«Өкпеті» орта мектебі
«Туған жерге, туған
мектебіне тағзым» қайырымдылық концерті
Жүргізуші:
Қайырлы күн, қадірлі қауым, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған
жас ұрпақ! Армысыздар жаны жайсаң, жүрегі жомарт ел ағалары,
ұлағатты ұстаздар, ардақты ата – аналар!
Жүргізуші:
Мектеп бітіргеннен кейін әркімнің жолы әр тарауға
бөлініп, әркім бұл өмірден өз жолын табуға талпынып, күйбең
тірлікпен бір-бірімен кездесуге уақыт таппай жүргенде, әне-міне
дегенше мектептің алғашқы түлектеріне 28 жылдай уақыт сыныптар
сырғып өте шығыпты. Қайран уақыт,қадіріңді кім
білген?!
І түлектен- 28 түлектерге
дейін өзінің балаларына «Мектеп-ана» 15 мамыр күні құшағын ашып,
«Туған жерге, туған мектебіне тағзым» жасауға қош
келдіңіздер!
Жүргізуші:
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар
ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, білім беріп жатқан алтын
ұя мектебімізге жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны
анық.
Жақсылық жасау – имандылықтың,
тәрбиеліліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі. «Не берсең де
балаға бер, бала үшін жаса» - деген халқымыздың игі дәстүрі қазіргі
кезде қайырымдылық қоғамдарының іс - тәжірибелерімен жалғастырылып
келеді.
Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, өзіңіз туып өскен ауылыңызға,
біліммен сусындаған мектебіңізге қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің
жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?!
Жүргізуші:
Бүгінгі кешке арнайы
шақырылған, ақ тілектің, ізгі ниетін ала келген қонақтар
бар.
Қай істің де
басынан,
Табылатын қасынан,
Сөз маржаны тереді
Ұстаз мерейін
асырған
Сөз аудан
әкімшілігінен
Жүргізуші:
Мейірімді ізде таза - аңғал
жүректен,
Селт еткізіп, сезімді бойда дір еткен.
Мейірімділікті сіңірген адам бойына,
Өмірге мына, жылылықпен гүл еккен,-дей келе алдарыңызда
мектебіміздің Жүргізуші:
Мектебізден ұшқан аяулы
түлектерімізге арналған «Көңілді тапқырлар» клубының құттықтауын
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Бүгінгі
«Туған жерге, туған мектебіне
тағзым» қайырымдылық акциясын
ұйымдастыруға ұйытқы болып отырған мектеп басшыларына, қол ұшын
беруге ат салысып отырған демеушілерімізге айтар алғысымыз
шексіз.
Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.!
Жүргізуші:
Құрметті түлектер! Сіздерге
9-сынып оқушысы, мектебіміздің, ауданымыздың мақтанышы, Жұмашова
Жанардың орындауында ән-«Мереке» .
Жүргізуші:
Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы
бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе? Алғаш мектеп табалдырығын
аттаған күн, әр баланның мереке күні, осы сәтті баршамыз бастан
өткердік.
Мектеп-сенсің адалдықты
үйреткен,
Мектеп-сенсің жамандықты
күйреткен.
Мектеп-сенсің жақсылықты ұран
қып,
Мектеп-сенсің мені жұртқа сыйлы
еткен.
Ән «Мектебім» орындайтын 3-сынып оқушысы
Бақытжанқызы Ақбота.
Жүргізуші:
«Мектеп-ана КҮНДЕЙ, барлық
түлектерін аялай, ешкімді алаламай, барлық балаларына шуағын
шашады. Сол шуаққа сізде жылынып, балалық шаққа бір барып, туған
жеріңіз, Үштөбенің ауасын жұтып, топырағына аунап,
ата-аналарыңызбен туған-туыстарыңызбен қауыштыңыздар. Туған елге
қош келдіңіздер! Алдарыңызда кіп-кішкентай балдырғандарымыздың
өнерін тамашалаңыздар.Ән-би-«Жақсы көрем».
Жүргізуші:
Шықты ортаға бишілер мың
бұралған
Әр сыныптың қыздарынан
құралған.
Өнерлі бұл шәкірттерге,қол соға алмай тұра
алман.
Би «Көктем» ортаға «Әдемі-Ай» би тобын
шақырамыз.
Жүргізуші:
Білім алып жолдамамен,
Биіктерге беттедің.
Өмір жолын, өмір
белін
Осы жерде өткердің.
Қымбатты түлектерге сөз кезегі
беріледі_______________________________
Жүргізуші:
Ұлылықтың ізгі жолы жалғанды,
Биіктерден биіктерге самғады.
Кешегі оқушы, бігінгі
түлегіміз,
Сіздерге асқақ арман тілейміз.
/Түлектерге сөз/
Жүргізуші:
Жастық шақтың бар қызығын,
Бір бөлісіп бірге өскен- түлектерге мектебіміздің
дарынды оқушысы Қауланбекұлы Нұрдәулет «Бастау» әнін тарту етеді,
қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Ортаға «Еркемай» би тобын «Латын америкалық»
биімен шақырамыз қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:
Мейірімділік - ғажайып өмір есігі,
Мейіріммен тербетілер бесігің.
Ашық болсын туған жерге туған елге есігің,
Қамқор бол, алладан қайтар несібен.
Көркемсөз «Ауылым», оқтитын мектебіміздің
мақтанышы аудандық Абай оқуларының жеңімпазы Мұратов
Ермұханбет.
Жүргізуші:
Ұлы елдің әлем сүйген ұланымыз
Сол елге лайық болу
–ұранымыз.
Сайларда сыңғыр қағып ағатұғын
Сол елдің сан дауысты
бұлағымыз. «Гүлдариғай» орындайтын бірнеше ән байқауларының
жеңімпазы 7-сынып оқушысы Саниязбекұлы
Айдос.
Жүргізуші:
Абайдың он төртінші қара
сөзіне жүгінетін болсақ, «Нағыз жүрек ісі рақымдылық, мейірбандылық
және әр түрлі істе адам баласының бәрін өзіне тартып, бауырым деп,
өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді» дегендей бүгінгі
қайырымдылық кешіне кең пейілділік танытып келіп отырған әр адамға
алғысымыз шексіз.
«Үнді биі» ортада «Нұр» би ансамбілі
Жүргізуші:
Аудан көлемінде, аудан
мектептерінің барлығында жаппай өтіп жатқан «Туған жерге тағзым»
тақырыбындағы қайырымдылық акциясына «Өкпеті» орта мектебімізде де
өз түлектерімен өткізіліп жатыр. Түлектеріміздің келген қадамдарына
сәттілік тілей отырып ортаға мектептің өнерлі өреңі Қайыртаева
Бегмайдың орындауында «Біздің жақта» әнін қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Көк байрағым тұрсын мәңгі
көгімде,
Оты өшпесін еркіндіктің өмірде.
Шаттық пенен шабыт тасып
көңілде,
Той тарқамас
Берекелі Үштөбедей жерімде.....
Ән: «Досыма» орындайтын Еркін
Аслан.
Жүргізуші:
Ертеңге талпыныс, болашаққа
бағдар, игі іске ұмтылыс – адамзатқа тән
құбылыс. «Туған жерге, туған мектебіне
тағзым» қайырымдылық акциясы бүгінгі таңда жақсы жол тапқан
шара.
/Түлектерге сөз/
Жүргізуші:
Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да , суының дәмі
де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге
деген махаббат, сағыныш ештеңеге ұқсамайтын - ұлы
сезім!
Алдарыңызда мектебіміздің оркестр «Қызылтас
ұландары»
Жүргізуші:
Құрметті «Өкпеті» орта мектеп
түлектері! Бүгінгі
«Туған жерге, туған мектебіне
тағзым» қайырымдылық акциясы да өз
мәресіне жетті. Осындай қайырымдылық акциялары әлі де өз жалғасын
таба береді деп сенеміз. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп
рахмет!!!
Пейілділік көл - көсір,
Жомарттық ерге сын.
Кеңдігін көрсеткен.
Қайырымдылық қорында,
Ізгілік жолында.
Мың алғыс, ағалар,
Рухы елдің жебесін.!
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып
тұрайық!!!
Қош сау
болыңыздар!
ДТЖО А.Ажығожина
«Өкпеті» орта мектебі