400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жерім - тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Миссия: Жоғары кәсіби құзыреттілігі бар мұғалімдердің тәжірибесін цифрлық технологиялармен ұштастыра отырып, білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сыни ойлау мен дербестігін қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие беруге бағытталған қолайлы білім беру ортасын құру.

Бөлім:

Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты:

Жаканбаева Райгуль Нурболатовна

Күні:

25.09.2026

Сынып: 6А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Туған жер-тұғырым. Екпіннің түрлері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары:

6.1.4.1 мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;

6.2.2.1.Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;

Сабақ мақсаты:

мәтіннің құрылымдық ерекшелігіне назар аударады, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;

Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды;

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезеңі / Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау (Дескрипторлар)

Ресурстар

І. Сабақтың басы







Уақыты: 0–7 мин

• Ұлттық құндылық: Туған жерге деген сүйіспеншілік, атамекенді қадірлеу.


• Апта дәйексөзі: «Ізденіс бар жерде даму бар».


Сыныпқа кірген бетте ChatGPT көмегімен дайындалған екі түрлі аудио тыңдатылады: біріншісі – робот дауысымен монотонды түрде оқылған мәтін, екіншісі – логикалық екпіні мен ырғағы сақталған көркем мәнерлі оқу. «Неліктен екінші аудио жүрегімізге жақын тиді? Екпін мен дауыс ырғағы сөз мағынасын қалай өзгертеді?» деген сұрақ қойылады.

Оқушылар екі аудионы салыстырып, екпін мен дауыс ырғағының маңызы туралы жұпта пікір алмасады. Апта дәйексөзін сабақ мақсатымен байланыстырады.

ҚБ: Ауызша мадақтау («Дөп байқау!», «Керемет салыстыру!»).

Интерактивті тақта, ЖИ аудио үзінділері.

ІІ. Сабақтың ортасы




Уақыты: 7–32 мин

• Ұлттық құндылық: Тілдің көркемдігі мен сөйлеу мәдениетін сақтау.

1-тапсырма (ЖИ және мәтінді талдау - 6.1.4.1):


Copilot арқылы жасалған «Туған жер – тұғырым» атты шағын мәтін ұсынылады. Мәтіннің құрылымдық ерекшеліктеріне (кіріспе, негізгі, қорытынды) назар аудара отырып, жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау тапсырылады.



2-тапсырма (Тәжірибе және топтық жұмыс - 6.2.2.1):

ЖИ генератор арқылы берілген екі үзіндіні салыстыру: бірі – ауызекі сөйлеу стилінде, екіншісі – көркем сөйлеу стилінде. Мәтіндердегі екпін түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) анықтап, ажырату тәжірибесін жасау.

Оқушылар мәтінді оқып, жетекші сұрақтар арқылы құрылымын талдайды және негізгі ойды анықтайды. Топта ауызекі және көркем стильдің айырмашылығын тауып, екпін түрлерін белгілейді.




Дескриптор:

-Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады — 1 балл.

-Жетекші сұрақтарға дұрыс жауап береді — 1 балл.

-Мәтіннің негізгі ойын дәл анықтайды — 1 балл.


Дескриптор:

-Ауызекі және көркем сөйлеу стильдерін ажыратады — 2 балл.

-Сөз екпінін дұрыс табады — 2 балл.

-Тіркес және логикалық екпінді сөйлемде орынды қолданады — 3 балл.

Copilot/ChatGPT мәтіндері, үлестірмелі карточкалар, маркерлер.

ІІІ. Сабақтың соңы




Уақыты: 32–40 мин

• Ұлттық құндылық: Туған жерге деген құрмет пен патриотизмді ұлықтау.


Презентация және рефлексия («Галереяға саяхат» + «ЖИ-диалог»):

Топтар өз жұмыстарын қорғайды. Оқушылар стикерге «Ізденіс бар жерде даму бар» дәйексөзіне сүйене отырып, бүгінгі сабақтан алған әсерін логикалық екпінді дұрыс қойып жазып, тақтаға іледі.

Оқушылар топтық жұмыстарды тамашалап, презентация жасайды. Рефлексия стикерлерін толтырып, өз ойларын ортаға салады.

ҚБ: Өзін-өзі бағалау («Жетістік баспалдағы»).

Стикерлер, бағалау парақтары.

Үй тапсырмасы:

  • Тапсырма: Туған жер туралы көркем стильде жазылған 4-5 сөйлемнен тұратын шағын үзінді тауып немесе ЖИ көмегімен жазып келу. Мәтін ішіндегі сөз екпіні, тіркес екпіні және логикалық екпін түсетін сөздерді түрлі түсті маркермен белгілеп келу. Апта дәйексөзіне («Ізденіс бар жерде даму бар») сүйене отырып, туған өлкені тану жолындағы ізденістің маңызы туралы 1 сөйлем жазу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
21.09.2026
46
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі