Материалдар / Туған жерім – тұғырым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған жерім – тұғырым

Материал туралы қысқаша түсінік
Өте керемет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
561
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Туған жерім – тұғырым

Мақсаты: Оқушыларды өз өлкесінің тарихын,мәдениетін, өз өлкеміздің тарихи тұлғаларының өмірін оқып үйренуге бағыттау.

Көрнекілігі: «Маңғыстау» энциклопедиясы, «Бекет ата», А.Өтегенов «Ақсұқсыр», М.Қосымбаев «Жанартау», Б.Қошанов «Боранқұл-берекелі мекен», баспасөз материалдары.

Барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі.

І. «Қомдану» бөлімі.

1.Қазақстанда қанша облыс бар? ( он төрт)

2.Теміржол станциясының атауы (Опорный)

3. Халық шаруашылығына еңбек сіңірген үшін Социалистік Еңбек Ері атаған алған ауылымыздың тұрғыны, ардақты ана кім? (Жанбөпе Мергенбаева)

4.Мемлекет қайраткері, халық жазушысы, жерлесіміз кім? (Әбіш Кекілбаев).

«Қанат қағу» бөлімі

1.Маңғыстау облысы , Бейнеу ауданы қашан құрылды? (1973ж 20 наурыз)

2.Маңғыстау облысы қай жерлермен шектеседі? Батысы-Каспий теңізі, Шығысы -Қарақалпақстан, Оңтүстігі -Түрікменстан, Солтүстігі- Атырау, Ақтөбе облыстары.

3.Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан Маңғыстаудың қай жері? (Қарақия ойпаты,132 м төмен).

4.Ауылымызға жақын жерде қандай тарихи мәдени ескерткіш бар? (Асалы - Көкетай күмбезі).

5.Бейнеу ауданы жеріндегі құрылыс үшін керекті құнды байлығымыз не? (Ақтас - ұлутас).

ІІ. «Қалықтау» бөлімі.

1.«Қарақұм» кеңшары қашан құрылды? ( 1964 ж ).

2.Ауылымызда алғашқы мектеп қай жылы ашылған ( 1964ж. «Қарақұм» мектебі).

3. Маңғыстауда ұйымдастырылған ең жас қорықты ата? (Үстірт қорығы - 1984 ж).

4. 1985 ж. қысқы боранда қоғам малын аман сақтап қалуда өмірін қиған кім? (Амандық Есбаев Алматы малдәрігерлік институтының курс студенті. Кейін ерлігі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды).

ІІІ. «Самғау» бөлімі.

1.1867 – 1868 жж патша өкіметінің реформасына, отарлау саясатына қарсы қай жылы Маңғыстауда ұлт - азаттық көтеріліс болды? ( 1870 ж).

2.1870ж. Маңғыстаудағы ұлт- азаттық көтерілістің басшылары кімдер? (Досан Тәжұлы, Иса Тіленбайұлы).

3.ХҮІІІ - ХІХ ғғ.Маңғыстау жерін жаудан қорғаған халық батырларының бірнешеуін ата? (Құлбарақ, Қармыс, Шотан, Сүйінғара, Қосай, Төлеп.т.б.).

4.Маңғыстауда өмір сүрген ақын – жыраулардан кімді білесің? (Абыл, Нұрым, Қашаған, Түмен, Мұрын, Сәттіғұл.)

ІҮ.«Шарықтау» бөлімі.

1.Маңғыстау мұнайы алғаш шапшыған күн ( 1961 ж маусым).

2.Бекет ата бірнеше жерден мешіт салдырған, соларды ата (Оғыланды, Бейнеу, Жем бойы - Ақмешіт, Арал теңізі жағасы - Баялы).

3.Маңғыстауда өмір сүрген «Адайдың жеті қайқысы» деген атқа ие болған кімдер? Өскенбай (руы Жанай), Жылкелді (Медет), Досат (Мая), Әділ (Кенже), Шолтаман (Майлан), Тастемір (Сүйіндік), Тұрсын (Қаржау).

4.Ұлы күйші Құрманғазының Маңғыстауға арналған қандай күйі бар? (Адай).

5.«Маңғыстау - майлы қиян» деген сөз кімнің шығармасынан? Шығарма қалай аталады, авторы?(Үш қиян». Мұрат Мөңкеұлы).

«Адай». Ш.Әленұлы; «Адай» күйі Құрманғазы; «Ұшады Маңғыстаудан шағалалар» әні;


Ү. Қорытындылау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!