Материалдар / Туған жерге тағзым

Туған жерге тағзым

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРМЕН ӨТКІЗІЛГЕН САЙЫС ЖОСПАРЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2023
192
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Туған жерге тағзым

Жүргізуші : Армысыздар,қадірменді ұстаздар! Армысыздар жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар. Отан, туған жер атамекен, елім, ауылым деген — жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу — әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.«Туған жерге тағзым» тақырыбында өткелі отырған білім сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысымызды ашып беру үшін сөз колледж директорның міңдетін атқырушы Садақбаев Еркін Теміржанұлына беріледі.

Келесі кезекте сайысымызға төрелік ететін әділ-қазылармен таныс болыныздар.

Ойынның кезеңдерімен таныстырып өтейік.

I — тур: Командылар өздерін таныстыру

II- тур: көшбасшыларға сұрақ 1минут 10 сұраққа жауап

III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (постер қорғау 5 минут)

IY- тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

Y.Ойлы болсан-озып көр(қолдарына берілген заттан зат құрастыру)

I — тур: Командылар өздерін таныстыру

II- тур: Он сұрақ (көшбасшыларға сұрақ) 10 сұраққа жауап тез – тез жауап беру керек .Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.

I — команда

1.Қазақ хандығының тұңғыш хандары (Жәнібек пен Керей)

2.Белгілі ғалым «Әлемнің екінші ұстазы » Әл – Фараби

3.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз 1995 жыл)

4.Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі?(Нұрлан Ермекбаев)

5.Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)

6. Қазақтың тұңғыш академигі (Қ. Сәтбаев)

7.Қан мен тер романының авторы (Ә.Нұрпейсов)

8.Абылай хан жерлеген қала (Түркістан)

9.Назарбаевтың туған жері? (Шемалған)

10.Барсакелмес қорығы қайда орналасқан?(Арал теңізі)

II- команда

1.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр1998 жыл)

2.Тұңғыш Президенттің күні (1желтоқсан)

3. Оян қазақтың авторы? (М.Дулатов)

4.Теңге қай жылы қолданысқа енді? (1993 15 қараша)

5.Тұңғыш Қазақстан ғарішкері (Т.Аубакиров)

6. Қ.Р Білім министрі?(Е.Сағадиев)

7.Елтаңбаның авторы? (Ш.Уалиханов)

8.Түйе сүтінен жасалатын сусын?(шұбат)

9. Бала бірінші сыныпқа барғанда қандай той жасалады? (Тілашар)

10.Н.Назарбаев 1960 ж.еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала (Теміртау)

III- команда

1.Қазақстанда неше облыс бар? (14)

2.Қ.Р Әнұранның әнің жазған? (Ш.Қалдаяқов)

3.10 ның квадраты (100)

4.Абай жолы романының авторы? (М.Ауезов)

5.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

6.Өнер ағып жатқан бұлақ,… (білім жанып тұрған шырақ)

7.Еліміздің рухани астанасы? (Түркістан)

8. Тәуке ханның зандар жинағы (Жеті жарғы)

9.Қ.Р Пример министрі?(Б.Сағынтаев)

10.неше арыс бар?(5)

4-топ.

1.5тің квадраты? (25)

2.ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің кайнар көзі (халық)

3.Қазақ хандығының алғашқы ханы(Керей)

4.Қазақстан БҰҰ-ға кірген жылы (1992 ж.)

5.Қазақ автономиясының алғашкы астанасы (Орынбор)

6.Бала туғанда қазақтар қандай той жасайды (шілдехана)

7.Желтоқсан оқиғасы қай жылы,қай қалада өтті?(1986 Алматы)

8. 17желтоқсан (жаңару күні)

9.«Невада-Семей» қозғалысының жетекшісі кім болды? (О. Сүлейменов)

10.ҚР Жаңа Конституциясы неше баптан тұрады? (98)

III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (постер қорғау 5 минут)

Көрермендермен ойын

1. Күрекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
2.Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
3.Есік пен терезенің арасында не тұрады? («пен» тұр)
4.Орыс күнтізбесіндегі ең қысқа ай? (Май - үш әріптен тұрады)
5.Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)

IY — тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

1-топ

1.Ақырын жүріп,анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас ,

Үйретуден балаға.

Абай Құнанбайұлы



2. Мектеп- кеме,білім теңіз

Қасым Аманжолов

3. Қайратсыз ашу-тұл,

Тұрлаусыз ғашық-тұл.

Шәкіртсіз ғалым-тұл

Абай

4.Ұстаз ізденгіш болуы,ойлай білуі,қандай істі болсын,бар ынтасымен атқара білуі керек

В. Маяковский.

5.Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады

Абай Құнанбайұлы
2-топ
1.Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі іспетті.

К.Д.Ушинский

2.Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін:әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.

Александр Македонский

3. Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі

К.Д.Ушинский

4.Басқаларды үйрете жүріп біз өзіміз үйренеміз.

Сенека.

5.Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.

Ыбырай Алтынсарин

3-топ

1.Адамның адамшылдығы… жақсы ұстаздан болады.

Абай Құнанбаев

2.Мұғалімнің ұдайы жақсы оқитын балаларға ғана сүйсініп, ылғи соларды ғана оқытуы дұрыс емес.


Мұхтар Әуезов
3. Мұғалім-зор тұлға,ол күннің құдіретті сәулесі сияқты.

К.Д.Ушинский



4.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.



К.Д.Ушинский

5.Шәкірті жоқ ұстаз – мылқау ұстаз.

Ыбырай Жақаев

4-топ
1.Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов
2. Ұстаз- ұлық емес,ұлы қызмет

Бауыржан Момышұлы

3.Ұстаз – ұлы есім

М.Әуезов
4. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.

К.Д.Ушинский

5. Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады

В.А.Сухомлинский

5-тур Ойлы болсан озып көр кезеңіңде алдарына берілген заттан бір нәрсе ойлап шығару керек.

Көрермендермен ойын.

1.Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
2.Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
3.Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
4.Қар жауады, күн жылынып, ери бастайды, біраздан соң жаңбыр жауады, одан кейін аяз қатты тұрса, не байқалады? (көктайғақ болатындығы)
5.Қазақтандағы аты да, мінезі де бұзық өзен қайда?  (Талдықорған облысы,  Теңтек өзеңі  



Сайысымызды қорытындылау үшін сөз кезегі әділ-қазылар алқасына беріледі.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