400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Туған жерім- Қызылорда

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағаты сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 1 .09.2018ж

Тақырыбы: Қызылорда 200 жыл

Мақсаты:    Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту.

Көрнекілігі: Слайд, Қызылорда қаласының тарихы жайлы видеоролик, 2 жүргізуші:билборд, «Туған жерімнің келбеті» көрмесі, шар

1 жүргізушісі: Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар. Биыл еліміздің бас қаласы – Астана қаласының 20 жылдығымен тұспа тұс келіп отырған өзіміз мекен ететін Қызылорда қаласының 200 жылдығы аталып өтілуде. Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымызды


2 жүргізушісі: Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.

Ән дала - Қызылордам. Орындайтын Нұржан Рабиға


1 жүргізуші: Елім менің! Ол өз үйіңнің табалдырығынан басталады.Содан шетсіз,шексіз қияға өрлеп кете барады.Оның жұпар атқан жусаны,оның кеудеңе құйылған мөлдір ауасы,жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары- туған жердің көрінісі. Ендігі кезекте Қызылорда қаласының өткені мен бүгіні жайында видеоролик тамашалаңыздар.


2 жүргізуші:Туған жер - адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Мен үшін Отан - жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін жердің рухани бұрышы.

Ән «Өз елім». Орындайтын Бақытжан Нұртілек


2 жүргізуші:Талай қас батырлар жанын қиып,қорғап қалған,талай тіршілік иесі нәр алып жаралған,талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті туған өлкем- Қызылорда.

Әдеби монтаж . Оқушылар

Қызылорда қаласы

Болған бір кез астана.

Ал бүгінде құлпырып,

Өркен жайған жас қала.

Сұлу сырдың бойында

Жағажай да салынды.

Ми қайнатар ыстықта

Жадыратар жаныңды.

Сарқырама каналы

Жаңартылды қайтадан.

Оны дағы мен бүгін

Мақтанышпен айта алам.

Көше бойын жағалай,

Аспа шамдар тұр жанып.

Түнгі қала жайнайды

Күндізгідей нұрланып.

Сыр бойында осындай

Сәулетті бір қала бар.

Гүлзар бақта ойнайды

Шат - шадыман балалар



Қызылордам Сырбай Мәуленов

Қызылорда, жақынсың,

Алғаш сенде шықты үнім.

Өзің жайлап жатырсың

Жанның терең түкпірін.

Тер шұбырып маңдайдан,

Болғанда ел ақтабан.

Ауып алыс Торғайдан,

Әкем Сырға тоқтаған.

Кешікпей аз жылдан соң,

Өмір мені шақырды.

Сыр бойында туған соң,

Сырбай қойды атымды.

Аялаған бір сенсің,

Сенде өтпеді қай күнім.

Анкетама тіркелсін,

Жарлылығым, байлығым.

Ескі қамал болғанмен,

Қызылорда жас қалаң.

Алғаш соққан қорғанмен,

Сенсің, Қызыл астанам.

Ұмытпан Сыр жағасын,

Жаста өскен мекенім.

Бір кеудемде ағасың,

Торғайменен екеуің.

2 жүргізуші: Жаһанға тыңдатқан жүрек үндерін

Жаралған жұртының жаны жасыннан.

Осындай міне Сыр елім менің,

Барша қазақтың бағын асырған


1 жүргізуші: Осымен қаламыздың 200 жылдығына арналған «Туған жерім – Қызылорда» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз аяқталды.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.11.2018
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі