Материалдар / Туған өлке гүлдері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Туған өлке гүлдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиеттік оқу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қаңтар 2021
879
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК



«Бекітемін»_______ Колледждіңәдіскері:

Ахметова А.К.

«Келісемін»_______ Сынып жетекшісі:

Магзумова А. Н.


САБАҚ ЖОСПАРЫ

ТАҚЫРЫБЫ: «ТУҒАН ӨЛКЕ ГҮЛДЕРІ

Өтетін орны: КММ«Бөдене орта мектебі»

Сынып: 3

Мерзімі: 17.09.2020 жыл

Тобы: 310

Машықкер: Жанабаланова Сая

Баға:«__»___________









Семей, 2020 жыл



Тақырыбы:

Туған өлке гүлдері

Күні, айы: 17.09.2020 жыл

Машықкердің аты-жөні: Жанабаланова Сая

Сынып: 3

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу мақсаты:

3.1.5.1 – өз ойы мен сезімін көркем бейнелі сөздерді қолдана отырып, жеткізу.

Сабақ нәтижесі:

Барлық оқушылар:мәтіндегі негізгі ой мен тақырып туралы түсініктерін жазба жұмыстар арқылы бекітеді.

Оқушылардың басым бөлігі:топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сүраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар:білімді сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, тапсырмалар.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік, рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану. Көркем еңбек.

Сабақтың барысы

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы





















Ұйымдастыру кезеңі:

  • амандасу;

  • түгендеу;

  • танысу: Мен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 3 курс машықкері Жанабаланова Сая Дулатовна. Бүгінгі әдебиеттік оқу сабағын мен жүргізетін боламын. Олай болса бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастайық!

  • психологиялық даярлық:«Күн жылуы». Балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, менің артымнан көрсеткен іс-қимылдарды қайталаймыз.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Бола кетер сонда дереу жан-жағым!

  • Жақсы балалар, орындарына жайғасыңдар.


Үй тапсырмасын тексеру: ( 23 бет, №6 тапсырма)








Сабақтың ортасы







































Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Жұмыс ережесін келісу

  • Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!

  • Уақытты үнемдейміз!

  • Нақты,дәл жауап береміз!

  • Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!

  • Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!

1-тапсырма. Осы пікірдің дұрыстығын дәлелде. Туған өлкем гүлдерменен көрікті. Өйткені

1. …

2. …

3. …


2-тапсырма. Өлеңді тыңда. «Гүлдер» Автормен танысу айдары. Т. Молдағалиев


Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

«Жайнар кезім келеді» деп,

Қанаттарың желбіреп,

Таңмен бірге оянып,

Күн нұрына боянып,

Көрік бердің далаға.


Гүлдер, гүлдер, не түрлі

Құлпырды да жетілді.

Барлық дала өртеніп

Бара жатқан секілді.

Өрт дегенім гүл екен,

Отқа ұқсап тұр екен.

Лүпіл қағып жүрегім,

Үзіп алдым біреуін,

Сыйлайын деп анама.


Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып,

Сол түрғаның үнайды,

Құлпырғаның ұнайды,

Ұқсап сәби балаға.

Тұманбай Молдағалиев - ақын, аудармашы. ( 1935 – 2011 ) Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Жарсу ауылында туған. Балаларға арналған «Жаңа дәптер» және т.б. өлең жинақтары бар. Халық арасында кең тараған «Құстар қайтып барады», «Шақырады көктем» әндерінің сөзін жазған.

3-тапсырма. Анаңа, ұстазыңа және досыңа сыйлайтын гүлдердің көркем бейнелі сөздердің көмегімен сипаттама бер.

Үйге тапсырма: 25 бет, №5

Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.













Белсенді оқу тапсырмалары.


Сабақтың соңы


Кері байланыс:

- Балалар бүгінгі сабақ қызықты өтті ме?

- Не түсіндіңдер?

- Не түсінбедіңдер?

Рефлексия: «Бағдаршам»




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!