400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Туған жерім-тұғырым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Отан – әр адамның туып өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын атамекені. Ауылым деп соққан әрбір адамның жүрегі ең алдымен өзінің туған жерінің тарихын,құндылықтарын білуі керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТУҒАН ЖЕРІМ ТҰҒЫРЫМ

Толепбергенова Арайлым Акаевна

Алматы облысы, Райымбек ауданы,Сарыжаз орта мектебі.

Тарих пәні мұғалімі


Отан – әр адамның туып өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен

бірге тұратын атамекені. Ауылым деп соққан әрбір адамның жүрегі ең

алдымен өзінің туған жерінің тарихын,құндылықтарын білуі керек деп

ойлаймын. Ауыл –ата-бабамыздың өмірге келіп, кіндік қаны тамған, маңдай

тері төгілген киелі мекен. Ананың әлдиі, аялы алақаны

қандай қымбат болса, ауыл соның негізгі ұясы. Ауыл қазақтың

алтын бесігі. Сұлу сөз өрнектеген ақын, ән тербеген

сазгер, қызыл тілді шешен, ел қорғаған қарапайым ауылдың қара

шаңырағынан шыққан. Біз үшін туған ауылдың ұлтарақтай жерінің өзі

қымбат қазына. Ауыл – сол жерде өмір сүрген барша халықтың шежіресін

жазып беретін мәнгілік кітабы. Өзінің туған

жерін жан жүрегімен сүйіп, сырын ұғып өскен ұрпақ ғана ұлттық пердесін

сақтай алады деп ойлаймын. Ақиық ақын Мұқағали Мақатаев «Туған

жерге» деген өлеңінде:

Таныс өлке,

Таныс аймақ,

Таныс маң:

Анау жерде - құрбылармен алысқам,

Анау жерде - құрбы жанмен табысқам.

Алба-жұлба ақша бұлттар жарысқан,

Таулар әне, ұйықтап кеткен данышпан,

Жолдар анау, шұбатылып шаңы ұшқан,

Таныс өлке, таныс аймақ, таныс маң.

Шабындықтар,

Егістіктер,

Тоғайлар.

Төбелердің төбесінде - көк айдар.

Ақ сағыммен араласып, аулаққа,

Сағым болып бара жатыр көп ойлар.

Бір тынбайды шегірткенің шырылы,

Жел қозғаған ақ шилердің сыбыры,

Бәрі таныс - кісінеген құлыны

Ін аузында шаңқылдаған суыры.

Айналайын!

Атамекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен!

– деп туған жерге деген ыстық сезімін жырға қосады.

Міне, осындай туған жерге деген махаббат әрбір адамда болуы керек.

Туған жер -бұл сөздерді естігенде ,жан-дүниеңе ыстық сезім ұялайды.

..Туған жердей жер болмас ,туған елдей ел болмас .. деген қанатты сөз

бар.Шынымен де , туған жердің әрбір тау мен тасы өзені мен көлі ,ауасы мен

топырағы бәрі де адам үшін ыстық болады.Адамның туған жері көзге

жылы,көңілге ыстық көрінедіТуған жеріңе сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе

алмайсын. .Адам баласы туған жерін ешқашан ұмытпайды. Менің туған жерім

мен үшін өте қымбат.Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып ,бақытты

өмір сүріп жатырмын.

Отан –әр адамның туып өскен жері,туған-туыстарымен,жақындарымен

бірге тұратын атамекені екені белгілі..Шұрайлы Нарынқол өңіріне жолаушылап

барған әрбір адамның ең алдымен Сарыжаз ауылына соғатыны анық.

Бұл жер екі аудан қосылмай тұрған шақта Нарынқол аймағының қақпасы

деп атайтын еді.Келген адамды күтіп алып,кетіп бара жатқан адамды шығарып

салатын жер осы өңір.Кегеннен өте сала Мұқағали ақын тарихын жазған

«Маруся» тауының кезеңінен көтерілгенде алдыңыздан жарқырап кең жазира

жасыл алқап менің туған жерім көрінеді. Сарыжаз - Тянь-Шаньның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы жота.Батыстан соққан жусан иісті самал жел

жаныңызды жадыратып, бойыңызды сергітеді.Лабасы тауының ұшар басында

жаздың аптап ыстығында да,аппақ болып қар жатады.

Тау сілемдері Мыңжылқының қапталдарымен жалғасып жатыр. Қарқара

көтерілісі болған жер менің туған жерімнен онша қашықта емес.Таудан құлап

аққан Мұраталы өзенінің екі қапталындағы көк майсадан, табиғаттың

көркемдігінен көз ала алмайсың.Лабасының батысында төрт түлікке толған

Қабанды сайы жатыр. Беткейлерінде биік тау шалғындары өседі. Тау

бастарында бірнеше мұздықтар бар.Шөптің,гүлдің жүздеген түрі бұл жерді

алғаш көргендердің аузын ашып,көзін жұмдырары анық.Ауылымда қыс

айының өзінде төрт түлік малдың жұтағанын ешкім көрген емес.Жаратқан

иеміздің өзі пендесі үшін бәрін дайындап қойғандай.Тіпті кей жылдары

болатын «қуаңшылық» деп аталатын табиғат құбылыстарының өзі бұл жерді

айналып өтетіндей.

Басы аспан мен тірескен Лабасы тауы шын мәнінде «Іле басы» деген

сөзден шыққан дейді. Ұлы өзеннің бастауы болған тұс қандай тегін

болсын,қасиетті ғой қасиетті.

Менің ауылым - тұрғыны көп аумағы үлкен ауыл. Сарыжаз ауылының

шығыс жағы Хасенбай сайы.Мүсінші Құрақпай Егізбаев сомдаған Райымбек

батырдың қоладан жасаған ескерткіші қыр басында намыс туын көтергендей

асқақтап тұр. Қазіргі кезде ескерткіш маңынан өткен әрбір адам батыр бабаның

рухына тағзым етпей өтпейді.Егер Мұқағалиды Райымбек бабамыздың төл

ұрпағы десек адамдар батыр мен ақынды қатар еске алулары заңды ғой.

Сонымен қатар бүкілодақтық кинофестивальдің лауреаты,Қазақстан

Киномотографистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының

қайраткері,актер әрі режиссер Болат Қалымбетов те біздің ауылымыздан

шыққан мақтанышымыз. Әрбір бала осы Болат ағамыз сияқты болуды

армандайды. Болат ағай 6-сыныпта жүргенде –ақ белгілі режиссер Абдолла

Қарсақбаевтың жергілікті жазушымыз Бердібек Соқпақбаевтың «Балалық

шаққа саяхат» повесі бойынша түсірген фильмінің басты кейіпкері –Бектасты

ойнаған екен.Болат ағамыздың фильмдері ауыл өмірінен сыр шертеді,әрбір

адамның жүрегіне жақын екенін айта кеткенім жөн болар. Осы ағаларымыз

сияқты мектепте жүрген әрбір жас жан-жақты ,өнерлі білімді болуы керек деп

ойлаймын. Менің ауылымда мақтанышпен айтарлық ауыл ағалары жеткілікті.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан

тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.

«Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз

бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші

міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп

ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген.Елін жерін қорғауда ерен

ерлік көрсеткен Райымбектей бабамызды мақтан тұтамыз. Өз елі үшін жанын

да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен

тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да

ыстық.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қараша
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі