылуға тиіс басым бағыттарды анықтап берген болатын.
2-жүргізуші: Бүгін біздің берекелі білім ордамыз, алтын ұя мектебімізде елбасымыздың осы бір сарабдал саясатын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған «Туған жерге тағзым» атты рухани құндылықтарға толы кездесу кеші өткізіліп отыр.
1-жүргізуші: олай болса, бүгінгі кездесу кешіміздің қадірлі қонақтары, еңбегімен танылған ел ағаларымен таныстырып өтейік!
3-жүргізуші: Кәсіпке ерте кезден араласып,
Орынбор, Тюмень, Сібір ағаш тасып.
Тілеулес болды халық әркез сізге,
Жүрген соң бір ауылдың жүгін алып. Тұртанов Алшынбай мырза!
4-жүргізуші: Шығарған өз елінде атақ даңқын,
Шаруа, мал, егінге жаны жақын.
Егер оның қолы қалт босай қалса,
Жіберетін қайырлы іске қаражатын Байбосынұлы Рақымбаба мырза!
2-жүргізуші: Көрсете бермес өнерін,
Бағасын айтпас бергенін.
Ол Шайыхов Әбдіхан,
Аямас елден көмегін. Әбдрашитұлы Әбдіхан мырза!
1-жүргізуші: Бүгінде ел сыйлайды ағамызды,
Біліп жатыр халық сіздің бағаңызды.
Бір ауылдың әкімі секілдісіз,
Үлгі қылып жүрсіз ғой ағаңызды. Машбекұлы Әлібек мырза!
4-жүргізуші: Елдің көшін алға қарай бастап жүр,
Сондықтан да бәрі жарық үй боп жүр.
Өйткені, бұл Жасұландай ағамыз,
Электросвет саласында директор Бекенұлы Жасұлан мырза
1-жүргізуші: Жаста болса елеулі,
Еңбегі көп ағаның.
Мектебіме әрдайым,
Қол ұшын беріп қараған Ыдырысұлы Жұмахан мырза
2-жүргізуші: Мектебімнің бар білікті басшысы,
Болып жүрген жақсылықтың жаршысы.
Өзіңіздей болса дейміз әрбір жан,
Байқалатын әрбір сәтте жақсы ісі. Мектебіміздің директоры Ибрагимов Жеңіс Шамсудинұлы.
3-жүргізуші: құрметті Жеңіс Шамсудинұлы сізден бүгінгі тәрбиесі мен тағылымы мол «Туған жерге тағзым» атты мерекелік кешімізді ашып беру үшін сахна төріне шақырамыз. Ибрагимов Жеңіс Шамсудинұлы
1-жүргізуші: Мәнді-мағыналы әрбір айтқан сөздеріңіз үшін көп рақмет!
2-жүргізуші:
Кешіміз
өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген
күн нұрының шапағаты,
1-жүргізуші:
Мың бұралып бишілер би билейді.
Халайық
қол соғыңыз мархабатты. «___________»
биімен «Еркеназ» би тобын қарсы
алыңыздар! ( №1 БИ)
1-жүргізуші: шаттық би тобының биші қыздарына мыңда бір алғыс!
2-жүргізуші: құрметті қонақтар, достар өздеріңіз білетіндей 1-желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесі емес пе?
1-жүргізуші: ия, дұрыс айтасың, Мейірхан. Қалайша, Елбасы күнін атап өтуді ұмытамыз!
2-жүргізуші: жоқ, ұмытпаймыз, олай болуы мүмкін емес. Елбасы мерекесі қарсаңында ән арнап, жыр айтып, өлең жазсақта жарасады.
1-жүргізуші: қанекей, ендеше назар салыңыздар, мүмкіндік туып тұрғанда өзім бастайын!
Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Қазақ елін басқарған,
Шекарасын салдырған,
Дербестікке бастаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
2-жүргізуші: Жасты еңбекке баулыған,
Ақсақалын сыйлаған,
Салт-дәстүрді сақтаған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
Дін мен ұлтты жинаған,
Мәмілеге шақырған,
Бейбіт күнге жол салған,
Нұрлы Сұлтан – Нұрсұлтан!
«Нұр
аға» әнімен 1-сыныптың балғын бүлдіршіндерін
алдарыңызға шақырамыз! (№2 НҰР АҒА ӘНІ
)
(бірденнн Мейірхан №3сыр сұхбаты)
2-жүргізуші: Рахмет, Мейірхан!
3-жүргізуші: Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
2-жүргізуші: Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесін,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе, деп Қасым Аманжолов жырлағандай қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы айтыс өнері.
3-жүргізуші: олай болса, қазақтың мұңын айтып, жоғын жоқтап, ән-жырына қосқан айтыскер ақындардың ізімен мектебіміздің ақын қызы Ерназар Нұрайды ағаларға арнауымен ортамызға шақыралық!
2-жүргізуші: қошеметтеріңіз! (№4 АЙТЫС)
2-жүргізуші: Қазақ халқының тарихын суреттеп, сипаттап бере алатын әсем әнмен мектебіміздің әнші қыздарын алдарыңызға шақырамын. «Қазағым» әні (№5)
1-жүргізуші: Алыстаған таулар биік көрінер,
Туған жерді көркейтіп жыр өрілер.
Түлетуге үлес қосып өз елін,
Ағалар бар бағасын халық-ел білер.
2-жүргізуші: Өздеріңізге асқақ ән мен әсем өлең арнасақ та артық болмас. Мектебіздің бір топ оқушыларын сіздердің құрметтеріңізге арналған арнауымен ортаға шақырамын.
(№6Арнау)
1-жүргізуші: : құрметті қонақтар, оқушылар, бүгінгі кеш өз мәресіне жетіп қалды. Сүйсінер жақсы істеріңізбен біздің достарымызға үлгі бола білдіңіздер деп ойлаймыз!
3-жүргізуші: құрметті ағалар, сіздерді қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1-жүргізуші:бүгінгі кештен қандай әсер алдыңыздар?
3-жүргізуші: Оқушылардың дайындығы көңіліңіздеріңізден шықты ма? Соңғы сұрақтарымызға жауап беріп, кері байланыс жасауларыңызды өтінеміз!
(Суретке түсу сәті )
1-жүргізуші: Туымыздың тұғыры берік,
2-жүргізуші: еліміздің еңсесі биік,
3-жүргізуші: Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!
4-жүргізуші: алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір алғыс білдіреміз. Қош сау болыңыздар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген