жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Туған өлке тарихы мен Қазақ хандығы
«Бекітемін»
«Арнайы пәндер» жетекшісі
_____________Назарова Ш.Е.
«______»_______________»2019
Сабақ жоспары
Күні:
Оқу тобы: Т-181
Сабақтың тақырыбы: Туған өлке тарихы мен Қазақ хандығы
Сабақтың мақсаты: Білімгерлерді өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, сыни тұрғыда ойлау қабілетін дамыту. Ойларын еркін айтуға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Білімділігі: Оқушылар қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан - жақты танысады және өз туған ( өлкесінің тарихымен таныстыру;
Дамытушылығы: Тарихи мәліметтерді оқу арқылы қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағала қабілеттері қалыптасады, ізденуге және жеке шығармашылық қабілеттерін арттыру;
Тәрбиелігі: Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен таныса отырып, қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына назар аударып, адамгершілікке, елін, туған жерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, ауызша, жазбаша.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар:. Хандардың суреттері, постер, стикер т.б
Сабақтың өту барысы
Реттік № |
Сабақ өту кезеңі |
Мазмұны |
1 |
Ұйымдастыру кезеңі
|
Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу. |
2 |
Өткен сабақтар білім деңгейлерін тексеру (үй тапсырмасын сұрау) |
|
3 |
Жаңа сабақты меңгерту (материалды) түсіндіру |
|
4 |
Өтілген сабақты (материалды) бекіту |
|
5 |
Үйге тапсырма |
Туған өлке тарихы мен Қазақ хандығы тақырыбын оқып,түсінік айту. |
6 |
Сабақ/оқу қортындысын жасау, бағалау |
Білім алушылардың дайындығына, білімдеріне қарай бағалау. |
Оқытушы: Байдолла Айжан Әбдірахманқызы
Сабақтың өту барысы
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.
А) Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалағын қадағалау
Б) Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс.
Д) «Қасым хан», «Хақназар хан», «Тәуекел хан» тарихи тұлғалар арқылы оқушылар үш топқа топтастырылады
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: : Демографиялық деректердің маңызы
А) түсінік, сұрақ - жауап
Б) «Мен білемін» ойыны сұрақ- жауап
Жаңа тақырыпты меңгерту
Қазақ хандығы — бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың территориясында 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген мемлекет.[1] Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгітерриторияны, Сырдария мен Амударияөзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген монархияға негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.Қазақ хандығының тұңғыш ханы - Керей, соңғы ханы - Кенесары ҚасымұлыҚазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж)
Үш топқа сұрақ – жауап қойылып сабақ жарыс түрінде өткізіледі. І. Сұрақ - жауап
«Қасым хан» тобына
1. Қазақ хандығына неше жыл толды? 550 жыл
2. Қазақ хандығының атақты хандары кімдер? / Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке
3. Қазақ хандығының іргесін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
4. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті? (Әбілхайыр хандығынан)
5. Қасым хан кімнің баласы? (Жәнібектің)
6. Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері? (Қозыбасы, Батыс Жетісу)
7. Жәнібек пен Керейге жер беруші хан? (Есенбұға)
«Хақназар хан» тобына
8. Қасым ханның заңы қалай аталды? («Қасым ханның қасқа жолы»)
9. « Қасым хан тұсында қазақ хандығының астанасы қай қала болды?» (Түркістан)
10. Аңыз бойынша қазақ хандығының арғы атасы болып кім саналады? (Алаш)
11. Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? (Жошы)
12. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (Мұхаммед Хайдар Дулати)
13. Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдар (Есім ханның Ескі жолы)
14. Қазақ сөзінің мағынасы (бостандық сүйгіш, ержүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді)
«Тәуекел хан» тобына
15.«Дарабоз» атанған батыр (Қабанбай)
16. XVIIғ. 80 - жылдары қай хан Ресейге 5 елші жіберді? (Тәуке хан)
17. Қазақ хандығының алғашқы территориясы қандай? /Шу - Талас /
18. Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан? /Дешті - Қыпшақ/
19. Есен бұға қай елдің билеушісі? /Моғолстан/
20. Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес елі қандай хандық? /Сібір хандығы/
21. Елшілер Семен Мальцев және Третьяк Чебуков қай елден келді? /Орыс мемлекеті/
Түсіну «Ойлан, жұптас, бөліс».
II. Жасырын ұяшық. Тақтада 3 түрлі тақырыпта тапсырмалар берілген.
Жауап берген оқушы ұпай санына ие болады.
Хандар 10 20 30
Билер 10 20 30
Батырлар 10 20 30
Хандар
10 - Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
20 - «Жеті - Жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)
30 - Жәнібек ханның баласы. Бұл ханның кезінде Қазақ мемлекеті халқының саны 1млн - ға жетті (Қасым хан)
Билер
10 - Ұлы жүздің биі (Төле би)
20 - 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген би (Қазыбек би)
30 - 93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген би (Төле би)
Батырлар
10 - Қабанбай батырдың шын есімі (Ерасыл)
20 - Түркістан өңірінде, Бөген өзенінің жағасында дүниеге келген батыр (Бөгенбай батыр)
30 - Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев бұл батырдың ерлігін дастанында жақсы бейнелеген (Батыр Баян)
Жаңа сабақты жинақтау: Тестпен жұмыс. тест тапсырмалары беріледі
1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:
A) Әбілхайыр мен Әбілмәмбет B) Жәнібек пен Жолбарыс C) Керей мен Жәнібек D) Есім мен Тұрсын E) Қасым мен Тұрсын
2. Қазақ хандығының құрылған уақыты
А) 1458 - 1460 ж. В) 1465 - 1466 ж. С) 1466 - 1467 ж. D) 1468 - 1469 ж. Е) 1470 - 1471 ж.
3. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы:
A) Бұрындық хан B) Қасым хан C) Хақназар хан D) Есім хан E) Тақыр хан
4. Хақназар хан билеген жылдар:
A) 1480 - 1511 B) 1523 - 1532 C) 1524 – 1537 D) 1532 – 1538 E) 1538 - 1580
5. Баба сұтанның астыртын жіберген адамдарды Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл:
A) 1578 B) 1579 C) 1580 D) 1582 E) 1589
6. Хақназар хан өлгеннен кейін хан тағына отырған Жәнібек ханның немере інісі 80ге келген:
A) Шығай хан B) Тәуекел хан C) Есім хан D) Тұрсын хан E) Тәуке хан
7. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:
A) 1581 B) 1582 C) 1583 D) 1584 E) 1585
8. Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:
A) 1588 B) 1590 C) 1596 D) 1598 E) 1599
9. Есім ханның билік құрған жылдары:
A) 1511 - 1518 B) 1523 - 1532 C) 1532 - 1537 D) 1598 - 1628 E) 1580 - 1582
10. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:
A) 1625 B) 1626 C) 1627 D) 1629 E) 1630Қорытындылау: Әр топ өз ойларымен қысқаша түрде қорытындылау.
«Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.Үйге тапсырма:
1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
2. «Сыр өңірінен шыққан хандар» тақырыбына эссе жазу
Бағалау Рефлексия. «Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген