400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Туған жерім – аялы алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша интерактивті сабақты өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдама
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Туған жерім – аялы алтын бесігім (Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша интерактивті сабақты өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдама)

Мақсаты:

  • кіндік қаны тамған жерге, өскен ауылына, өңіріне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

  • туған тарихын қастерлей білуге, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды, табиғатты қорғай білуге, оны аялауға тәрбиелеу;

  • жас ұрпаққа жаңғыру жөніндегі ұсыныстардың маңы­зын терең түсіндіру;

  • Туған жерге деген сүйіспеншілікті Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұластыру;



Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері:  түсіндіру, шығармашылық жұмыс, сұрақ – жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, бейне жазбалар

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, интербелсенді тақтада Қазақстан туралы видеоролик көрсетіледі.

  1. Туған жерге арналған ән тыңдалады (Шаба Әденқұл -Туған жер)



Ал балалар бұл ән не туралы және орындаушыны білеміз бе? (студенттер жауабы тыңдалады). Ендеше бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауындағы туған жер бағдарламасына арналады.

  1. Кіріспе сөз:

Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған.

Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, елбасымыз «Туған жер» бағдарламасын ұсынды. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады.

Ал балалар бағдарлама неге «Туған жер» деп аталады? Кім өз ойын білдіргісі келеді?

Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.

Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі.

Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ.

Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті.

Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс.

Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады.


Келген өңірлерін негізге ала отырып студенттерді

1 топ Шығыс Қазақстан облысы

2 топ Оңтүстік Қазақстан облысы

3 топ Алматы облысы

топтарына бөлдім.

Бүгінгі тәрбие сағатымызда туған жерге саяхат жасаймыз. Әр топ өз өңірлерінің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері, әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені туралы сыр шертеді.

  1. Саяхатымызды киелі мекен қазақтың данасы Абай атамыз шыққан өңір Шығыс Қазақстан облысынан бастайық. Семей – Алматы бағытындағы ұшаққа отырғызуды диспетчер хабарлайды.

  2. Саяхатымызды жер аумағы 712,2 мың км2 алып жатқан киелі мекен Оңтүстік Қазақстан облысымен танысумен жалғастырамыз. (студенттер өздерінің туған жері туралы түсіндіреді) Шымкент–Алматы бағытындағы жүрдек пойызға отырамыз.

  1. Ертеден Жетісу деп аталатын қазақ жерінің әйгілі өлкесі Алматы облысымен танысумен саяхатымызды жалғастырамыз.

Өте жақсы құрметті студенттер. Сіздер өз өңірлеріңізді таныстырып саяхаттай келе бәріміз де Алматы қаласына келіп аялдадық. Оның себебі неде?

Оның себебі сіздер білім қуып Алматы қаласына келдіңіздер, сіздер үшін өмірдің жаңа бір кезеңі басталды. Бұл кезең - қызыққа толы тәтті шақ “студенттік өмір”. Дәл осы студенттік шақты көңілді, әрі болашақ үшін пайдалы етіп өткізу үшін және жан жақты тұлға болып қалыптасу үшін 77 жыл тарихы бар Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінің қосар үлесі зор.

«Алматы – жастар қаласы!»  деп бекер айтылмаған. Біз студенттік өмірде Алматы қаласының көрікті жерлерімен, мәдениетімен, тарихымен таныса отырып, Алматыны жаңа қырынан танимыз.  





Ү.38 СМЖ АМПК КСТ 11 1 Басылым



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі