Материалдар / Туған жерім менің алтын бесігім

Туған жерім менің алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өз елін жерін, қорғап, ұлтжанды патриот сезімі ұялаған. өз ойын көркем толық жеткізе алатын тұлға ретінде қалыптастыру . Елінің жерінің табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сыныбы: 6 « А »

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған жерім менің алтын бесігім"
Тәрбие сағатының мақсаты:
А) Білімділік: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,  туған жерінің тарихын  білуге, туған  жерін қастерлей білуге тәрбиелеу;
 
Ә)  Тәрбиелік: Оқушыларды өз елін ,жерін қорғап оны ойлай білетін ұлт жанды, патриот сезімі ұялаған, өз ойын  көркем толық жеткізе алатын толыққанды жеке тұлға ретінде қалыптастыру;
 
Б)  Дамытушылық:  Оқушыларды  туған жер  тарихын ұғындыра  отырып, елін, жерін, табиғат байлықтарын қорғай білуге үйрету.
Сабақ көрнекіліктері: плакаттар,слайд.


Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру

                             2.Кіріспе

                             3.Негізгі кезең

                             4.Қорытындылау

1.Ұйымдастыру: оқушыларды  түгелдеу,  жаңа  сабаққа  назарын  аудару.

2.Кіріспе
     
1- Жүргізуші: Кіндік қаның тамып, туып-өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
   
2- Жүргізуші:    Егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, ел қорғаған батыр бабаларымыз бен аналарымыздың бізге қалдырған аманатындай туған елімізді қорғау, нығайту – бәрімізге парыз.

                 

1-Жүргізуші:  Сондықтан бүгінгі 6 А сынып оқушыларының « Туған жерім менің алтын бесігім » – деп аталатын тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер


2-Жүргізуші:   Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің
                       Жаным сенен жаратылған өлкемсің
                      Қандай жақсы, қазақ болып туғаным
                      О, туған жер! Тамашасың, көркемсің дей келе ашық тәрбие сағатымызды ары қарай жалғастыру үшін сыныбымыздың оқушыларына   сөз берейік.


Хор «Атамекен»

1-оқушы.
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.


2- оқушы.
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!

3- оқушы.
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.

4- оқушы
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.

5 оқушы

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!


6 оқушы

Қазақстан аталады Отаным,

Мен отанын сүйетұғын ботамын.

Әрбір адам еңбек ету арқылы,

Көркейтеді, құрметтейді Отанын.


1-Жүргізуші:

Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы, - деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен.


2-Жүргізуші: Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар дей келе Мақсутов Жасулан мен Аман Зауре орындауындағы әнді қабыл алыңыздар



1-Жүргізуші: Ата-бабамыздың өткен жолына біраз шолу жасап қарасақ, «Не деген дархан ел, не деген төзімді де қайратты ел, не деген батыр да батыл менің елім!» деп көңілің көкке көтеріледі.







2-Жүргізуші:

6 сынып оқушыларының көрінісін тамашалаңыздар
(Аяғын ақырын басып Ата шығады. Орындыққа келіп, демалып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі шығады).
Немересі:Ата, не ойлапотырсыз?
Атасы: Ә, балам, атаң не ойламайды дейсін! Сенің болашағынды ойлаймын. Еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын, қуанамын!
Немересі:Ата, «өткен өмір» деген не?
Атасы: Ә, балам, «өткен өмір» деген сонау ежелгі бабаларымыздан бергі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі:Олқандайболған?
Атасы:
Ендеше тыңда, балам, атаң бір сөйлесін:
Болмаса да оқыған тарихшы атын,
Жинадым ескілерден тарих хатын.
Мақсатым – кейінгі ұрпақ ұмытпаса,
Айтылған аталардың аманатын.
Есімі еш адамның өшпейді екен,
Артында ұрпақ жүрсе өздерінде,
Ұмыттырмас «Жетіатасын» парыз екен,
Бұрыңғылар ұрпақтың қамын жеген.
«Білмеген жеті атасын жетесіз» деп,
Өткендерін қалай да білесін деген.
Сондықтан, балам, сен де өз тарихынды, жеті атанды білуге тиіссің. Сонау ерте кезде біздің ата - бабаларымыз 29 қазақ руының басын қосып, халық болып қалыптасуының негізі болғаннан басталмай ма бұл тарих?

Немересі:Ата, туған жер деген не?

