400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Туған күніңмен, балақай!" мерекелік ойын сауық

Материал туралы қысқаша түсінік
жас мамандар, студенттер, оқушылар үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖШС«БалДәуренШақ» балабақшасы









Мерекелік ойын сауық

Тақырыбы: «Бүгін бізде туған күн»









Тәрбиеші: Усайнова А.С











Алматы қаласы, 2020-2021 оқу жылы










Тақырыбы:
«Бүгін бізде туған күн»
Мақсаты: Тәрбие жұмысында мерекелер туралы ұғымдарын кеңейту. Туған күнді мереке ретінде жағымды қабылдай білуге үйрету, жақсы тілек айтуға дағдысын дамыту.Балаларды адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Балабақшада туған күнді өткізу.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелесу, ойындар,
тақпақтар, өлеңдер айтқызу.
Құтты болсын шаттық туған күнің
Сен өмірге келген күн мына бүгін
Есігін бұл дүниенің өлеңдетіп
Ашқан күнің, іңгәлап жатқан күнің!
Адам өміріндегі аяулы сәттердің бірі жарық дүние есігін ашып осы өмірге келген күні туған күн деп аталуы да осыдан шығар. Кешегі кішкентай сәбилеріміз бүгінде ер жетіп, бой жетіп, біздің балабақшамызда тәрбиеленуде.
Ендеше сол қуаныш иелерін әуенмен ортамызға қарсы алайық!
Құтты болсын, туған күнің бүгінгі
Азамат боп өсіңдер қорғайтын еліңді
Арнаймыз ән - жырдың барлығын
Құттықтап біз бүгін сіздерді

Жүргізуші:

Құттықтау мен сыйдың
Иесі мынау гүлдің
Айтыңдаршы балалар
Туған күні кімнің
Балалар бүгінгі туған күн иелеріне тағыда бір қол соғып, қошемет көрсетейік!

Жүргізуші: Ендеше балалар бәріміз бірге туған күн иелерін құттықтайық, кәне бәріміз бірге «Туған күндеріңмен!» деп 3 рет 3тілде айтайық.
Туған күн иелерін құттықтауға тілек айтуға ортаға шақырайық.
Музыка әуенімен залға Сайқымазақ көңілді кіреді, қолында шарлары бар:
– Ой, мұнда не болып жатыр, неге бәрің әдемі көңілдісіңдер, бәрің қуаныштысыңдар ғой?
Балалар:
- Бізде туған күн болып жатыр.
Сайқымазақ:
- Ой қандай керемет менде туған күн тойлағым келеді, менде сендермен болайыншы.
Жүргізуші: Балалар, Сайқымазақты қосамыз ба?
Балалар: иә

Жүргізуші: Олай болса, қош келдің Сайқымазақ, Кел бізге қосыл, біздің балалармен бірге ән айтып, бірге би биле.
Ән «Бүгін сенің туған күнің»

Бүгін сенің туған күнің
Бетіңді мөлдір сумен жуған күнің
Қадірлейміз әр жылда бұл күніңді
Құтты болсын, Құтты болсын туған күнің

Жайнасын өмірлерің әр күн сайын
Аспанда тұрсын күн мен айың
Сайқымазақ: Ой қандай өнерлі балалар, маған сендердің әндерің ұнады. Енді сендермен бірге ойын ойнағым кеп тұр.
Ойын «Кім жылдам»

Сайқымазақ: Рахмет, балалар, қандай керемет ойнайсыңдар, менің көңілім көтеріліп қалды.

Ән: «Туған күн»
Жүргізуші
: Балалар, бүгін біз туған күн иелеріне арнап тілектерімізді айттық, енді тақпақтарымызды айтайық.
Балдай тәтті баламыз
Ақылдымыз данамыз
Туған күнін достардың
Бірге қарсы аламыз

Туған күнін достардың
Зор қуаныш көреміз.
Ортаға алып би билеп.
Ән де салып береміз

Туған күнді тойлаймыз.
Қызықты ойын ойнаймыз.
Қолдан жасап ойыншық
Досымызға сыйлаймыз

Туған күнің құтты болсын балақай,
Қуаныш пен шаттық бағын аралай,
Ата - анаңның сүйікті ұл мен қызы боп,
Алдарыңнан ақ күн тусын арайлай.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.03.2021
1033
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі