Туған өлке болашағы жайлы
арманым
№54 негізгі
мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Қайроллаева Гүлнұр
Мүслімқызы
Менің туған өлкем – алтын
бесігім. Сірә, туған өлкенің адам өмірінде алатын орны ерекше, әрі
киелі ұғым. Туған өлке, туған ел деген екі ғана сөзде қаншама
мағына, қаншама ой жатыр десеңізші?! Туған өлкенің қадірін әр адам
әрқалай түсінеді. Менің өлкемнің қадірі дүниедегі ең ұлы деген
нәрсемен пара-пар. Себебі, ол – сенің әлпештеген анаң, аялап
өсірген әкең, туған-туысың, аға-әпкең, сені білім жолына жетелеген
ұстаздарың, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора
- жолдастарың дүниеге келген жерің, қызыққа толы өткен балалық
шағың, туған ауылың ауласы. Әр адам елінің өткені мен болашағын
байланыстыра алады. Нағыз балалық шақтан бастап адамзаттың отанына
деген сезімі оянады. Туған өлке дегеніміз не? - деген сұрақ
туындайды. Туып өскен жер ме, мәдениет пе, әлде ол үйренген орта
ма? Әрине, «орта» деген сөзге көп нәрсе кіреді. Қазақ жерінде туса
да, туған бетте шетелге кетіп қалған бала, туған елін отаным деп
санамайды. Өйткені, туған өлкесінде
өспегендіктен, оған деген ыстық сезім туындамайды.
Адамзат өмірінде адам болып туғаннан кейін қазақ жерінің азаматы,
баласы болып туу үлкен мәртебе. Олай болса, туған елге деген
патриоттықтың алғы шарттары менің пікірімше «Менің елім Қазақстан,
мен отанымды сүйемін, мен қазақпын» деген сөздерді айтудан бастау
алады. Бірақ, көп адамдар «сүйемін деп» айтуға үйір емес. Біз
отанымызда өмір сүріп жатқан кезде отан «Отан оттан да ыстық»
дегенге мән бермейміз. Ол үшін адам баласы жанын беруге дайын болуы
тиіс. Біз тек өзіміз аман есен, жақсы өмір сүріп жатсақ, жақсы
тамақтанып, жақсы киінсек, мінер көлігіміз жылы, ыңғайлы, жайлы үй
болса, барлығы болса — деп өмір сүреміз. Алайда, отан деген осы
айтылғандардан мүлде басқа нәрсе екенін, өмірден де артық зат
екенін әр азамат сезіне бермейді. Екіншіден, әр қазақ азаматтарының
әскери борышын өтеу арқылы одан көп нәрсе үйренуден, отанға деген
құштарлықтан, отан деген сөздің түп - төркінін білуден, Отанын құрметтеуден, қорғаудан басталады. Кез
келген уақытта Отан
үшін жанын беруге дайын екенін түсінуден тұрады.
Қазақтың болашағын жалғаушы ұрпақ ретінде «менің
өлкем»
мен сен үшін әрқашан бас тігуге дайынмын, мен сені сүйемін деп
үнемі айтып жүру патриоттыққа баулиды. Біздің ата
- бабамыздың тарихта ұлан
ғайыр жер қалдырып кеткенін бағалау парыз. Оның
байтақ даламен де дәлелденетінін естен шығармау керек. Патриоттыққа
көшпелі қазақтың салтын санасын сақтауда кіреді.
Бүгінгі қоғамда патриоттықты
сезіне алмайсың, патриоттар санаулы, патриоттыққа келгенде
жасандылыққа жол берілуде. Бұл
патриоттықтың шарттарын жоғалтудың белгісі. Міне өмір, табиғат,
жер, туған өлкесін дұрыс пайдалану, қорғау және т.б. келгенде нағыз
ғылыммен есептеп өмір сұру керектігін талай ғалымдар айтуда. Бұл
пікірге санасу қажеттілік. Қазақтың көшпелі өміріндегі
салт - санасы арқылы келген мінезде отанына деген
патриоттық оянатынын көбісі сезіне бермейді.
Ақын, жазушы,
философ ғылымдардың ел туралы жазған өлеңдері
адам баласын толғатпай қоймайды. Мысалы, туып
- өскен жері туралы толғанып, ой жетегіне берілген
Авар елінің нағыз патриот ақыны Расул Ғамзатовтың мына бір
шумақтары ойға оралады:
Қымбат маған елімнің бар
даласы,
Балтық пенен Сахалиннің
арасы.
Қайда болсам қиям оған
жанымды,
Туған жерден қазсын бірақ
қабірді» деген екен.
Туған елге, туған жерге, туған тілге деген ыстық сезімнің үздік
үлгісі мен үшін осындай болмақ. Туған өлке туралы ой толғасаң, жан
толғанысын айтып тауыса алмассың, сірә. Осындай патриоттық
мінездерге қоғамды баулу керек.
Менің туған өлкем Ақтөбе
қаласы, Әйтеке би ауданындағы, Қайрақты селолық округі орталығында
орналасқан Талдық ауылы. Өзіндік атауы да табиғаты да ерекше жердің
тарихы да қазыналы болмақ. Ал, менің туып өскен ауылымның сан
ғасырлық тарихы бар жер. Әрбір адам киелі бақ мекенінің торқалы
топырағын басып, жұпар ауасын жұтып, кәусар суын қанып ішу арқылы
сол елдің, яғни туған жерінің,өскен елінің қадір - қасиетін сезініп
өседі.
Менің туған жерім, өскен өлкем - талай тарландар мен мықтыларды,
батырлар мен билерді, әнші, күйші, ақындарды өмірге әкелген
қасиетті де дархан Талдық. Дәл осы ауылда шат - шадыман, уайымсыз,
қайғысыз, балғын балалық шағымның әдемі сәттері өтті. Кім болса да
өз туған жерінің даңқымен, табиғатымен, келбетімен мақтанады емес
пе? Менің Талдығымның да абыройы абзал азаматтардың есімімен, көз
тартар келбетімен айшықталып, асқақтап тұрады. Тіпті, мен жүгіріп
ойнаған аула мен көшелердің әсем көркі көз тартады. Ел ағаларының
ерен еңбегінің арқасында туған жеріміз көркейіп, кемелденуде.
Көшелер абаттандырылып, түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай
- ақ көктем сайын көшелерге талдар отырғызылып, гүлдер өсірілуде.
Бұл әрекеттің барлығы табиғатқа, табиғат арқылы адамзатқа жасалып
жатқан құрмет деп білемін. Біздің ауылдың атауының өзі ерекше.
«Талдық» деуінің себебі бұл өлкеде талы жайқалып өсіп бой түзесе,
ал өзінің ерекше бір тұсы өзен суларының бойында әсемдік беріп
тұрған талдардың көрінісімен аталып кетті.Біздің ауылдың табиғаты
көркем, халықтың күн көріп отырған кәсібі – мал шаруашылығы мен
егін шаруашылығы. Әр үйде төрт түлігі сай пенденің көңілі де тоқ.
Өйткені, менің өлкемнің шөбі шүйгін, өзендері тап – таза. Осы
орайда өзімнің әлі сиясы кеппеген туған өлкеме мына өлең жолдарын
арнаймын:
Талдығым менің кең
дала,
Жап – жасыл ғой
айнала.
Табиғаты қандай
тамаша,
Көз тоймайды қараса. –
демекші, менің өлкеме деген махаббатым
шексіз.
Менің Қазақстаным деп
жайбарақат айта салу қиын. Оны айтқанда әр адамның бойын ерекше
сезім билеуі, санада ерекше бір жарқын
сезім жалт ете түсуі тиіс. Отан деп естігенде ел
мен жерге деген махаббат оянуы, туған халқың мен туған елің
алдындағы перзенттік парызың жайлы ойлар оралуы тиіс. Сол себептен
оптимистік пен патриоттыққа бастайтын, баулитын айбынды азаматтық
рухы бар жастарды тәрбиелеп, отан туралы үгіт, насихат жұмыстарын
үзбей орындау міндет. Бүгінгі таңда киелі Қазақ елі нығайуы үшін әр
қайсысы елі үшін соғатын жүрегі, құрметтейтін сезімі, дұрыс ойы,
еліне пайдалы құмар ісі, бір біріне деген құрметі, заңын ережесін
сақтауы тиіс, сонда ғана елімізді өркендетуге деген жол
ашылады.Сондықтан әр азамат өз елінің патриоты болу үшін тиісті
шарттарды есте ұстап жүруі парыз.