Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Туған жерге тағзым
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚР-ның Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында №89 мектеп-лицейінде 2018 жылы 16 наурыз күні «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалінің сценарийі
Әскери жетекші: Мектеп, түзулен, тік тұр!
Назар Мемлекеттік Туда!
ҚР Мемлекеттік туы көтерілсін!
ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
1 – жүргізуші: Турсынкулов Бақытберген 9 «А» 2 – жүргізуші: Сагимбекова Алия 8 «А»
Бақытберген: Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер, Тұлпарлар дүрілдеп төккен жер, Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер!
Алия: Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда Құлшылық етемін тұрғанға Құлшылық етемін құмдарға, Шүкіршілік етемін қашанда, Осы бір Отанда тұрғанға!
Бақытберген: Күллі жер жүзі біздің көз алдымызда өзгеруде. Әлемде бағыты әлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміз керек.
Алия: Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Бақытберген: Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді.
Алия: Ұлттық бірегейлікті сақтау - Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Бақытберген: Білімнің салтанат құруы - Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
Алия: Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы - Біріншіден, ұлттық дамудың ықылым заманнан жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды. Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді. Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады. Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.
Бақытберген: Сананың ашықтығы - Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.
Алия: Елбасының халқымызға арналған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» болашаққа бағдар мақаласын қолдап, тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетуге біздің мектеп-лицейінің жастары да өз үлесін қосуда.
Бақытберген: «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалін ашып беруі үшін құрметпенен №89 мектеп-лицей директоры Атабаев Қасым Өмірбекұлына сахнаға шақырамыз.
Алия: Бүгінгі «Туған жерге тағзым»
атты өнер фестивалінің
әділ-қазы алқаларымен таныс
болыңыздар:
1. №89 мектеп - лицейіміздің
директоры: Атабаев Қасым Өмірбекұлы
2.Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
Асканбаева Жанна
Оралбекқызы 3.Орыс тілі пәні мұғалімі:
Мусаева Рискул
Умирбековна 4. Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары:Мырзакулов Ораз Сапарбекұлы
5. Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
Файзиева Қынагүл
Жиенбайқызы 6. Директордың бейімді оқыту жөніндегі
орынбасары: Наримбетова Асия
Пердабайқызы
Бақытберген:
Болған соң «Мәңгілік ел»
-басты арманым,
Қуаттап, қаттар бәрін, жастар мәнін.
Елбасы жария етіп жатыр міне,
Рухани жаңғыру дәуір басталғанын.
Сахнада: «Еркем - ай» би
тобы «Ақкербез» биімен.
Алия:
«Рухани жаңғыру» жайыңды
ұққан, күйіңді ұққан,
Қолға алған барлық істі биылдықтан.
Мақсаты – Елбасының елін-жұртын,
Аман-сау алып шығу қиындықтан.
«Шашу» би тобын «Аққу»
биімен қарсы
алыңыздар.
Бақытберген:
Жалғасын тапса қимыл, сөзбен
берік,
Қысылмай қиындыққа төзген де ерік.
Жанына жырдан шуақ құйылады,
Жатқан соң жақсы істерді көзбен
көріп. Би: «Нозли гулим»
«Салтанат» би тобы.
Алия:
Жастардың бойына тән ақылды
ұғым,
Көрсеткен батырлығын, батылдығын.
«Рухан жаңғыру» Астанадан бастау алып,
Бізге де серпін беріп жатыр бүгін.
Сахнада: «Асар қырандар» би
тобы «Махамбет жыры»
биімен.
Бақытберген:
Ұстаздарым – дархан жүрек
арыстарым,
Паш етті бойда қуат, намыс барын.
Күн-түні жырласам да тауыса алмаспын,
Мектептің қолы
жеткен табыстарын.
Би: «Пиала» «Ару қыздар» би
тобы.
Алия:
Топырағын туған жердің
түлеткелі,
Қабысып арман-мақсат тілектері.
Үн қосып игілікті үлкен іске,
Талпынып жатыр мектеп түлектері.
«Қамажай» би тобын «Жадо»
биімен қарсы алыңыздар.
Бақытберген:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
Сахнада «Сахна саңылақтары» үйірме мүшелерінің қойылымымен Муқтар Әуезовтың «Қаракөз» драмасының көрінісі.
Алия: Жұлдызым жанып жаңа ғасырдағы,
Жайқалып Онтүстіктің жасыл бағы.
Түтіні туған елдің түзу шығып,
Таймасын бақ пен дәулет басыңдағы.
Ендігі кезекті қазақ тілі
пән мұғалімдері жетекшілік жасап жүрген «Шығармашылық» үйірмесіне
береміз.
Бақытберген: Көңілді толқытып бір шалқытатын, Қайғыны ұмытып бір балқытатын. Ән айтып, домбыра шерткенге не жетеді, Көңілдің қарлығашын қалқытатын. Сахнада «Алатау» домбыра үйірмесінің домбырашыларының орындауында Халық күйі «Келіншек»
Алия: Бірлігі мен ынтымағы халықтың, Көгімізде жарқырайды жарық күн. Ырыс дәулет, бақыт үшін халықтың, Жайнай берсін, жайнай берсін жарық күн. Әбдімомын Желдібаевдың шығармасынан «Ерке сылқым» күйі
Бақытберген: Кетпей ақ уақыт кейін, уақыт бұрын, Кеш келседе кеудеме жақұт жырым. Жақсылардың жалғасқан шапанындай, Ұстаздан тәлім алғам, бақыттымын. Дәулеткерей шығармасынан «Короглы» күйі
Алия:
Азаттық пен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Құрманғазы шығармашылығынан
«Адай» күйі
Бақытберген: Домбыра, осы күйден тайма дәйін, Жарқырат жаң сәулесін айнадайын. Әкелген сені өмірге көрік қылып, Данышпан бабамыздан айналайын. Шынболаттың «Шындық» термесі
Алия: Тұратын сан алуан ұлттан, ұлыстан, Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан. «Ырыс түбі-ынтымақ» деп жарасып, Қазақстан болсын жайнап Гулистан. Сахнада ТРИО «Менің Елім» .
Бақытберген: Құрметті көрермен қауым, кешіміздің қонақтары! Бүгін «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалі өз мәресіне жетіп отыр.
Алия: Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай берсін елдігіміз мәңгілік!
Бақытберген: «Туған жерге тағзым» атты өнер фестивалі осымен аяқталды. Қорытынды сөз кезегі құрметпен _________________________________________________________________________________________________________________________________ береміз.