Атасы:Балам туған жер деген сенің туған өлкең, ойнап өскен ауылың, кіндік қаның тамған жер. Сен туған жеріңді аялап, көз қарашығындай сақтауың керек.

Немересі: Ата, мен түсіндім, мен туған жерімді жақсы көремін, Қазақстанымды ешкімге бермеймін, оны қорғайтын азамат болып ер жетем.

Атасы: Жарайсың, балам.


1-Жүргізуші:Туған жер жайлы жыр да, қара сөзбен жазылған шығармалар да әрбір халықтың әдебиетінде молынан кездеседі. Біз әр қазақ халық туған жерін ардақ тұтып анасындай қастерлейді, - дей келе сыныбымыздың оқушылары Мақсұтов Жасұлан мен Аман Зауренің орындауындағы «Туған жер» әнін тамашалаңыздар

2-Жүргізуші:Айпырай!Туғанжер-ай!
Теңдесер кім
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім.
Кіндігімді байлаған қазығым –ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім. Ал енді оқушаларға сөз береміз


7 оқушы :Ұлан-байтақ Қазақ Елінің барлық өңірлері сияқты Маңғыстау өңірінің де кәрі тарихы өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады.Аймақтың көне тарихының терең болмағы, оның топырағында, жел жеп, уақыт мүжіген тау-тасында

8- оқушы арғы замандар жәдігерліктерінің жұқаналары жататыны, өзегі ақиқаттан өрбіген небір асыл аңыз-әфсаналар жұқаналарының осы өңірді атажұрт деп таныған, сүйген, қастерлеген бүгінгі ұрпақтың санасынан өшпейтіні содан: Қарасу жері тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы Өткел іспеттес.

9- оқушы Сонымен қатар, Қарасу жері мақтан тұтуға тұрарлық өңір, осындағы жаны сергек, жүзі жылы, күш-жігері мол жұртшылықтың атамекені.


2- жүргізуші : Қорқыт әруағы қозған,

Қобыз қиялымнан озған

Шежіре шер артады

Өнердің алды аспаны

Қобыз дүниенің шегі

Қорқыт тәңірімнің тегі – дей отыра сыныбымыздың оқушысы Жолдасов Еркебұланды ортаға шақырамыз

1-Жүргізуші: Әрі қарай сіздерге Отан тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді ұсынамыз.


10- оқушы

Туған жерге туың тік.

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

11- оқушы Акқу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды. 
12- оқушы Ит тойған жеріне, 
Ер туған жеріне.

13- оқушы Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің. 
14- оқушы Туған жердің торғайы: тұрымтайдай көрінер, 
құлыны тайдай көрінер, қыздары айдай көрінер.

15- оқушы Туған жер — тұғырың, 
Туған ел — Қыдырың.

16- оқушы Кісі елінде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол. 

17- оқушы Жалықтырса ұзақ сапар, жат мекен 
Туған елдің түтіні де тәтті екен.



2-Жүргізуші:«Отан оттан да ыстық», - дейді халқымыз. Егер сол Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді, ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.








1- жүргізуші Біздің туған өлкеміз – кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – біздің ақ бесігіміз. Сондықтан да біз оны ардақтаймыз. Шексіз сүйеміз. Әрқашан аялап, қорғап жүреміз. Ортаға « Көк тудың желбірегені » әнімен сыныбымыздың оқушысы Амангелді Әділетті шақырамыз.


2-Жүргізуші: Ашық тәрбие сағатымызды төмендегі Ж.Аймауытовтың сөздерімен қорытындыласақ:

18- оқушы Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған елдегі адам қайдан білсін?

19- оқушы Туған жердің қадірін алыс жерге ұзатқан, ұзатқанына әлде талай жыл өткен қыз білмесе, кім білсін?

20- оқушы Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, шет жайлап, кітап қарап сарылып, көзінің майын тауысқан, көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе, кім білсін?

1-Жүргізуші

Біз бақытты баламыз

Өсіп өніп аламыз

2030 жылдары бізде азамат боламыз –деп тілек тілейік

2-Жүргізуші:

Аспанымыз ашық болсын

Көк туымыз биік болсын

Әке шешеміз аман- болсын

Деніміз сау болсын

Еліміз тыныш болсын

Осы тілектеріміз қабыл болсын


Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі мереекелік іс- шарамыз өз мәресіне жетті. Аман- сау болыңыздар !!! ( Бірге )

























17 Желтоқсан 2017
556
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі