400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Туған күн кеші.Тақырыбы"Сайқымазақ бізде қонақта".

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материял туған күн кешіне арналған.Яғни балалардың көңілдерін көтеру мақсатыңда ұйымдастырылған кеш.
Материалдың қысқаша нұсқасы



«Туған күнің құтты болсын, балақай!»

Мақсаты:Жақсылық, қуаныш ұғымдары туралы түсінік беру, күз айларында

дүниеге келген балаларды туған күндерімен құттықтау.Балаларға мерекелік көңіл-

күй сыйлау.

Тәрбиеші:Армысыңдар құрметті ата-аналар, бүлдіршіндер!

(Сәбидің жылаған үні естіледі.)

Бір бала атқа мініп «Сүйінші, сүйінші дүниеге сәби келді!» деп айқайлап

сүйінші сұрайды.

Тәрбиеші:Күннің көзі ашылып,

Көкте шуақ шашылып.

Дүниеге сәби келіпті,

Ортамызға еніпті.

Шырқалып әуен той бастар,

Тегін емес думанды үн.

Жиналдық барлық шын достар

Өйткені бізде туған күн.

Ендеше сол қуаныш иелерін әуенмен ортамызға қарсы алайық.

(Мансур,Дильнара, Әсемгүл, Дәулет, Нұржан ортаға шығып отырғышқа отырады.)

Тәрбиеші: Туған күн дүниені таныған күн,

Күннен-күнге сөздерін анық-анық.

Ата, апа былдырлап тілін шығып,

Жастан-жастан қадам басып,

Үлкен болған күнің.

Алихан: Бүгін сенің туған күнің

Бетіңді мөлдір сумен жуған күнің.

Қадірлейміз әр жылда бұл күніңді,

Құтты болсын, құтты болсын туған күнің.

Ердәулет:Толысады ойымыз,

Азаяды ойынымыз.

Өйткені біз күн сайын

Өсіп келе жатырмыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі туған күндерің құтты болсын!!!

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын,

Аспанда мәңгі тұрсын күн мен айың.

Келешек өміріңе бақыт тілеп,

Туған күн мерекеңмен құттықтаймыз

Назерке: Еркін күліп ойнаймыз,

Ертеңдіді ойлаймыз.

Достарымызды қадірлеп,

Туған күнін тойлаймыз.

Ұлттық ойын: «Қамшы алу»

Әсемгүл:Бес жаста едім бұрын,

Алтыдасын деді бүгін

Туған күнім бола берсе,

Үйге достар тола берсе.

Дәулет:Туған күнім менің бүгін,

Күліп жүрмін, күліп жүрмін.

Достар түгел келіп жатыр,

Сыйлық әкеліп беріп жатыр.



Мадина:Қандай жақсы туған күнің болғаны

Әр жыл сайын бір жасқа адам толғаны.

Көк төсінде жұлдызымыз жайнайды

Көңіліміз көтеріңкі, жайдарлы.

Сайқымазақ:Қандай көңілді мереке. Туған күндерің құтты болсын!

Менімен ойын ойнайсыңдарма?

Ойын:«Кім шапшаң?»

Би:«Сылдырмақ».

Дильнара:Көңілде көп қуаныш

Әр көңілде жақсылық.

Айтамыз біз көп алғыс,

Құтты болсын мереке!

Жанайдар:Туған күннің шаттығы

Асқақтатып біздерді.

Бақша толды әуенге

Қызықтырып біздерді.

Ойын:«Су тасу»

Ән:«Ойыншықтар»

Дильнара:Өлең жаттап келеміз,

Биде билеп береміз.

Гүл сыйлаймыз бәріміз

Айтқаныңа көнеміз.

Бақшаға біз барамыз

Кітап сатып аламыз.

Сенің туған күніңде

Қосылып ән саламыз.

Мерей:Жиналамыз біз жылда

Сенің туған күніңде

Би билейміз жыр жырлап,

Сен тұрасын күлімдеп

Өзіңменен мақтанып.

Ата-ана, достарын,

Қуанады шаттанып

Қосылып бір бастары.

Ерасыл:Ата-анаңнан аумайсын

Айтқан тілін алғайсын

Үкілеген үміті

Сен бақытты болғайсың.

Дәулет:Жастан-жасқа жете бер

Оқып еңбек ете бер.

Елін сүйген елеулі

Азамат боп өсе бер.

Тәрбиеші: Балалар, бәріміз бірігіп тағы бір ойын ойнайық.

Дид.ойын: « Кімнің досы көп? »

Шарты: Балалар достарының атын айтады. Кім көп адамның атын атаса, сол жеңімпаз болады.

Би: « Күлдіргіштер »

Енді туған күн иелеріне алған сыйлықтарымызды лебіз айтып береміз.

  • Денің сау болсын!

  • Ұзақ өмір тілеймін!

  • Сау бол!

  • Ойыншығың көп болсын!

  • Бүгін өте әдемісің!

  • Туған күніңмен!

Тәрбиеші: Бүгінгі туған күн иелерін құттықтап, кешімізді аяқтаймыз.











Shape1










Тәрбиеші:

Куснетдинова М.Қ












2017 - 2018 жыл














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
1126
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі