400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

"Туған жерім - Қызылорда" Ашық Тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға туған жері туралы түсінік беру
Материалдың қысқаша нұсқасы


С.Лапин атындағы №261 орта мектеп








Shape1





Shape2












Сыныбы: 2 «З»

Сынып жетекшісі: Ембергенова Г.Т.








2018 – 2019 оқу жылы



Білім сабағының тақырыбы: Туған жерім – Қызылорда

Мақсаты: Оқушыларға Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру. Оқушылардың өз ойын ортаға салу дағдыларын жетілдіру. Балалардың жеке басындағы патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: билборд, шар, интертақта


Тәрбие сағатының барысы: 

1. Ұйымдастыру кезеңі

Гимн.

Психологиялық Ахуал

-Балалар, мен сендерге мұқият қарап алайын. Мен сендерді көп күттім. Көп ойланып, бүгін мектепке балалар қандай болып келеді екен деп көз алдыма елестеттім. Бірақ сендерге қарап қуанып тұрмын. Барлығың әдемі, сымбатты, ақылды қыздар мен жігіттер болып өсіпсіңдер.


Бүгінгі 2 «З» сыныбында өткелі отырған «Туған жерім -Қызылорда» атты білім сабағымызға қош келдіңіздер!

Балалар жадыраған жаз да аяқталып, жомарт күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-қыркүйек. Бұл ата-аналар үшін де,балалар үшін де, мұғалім үшін өте қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оқушылар үлкен сағынышпен мектептеріне оралып жатыр, сендер де қуанышпен 2 сынып табалдырығын аттап жатырсыңдар.Білімге талпынған балапандар қанаттарың қатая берсін! Білім күні құтты болсын!


Мұғалім: балалар, туған жерін сүймейтін адам жоқ. Тек өз сезімін әркім әр түрлі жеткізуі мүмкін. Суретшілердің тілі - бояу, музыканттардың тілі- музыка, ақындар өлең жырларымен жеткізеді.

Мұғалім: Балалар, адамның бақытты өмір сүруі Отанға деген махаббатына байланысты.

Олай болса, Отан дегеніміз не?
- Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан – сенің туған елің, туған жерің, дос – жарандарың, туған туысқаның. Отан - бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз.
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан Республикасы. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз жерін жаудан қорғап, бүгінгі ұрпақ, бізге жеткізді. Қазақстанда үлкен қалалар көп. Олар: Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Ақтау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Өскемен, Семей, Талдықорған. Бұлар – әдемі қалалар.
- Еліміздің астанасы қай қала?
Астана - Отанымыздың бас қаласы, астанасы. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астана қаласын қазір бүкіл ел біледі.
- Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?
Қазақстан - тәуелсіз, егеменді, көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндер және тағы басқа ұлттардың өкілдері тұрады. Олар тату - тәтті, бірлікте өмір сүріп жатыр.
- Қазақстан Республикасының президенті кім?
Мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Қазақ тілін білу - әрбір қазақстандық азаматтың борышы.


- Туған жер деген не?

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас » деген. Туған жер деген кіндік қаның тамған, туып-өскен жерің. Оған көрікті, қанша әдемі болса да, басқа жер жетпейді. Оның суы да, ауасы да бөлек. Туған жердің күні де, түні де ыстық.

-Біздің туған жеріміз қай қала?

-Қызылорда


Бейнематериал көрсету

-Ал балалар, мына бейнежазбадан не түсіндіңдер? Не көрдіңдер?


Қызылорда – Сырдария өзенін жағалай қонған елдің ортақ отаны, қасиетті мекені. Қызылорда қаласының алғашқы атауы Ақмешіт, одан кейін Перовск, Перовск қаласынан кейін қайтадан Ақмешіт қаласы болып өзгертілді

Қызылорда қаласы атауы берілген соң 1925-1929 жылдары Қазақстанның тұңғыш астанасы болды.


Қалада 1926 жылы 13 қаңтарда Қазақ драма театры ашылды. Денсаулық сақтау, білім беру орындары көбейді. 1938 жылы облыс орталығына айналды.

Байқоңыр ғарыш айлағы бар.Ұшқыштарды білемізбе?

Қорқыт ескерткіші Қармақшыда орналасқан.

Қызылорда қаласының іргесінің қаланғанына биыл 200 жыл болды.

Көрнекіліктермен таныстыру

Топтық Жұмыс

Мына Сыр сүлейлері аллеясына қандай өзгерістер енгізер едің? Ол үшін не істейміз№ ( гүлдермен, шарлармен, ағаштармен, құстармен безендіру)

Сурет бояу. Билбордқа жабыстыру

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Не үйрендік? Биыл қаламызға неше жыл толып отыр?Қандай көрікті жерлерді білесіңдер?

Бағалау- бармақпен

Өзімізге шапалақтап қояйық


Астана қаласы бүгінде халықаралық деңгейдегі танымал қалалардың бірі. Қазіргі таңда Қызылорда заманауи үлгідегі Астанаға қарап, бой түзеп келеді.

Бүгінде Қазақстан әлем назарында. Өзінің болашағымен үлкен үміт күттірген, жері бай, халқы бейбіт ел.


Қорытынды:
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
16 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
4297
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі