400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

Туған жерге туың тік 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
9-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: IV-бөлім: Адам құқығы мен бостандығы

Мектеп: №17 ЖББОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Тусупова Жангуль Аманбековна

Күні:

Сынып: 9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Туған жерге туың тік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру.

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін енгізу, редакциялау.

Сабақ мақсаты

  1. «Атамекенін аңсаған жанның тағдыры» мәтіннен көтерілген мәселені анықтау.

  2. Мәтін мазмұны бойынша талқылау сұрақтарын құрастыру.

  3. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін енгізу.

Бағалау критерийі

  • Мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды.

  • Талқылау сұрақтар құрастырады.

  • Жазба жұмыстарында қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін енгізеді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: шүрегей, естиярлық, қапыда, көнек, кеселге, қыршынынан т.б.

Диалог пен жазу үшін пайдалы тіркестер: менің ойымша, ... себебі, ....., Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ..., ... деген шешімге келдім, т.б.

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • өмір бойы оқуға дайын болу;

  • жауапкершілік;

Құндылықтарға баулу топтық, жұптық жұмыстарға бағытталаған тапсырмалар арқылы іске асырылады

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, тарих, география.

Алдыңғы білім

Оқушылар бұған дейін бала құқықтарының қорғалуы туралы ақпаратпен таныс, «Өрмекші торы» әдісі арқылы пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіреді. Бұл білім жаңа тақырыпты анықтауда оқушыларға көмектесе алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы –

10 мин.

Қызығушылығын ояту. Үй тапсырмасын тексеру.

С.«Өрмекші торы». Оқушыларға шеңбер бойында жіптің көмегімен өрмекші торын жасау ұсынылады. Торды жасауда жіптің бір ұшын бір оқушы ұстай отырып, жіптің оралған бөлігін келесі оқушыға «Баланың құқықтарын қорғау» және талғаулы салалас құрмалас сөйлем тақырыптарында сұрақтар қойып лақтырады.


Топқа бөлу.

Мозайка арқылы үш топқа бөлінеді. (Тулардың суреттері)

Сабақтың мақсаты және бағалау критерийі таныстырылады.


Өрмекші торын жасауға арналған жіп, 3 тудың суреттерінің қиындылары

Сабақтың ортасы –

20 мин.

Мағынаны тану.






























































































































































































5мин

Оқылым алды тапсырмасы:

Оқушылар зымыран сұрақтар арқылы тақырыпты болжайды: Болжау сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсыңдар, Шет жердегі қандастарымыздың туған жерге оралуы заңмен қорғалған ба?

  2. Балалар біз топқа тудың суреттерінің қиындылары арқылы бөліндік. Қалай ойлайсыңдар бұл тудың біздің сабағымызға қандай қатысы бар? /Ықтимал жауап/ Тақырыбымызға байланысты

  3. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болуы мүмкін?


ҚБ. Мұғалімнің ауызша бағалауы (жақсы, жарайсыңдар, өте жақсы).


Оқылым кезіндегі тапсырма:

«Аналитикалық оқылым» әдісі бойынша сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі көтерілген мәселені анықта.

Сұрақтар:

  1. Үзінді неліктен «Атамекенін аңсаған жанның тағдыры» деп аталады?

  2. Қарттың немересінің қайтыс болу себебі неде?

  3. Қарттың басты өкініші неде деп ойлайсыңдар?

  4. Ақсақалдың көкірегінде сақтаған арманы қандай?


Атамекенін аңсаған жанның тағдыры

Төлеутайы жетіге толып, мектепке барғаны бұл үшін үлкен мереке болып еді. Екі арқардың етін қазанға бір-ақ салып, маңайын шақырып той жасады. Иленген тау ешкінің терісінен немересіне әп-әдемі сумка жасап берді. Қашан үйреніскенше, мектепке өзі ертіп апарып жүрді.

Немересінің тілі қандай қызық. Зерек, әр нәрсені білуге құмар-ды. Қарттың есіне мына бір оқиға түсті. Бір жолы Төлеутайды таяу жердегі қарасуға үйрек атуға ертіп барған. Көктемгі құс келетін уақыт. Сол маңдағы шұқанақ көлдер мен Қарасуда шүрегей үйректер жыртылып айырылады. Шал бара салып екі үйрек атып алды.

Бір заматта қанаттары сартылдап, су жағасына жіпке тізген моншақтай бір топ қаз келіп қонды. Жол бастаушы көсемі қамшы салым бәрінің алдында жүр.

– Ата, мына қазды атайықшы, – деді Төлеутай қуанып. – Атшы анау алдында жүрген үлкенін.

– Жоқ, балам, бұл қаздарды атуға болмайды, – деді қарт басын шайқап. – Бұлар да жолаушы ғой, алысқа кетіп барады. Жолынан қалдырмайық.

– Алысқа дейсің бе? Қайда барады сонда? – деді Төлеутай таңырқап.

– Туған жеріне кетіп барады...

– Туған жері қайда?

– Алыста, сонау таудың ар жағында, – деп қарт, қазір өзі жатқан асуды нұсқап еді сонда.

Бала «түсіндім, онда атуға болмайды екен» дегендей, өзіне жараспайтын бір естиярлықпен ойланып қалған. Ақылы көп, зерек еді-ау, айналайын.

Әлгі қаздар бой жазып, суға қанып алды да, кешікпей аспанға көтерілді. Айналып ұшып, шарықтап көп жүрді.

– Әбден шарықтап, ана таудың деңгейіне көтеріліп алмақ, – деді қарт немересіне түсіндіріп, – аспандап алғасын терістікке қарай бір-ақ заулайды. Зайсан көлге, Қара Ертіске жеткенше қалай тоқтасын-ау, байғұстар! – Шал күрсінді.

Айтқанындай-ақ, қайтқан қаздар бұлардың төбесінен тағы бір айналды да, солтүстік қайдасың деп тартып берді. Қарт немересімен екеуі қаздар тобы көзден ғайып болып, аспан тұңғиығына сіңіп кеткенше кірпік қақпай қарап тұрды...

Сол немересінен қарт қапыда айырылды. Соңғы бірнеше жыл ұдайымен бұл өлкені жыландай жайлаған ашаршылық бұлардың қара лашығына ене алмай-ақ келіп еді. Маңайдағы ел аштықтан ісініп, көнек ауруына шалдығып, жаппай қирап жатқанда, бұлардың өзегі тала қоймаған. Қарт кәрі сүйегін сүйретіп, аң, құс атып әкеліп, аузыменен жем тасыған қарлығаштай немересін сақтап қалуға бар жанын салған. Көлденең кеселге килікпесе, Төлеутайын апаттан аман алып та қалатын еді. Бірақ амал қанша, құдай оған жеткізбеді ғой.

Бір күні атып алған қояны мен кекілігін арқалап үйіне келгені сол еді, мұны екі полицей тосып отыр екен. Ай-шайға қаратпай, шалдың қол-аяғын байлады да, арбаға отырғызып қалаға алып кетті. Мектепке кеткен немересіне де мойын бұрғызған жоқ. Тергеусіз, сұраусыз апарып түрмеге қамап тастады.

Бір айдай жауапсыз жатып қалды. Өзіне қандай айып тағылғанын да білмеді. Тек тергеуге әкелгенде ғана ұқты мән-жайды.

Бұған екі түрлі қылмыс таңылған көрінеді.

Біріншісі – «Аң аулағанды сылтау қылып, үнемі тау арасында жүреді екенсің. Бірнеше рет шекара бойына да жақын барып қайтыпсың. Сондағы мақсатың не?»

Екіншісі – «Сенде тығулы жатқан мылтық бар. Соны өкіметке тапсыруың керек».

Қандауырдай қадалған осы екі сұраққа жауап таба алмай, қарт түрмеде бір жыл жатты. Тек қыс өтіп, келесі көктемде ғана мұны қапастан босатты. Мылтығын тартып алып, аң аулауға тыйым салды да, бақылау астында ауыр жұмыс істеуге жіберді.

Алдында қандай қасірет күтіп тұрғанын бұл ауылға келгенде бір-ақ білді. Өткен қыста да ақ сүйек жұт болып, малдан тігерге тұяқ қалмаған. Адам шығыны да аз емес. Тірілердің қатары селдіреп, жотадағы зираттың қарасы молая түсіпті.

Қарт сол зираттың шет жағындағы кішкентай жас топырақты құшақтап, бір тәулік ессіз жатты. Өзі жоқта жалғыз жұбанышы – Төлеутайы аштыққа төзбей қыршынынан қиылыпты.

Жасы жетпіске келсе де, қайраты қайтпаған қарт сол күннен бастап күрт төмендеп кетті. Сақал-шашы бурыл ғана еді. Бір айдың ішінде аппақ болып тегіс ағарды. Ешкіммен сөйлеспей, мылқау кісіше жүрді де қойды. Қолқа-жүрегін біреу суырып әкетіп, құр қаңқасы ғана қалған сияқты. Мына жарық дүниенің бұл үшін пәлендей қызығы, мән-мағынасы қалмаған еді.


Диалог / қолдау арқылы саралау тапсырмалары:


А деңгейлі оқушыларға: Төлеутай кім? Отбасына не болған? Ол туған жеріне оралуды неше жыл бойы армандады?


В деңгейлі оқушыларға: Жазушы осы әңгімесі арқылы не айтқысы келді? Әңгіменің маңыздылығы неде? Туған жер топырағын аттаған қарттың сезімі, сағынышы, қуанышы қалай суреттелген?


С деңгейлі оқушыларға: Жазушының өмірі мен әңгіменің арасында қандай байланыс бар? Оның бөтен елге баруының себебі неде, не үшін барған деп ойлайсыңдар?


Бағалау критерийі:

  • мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды


Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.


ТЖ. Тапсырма. «Қос жазба күнделігі» әдісімен кестені толтырыңдар. Пікір білдіріңдер.


Шығармадан үзінді

Менің көзқарасым


Ата, мына қазды атайықшы, – деді Төлеутай қуанып. – Атшы анау алдында жүрген үлкенін.

– Жоқ, балам, бұл қаздарды атуға болмайды, – деді қарт басын шайқап. – Бұлар да жолаушы ғой, алысқа кетіп барады. Жолынан қалдырмайық.

– Алысқа дейсің бе? Қайда барады сонда? – деді Төлеутай таңырқап.

– Туған жеріне кетіп барады...

– Туған жері қайда?

– Алыста, сонау таудың ар жағында, – деп қарт, қазір өзі жатқан асуды нұсқап еді сонда


Жасы жетпіске келсе де, қайраты қайтпаған қарт сол күннен бастап күрт төмендеп кетті. Сақал-шашы бурыл ғана еді. Бір айдың ішінде аппақ болып тегіс ағарды. Ешкіммен сөйлеспей, мылқау кісіше жүрді де қойды. Қолқа-жүрегін біреу суырып әкетіп, құр қаңқасы ғана қалған сияқты. Мына жарық дүниенің бұл үшін пәлендей қызығы, мән-мағынасы қалмаған еді.



Дескриптор

  • шығармадан ұнаған бөлігін кестеге толтырады;

  • өз көзқарасын білдіреді.


ҚБ. Топтардың бірін-бірі бағалауы.

«Екі жұлдыз бір тілек».

Оқылымнан кейінгі тапсырма.


Бағалау критерий:

  • талқылау сұрақтар құрастырады.


ЖЖ. Тапсырма:

Берілген мәтін бойынша «Кестедегі сұрақ» әдісі арқылы көтерілген мәселені анықтаңыз. Көтерілген мәселелер бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.


Көтерілген мәселені айқындайтын сөйлем

Проблемалық сұрақтар

/Ықтимал сұрақ/

– Алысқа дейсің бе? Қайда барады сонда? – деді Төлеутай таңырқап.

– Туған жеріне кетіп барады...

– Туған жері қайда?

– Алыста, сонау таудың ар жағында, – деп қарт, қазір өзі жатқан асуды нұсқап еді сонда.

Тарихи дүрбелеңге байланысты басқа елге жер ауып кеткен қандастарымыздың, қазіргі кезде білім іздеп сол елде қалып қойып жатқан жастарымыздың іс-әрекетін қалай түсіндірер едіңіз?

Маңайдағы ел аштықтан ісініп, көнек ауруына шалдығып, жаппай қирап жатқанда, бұлардың өзегі тала қоймаған. Қарт кәрі сүйегін сүйретіп, аң, құс атып әкеліп, аузыменен жем тасыған қарлығаштай немересін сақтап қалуға бар жанын салған. Көлденең кеселге килікпесе, Төлеутайын апаттан аман алып та қалатын еді.

Немересі Төлеутайдың өлімінің басты себебі неде деп ойлайсыңдар?


Дескриптор

- мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;

- проблемалық сұрақтар құрастырады;

- дәлелді жауаптар береді.

ҚБ. Жұптардың бірін-бірі бағалауы.

« Бас бармақ»


С. Тапсырма: Мәтіннен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді тап. Қарсылықты салаластың қай түрі екенін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себептерін анықтаңдар.


Тапсырма арқылы саралау.

А тобындағы оқушылар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
2569
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі